Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет224/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   446
176 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
мағыналарының кеңеюі, жіктеліп, саралануы 
нәтижесінде мағыналық байланысы бар сөз-
дер тілдің сөздік құрамын бірте-бірте молайт-
қан дегенін қолдаймыз. 
Сын есімнің тарихи табиғаты, сипаты өте 
қызық. Баға берушілік қабілеті бар, сын-сапаны 
білдіретін сөздерді адамдар көбірек пайдала-
нады. Себебі бір затты көргенде немесе бір 
құбылысты байқағанда адам миына сигнал 
барып, өзі көріп тұрған зат пен құбылыс- 
тың ерекше белгілерін жинақтайды. Ол бел-
гілер сыртқа сөз арқылы шығып, таңбала- 
нады.
Қазіргі тіліміздегі конверсиялық жолмен 
жасалған сөздердің табиғатын ашуда құры-
лымдық жақтан қарастыру жеткіліксіз. Бұл 
тәсілдің айқын сипаты тек семантикалық қы-
рын тануда ғана ж‰зеге асатын іс. Ал аффик-
сация тәсілі арқылы пайда болған сын есімдер 
жайлы конверсиялық тәсілдің сын-сапалану 
процесін зерттеген Ж.Т.Сарбалаев: “Адъекти-
вация тәсілі арқылы сөз жасау, яғни сын есім-
нің басқа сөз таптарынан ауысып келген сөз-
дер арқылы толығуы сын есімнің сөзжасам 
ж‰йесінде аффиксация тәсілі пайда болған- 
нан кейін бәсеңдеген”, – деп жазды [4]. Қа-
зіргі тіліміздегі сын есім жасайтын аффикстер-
дің көп болуы, өнімділігі осының айғағы.
Тіліміздің сөздік қорында сандық мағы-
наны беретін сөздер ерекше тұрады. Себебі 
тек сөзбен ғана емес, цифрмен белгіленіп, ма-
тематиканың да зерттеу нысаны болуында деп 
ойлаймыз. Қазақ тіліндегі сан есімдер жайлы 
еңбек арнаған ғалым Ә.Хасенов: “…сандық 
семантикалы есімдер мен сөз тіркестері, т‰рік 
тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есім-
дерден бөлініп шықты” деген жорамал ай-
тады. Сандық мағынадағы сөздердің мән-
жайы, сипаты туралы әр т‰рлі болжамдар ай-
тылады. Мысалы “Сравнительно-историческая 
грамматика тюркских языков” (1986) атты 
кітапта сандану процесі тек сандық, көлемдік, 
мөлшерлік ұғымды зат есімдердің қолда-
нылуы деп т‰сіндіріледі. Сандық мағыналы 
сөздердің дербес сөз табы болып қалыптасуы 
жайлы профессор М.Томанов былай деп 
жазды: “Бір кезде зат пен қимыл, әрекетті біл-
дірген сөздердің кейбірі адам баласының ай-
наладағы д‰ние жайлы ұғымдарының диффе-
ренциялануына адам ойының интеллектуал-
дық өсуіне байланысты сан, зат пен құбы-
лыстың сандық мөлшерін, шамасын білдіре 
бастауы әсте жат құбылыс емес. Екінші жағы-
нан, басқа сөз таптарынан сандық мән алып,
сан есімге ауысқан т‰бірлер тілдің даму 
барысында өзара бірігу жолымен немесе аф-
фикстер арқылы к‰рделеніп отырған”. Қазіргі 
қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам ж‰йесін 
жеке зерттеу нысаны ретінде қарастырған 
ғалым Н.Оралбаева жалпы сөзжасамда сан 
есімнің жасалуында семантикалық тәсілдің 
бар екендігін жазады. Аталған сөзжасамның 
тәсілі еңбекте арнайы сөз болмайды.
Сандық атаулар заттық, қимылдық атау-
лардың макросемаларынан жіктелген. Ұш ~ 
ұш ~ ұш және ‰ш ~ ‰ш сөздерінің транспози-
цияланып, семантикалық тәсіл арқылы дамуы. 
‡ш. Сан. Екіден кейінгі есептік сан [ҚТТС].
“‡ш” сандық мағыналы сөздің негізінде 
қазақ тілінде синтетикалық тәсіл арқылы 
‰шем, ‰шеу, ‰шкіл, ‰шкілсіз, ‰шкілтім, ‰штік 
сынды туынды сөздер пайда болып, сөзжа-
самдық тізбек құрайды. Көне т‰ркі тілінде
“уч” сөзі сандық ‰ш мағынасын берген. “‡ш” 
сан есімі тілдің екі сипатында ешқандай 
мағыналық дамуға т‰спеген.
М. Қашқари сөздігінде: Уч 1. Тау ағашы.
2. Заттың ұшы. 3. Бір нәрсенің бітуі, шегі.
4. а) ұшу, ә) өлу, б) жығылу, в) өшу, сөну мағына-
лары таралған. ‡ш-уч-‰ч тұлғаларының мағы-
налық тығыз байланыста екендігін білеміз. 
Біздіңше, ‰ш сандық мағыналы сөздің алғаш-
қы көне мағынасы ұш – заттың ұшы атаулық 
мағынасы болған. ‡ш – уч – ‰ч – ұш тұлғалары 
бір-біріне себепші негіз болып мағыналық 
байланысқа т‰скен. Мысалы, ‰ш саны - ‰ш 
н‰ктенің бірігуінен пайда болған. М. Қашқари 
сөздігіндегі уч - тау ағашы – жоғарыда, ‰ш
н‰ктенің т‰йіскен жерінде шыққаны ‰шін зат 
атауы болып қалыптасқан. Ал уч – шекаралық 
аудан – ауыс мағынасында заттың ұшы, шегі, 
шеті мағынасының негізінде пайда болған. 
Уч 4. Бір нәрсенің бітуі, шегі мағынасы Уч 3 
семасынан тарап тұр. Уч 5. – ұшу мағынасы, 
биікке көтерілу семасымен қоса антонимдік 
мағына да бар. Ұшу – ұшып т‰су – яғни белгілі
бір шекке жетіп құлау. Мысалы, мұрттай 
ұшты –құлады. Жығылу, өлу, өшу, сыну – 
мағыналық қырлары осы ұшып т‰су мағы-
насынан тарап тұр. Сандық мағынадағы “‰ш-
те” – ‰ш н‰кте т‰йіседі, “ұшатауында ‰ш 
н‰кте т‰йісіп, заттың, нәрсенің шетін, 
шегін, бір н‰ктесін көрсетеді. Демек, “‰ш” 
сан есімі - ‰ш н‰ктенің бірігуі мен “ұш” – бір 
нәрсенің ұшы – бір құбылыстың атауы. Зат-
тық мағына уақыт өте келе сандық мағынаға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет