Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет237/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 187 
тұлға. Негізгі тұлғалар бағыныңқының баян-
дауышын жасауға жалаң т‰рде қатысады (–п, 
–ып, –іп, –а, –е, –й, –стын т.б), сонымен бірге 
‰стеме қосымшаларды жалғап қатысатыны (
сам, –саң, –ғанда, –ған соң, –ысы мен т.б) бар 
[3, 69]. 
«Сабақтас құрмалас сөйлемдер осы атал-
ған негізгі грамматикалық формалардың қаты-
суына қарай мына т‰рлерге бөлінеді: 
Етістіктің көсемше формаларының қаты-
суымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлем-
дер. 
Етістіктің есімше формаларының қатысуы-
мен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер. 
Етістіктің шартты рай формаларының қа-
тысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөй-
лемдер. 
Етістіктің қимыл есім формаларының қа-
тысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөй-
лемдер» [3, 69]. 
Осылардың ішінде біздің тақырыбымызға 
қажеттісі етістіктің қимыл есім формала-
рының қатысуымен жасалған сабақтас құр-
малас сөйлемдер. Авторлар сабақтас құрма-
ластың қимыл есім формалары арқылы жаса-
луына арнайы тоқталады. Бұл еңбекте қимыл 
есімі сабақтас құрмалас сөйлемнің жай сөй-
лемдерін байланыстырушы форма ретінде қа-
лай берілгендігіне және алдыңғы еңбектерден 
несімен өзгешеленетіндігіне назар салайық: 
«Қимыл есім формаларынан сабақтас құр-
малас сөйлемдерді құруға қатысатындары ре-
тінде бұл тұста –у, –ыс, –іс тұлғаларын атай-
мыз. 
–ыс, –іс, –с тұлғалы қимыл атауы (к‰ліс, 
атыс) тәуелденіп көмектес септік жалғауын 
жалғап, бағыныңқы компоненттің баяндау-
ышы ретінде жұмсалады да (барыс–ы –мен) 
бағыныңқы компонентті мезгілдік қатынасқа 
т‰сіреді. Ж‰к т‰сісімен, оны қоймаға тасы-
дық. К‰н шығысымен, бұлт ыдырай бастады. 
Бұл конструкцияларда бағыныңқы компо-
нент бір оқиғаны басыңқы хабарлаған оқиға-
ның басталуына, ж‰зеге асуына мезгілдік 
меже ретінде атайды. 
Қимыл есімдер етістікті предикативтік қыз-
метке жетудің негізі болған. 
Қимылды атайтын сөздер есім ретінде тәу-
елдік жалғауды қабылдап баяндауыш қыз-
метінде бастауышпен грамматикалық (преди-
кативтік) байланысқа т‰скен. 
–у тұлғалы қимыл есім (сөйлеу, ж‰ру) ‰шін 
септеулігін қатыстырып, бағыныңқы ком-
поненттің баяндауышы ретінде жұмсалады да, 
бағыныңқы компонент пен басыңқы компо-
нентті мақсат мағыналы қатынасқа т‰сіреді. 
К‰зетші сезіп қалмау ‰шін, біз жыраның 
ішімен еңбектеп кеттік
(Қ. Қайсенов). Су тегіс жайылу ‰шін,
сушы оны шелдеп ж‰ргізді. Затында баланы 
жек көргендіктен емес, ерімен екі ортасын-
дағы жібектей нәзік махаббат жібі ‰зілмеу 
‰шін, екі жанды бір-біріне қоса берген иман-
нан да ізгі махаббатқа басқа бір жан келіп, 
жік салмау ‰шін, бала болмауын тілеп еді 
Шолпан (М. Жұмабаев). 
Бұл конструкцияда бағыныңқы компонент 
басыңқы компонент атаған оқиғаның болуы-
на, ж‰зеге асуына себеп, мақсат болатын оқи-
ғаны, іс- әрекетті хабарлайды» [3, 88-89]. 
Еңбекке жіті назар аударғанда байқайты-
нымыз, авторлар қимыл есімінің сабақтас құр-
малас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баян-
дауышы қызметінде жұмсалатынын дұрыс көр-
сеткенімен, қимыл есімінің тек ‰шін шылауы-
мен т‰йдектеліп келіп, баяндауыш болатынын 
айтумен ғана шектеледі.  
Қимыл есімдері сабақтас құрмалас сөйлем-
дердің баяндауышы болуы ‰шін, оларға т‰рлі 
шылаулар т‰йдектелуі қажет. Жинастырған 
материалдарымыз негізінде қимыл есімді са-
бақтас құрмалас сөйлемдердің жасалуына 
қатысып, қимыл есімдеріне т‰йдектелетін 11 
көмекші сөзді (‰шін, қатар, т‰гіл, себебі, се-
бепті, басқа, бірге, бұрын, гөрі, орнына, боп

анықтадық. Енді әр көмекші сөзді жекелеп, 
мысалмен дәлелдейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет