Алматы №1 (135) 2012


Т‰неуг‰ні//бұрнағы к‰ні//т‰неугі



Pdf көрінісі
бет235/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   446
Т‰неуг‰ні//бұрнағы к‰ні//т‰неугі. Бұдан 
бірнеше к‰н бұрын. 
Т‰неуг‰ні әңгімені Айғыз өз құлағымен ес-
тіген (Қ.Исабаев). Ол бұрнағы к‰ні осында
келіп кеткен (ауызекі тіл). Ендеше жылқышы
Ермекбайдың т‰неугі айтқанына мән бер-
меуге бол ма (Р.Тоқтаров). 
Шамасынша//шама-шарқынша. Әлі кел-
генше, к‰йі жеткенше.
Тік т‰регеліп торды ұстап, өз шамасынша 
тартып қарады (Қ.Қайсенов). Осы ауылдағы 
бас көтерер азамматтар шама-шарқынша қа-
ражат қоспақшы (Б.Тоғысбаев). 
Өңі қашу//өңезу. 
Көңілдегі көрікті ой қағазға т‰скенде өңе-
зіп, өңі қашып кетеді (Б.Соқпақбаев). 
Қу тілді/қуақы/қушыкеш. Айлалы, қуақы-
лана сөйлейтін кісі. 
Әкесі қу тілді, к‰лдіргі кісі екен (Ауызекі 
тіл). Қақпа алдында тұрған қаба сақалды 
қуақы шал Кеңесті тоқтатты (М.Иманжанов). 
Өнер тойы болғандықтан, ақындарды, жез-
таңдай әншілерді, қушыкеш к‰лдіргіштерді 
шақырған («Жұлдыз»). 
Алмақсың ба// алмақпысың. Бір затты, 
нәрсені өзіне алу. 
Көйлекті келіншегіңе сатып алмақсың ба? 
(«Лениншіл жас»). Ж‰ре беріңдер, төтенше 
жетектеп алмақпысыңдар. (З.Иманбаев). 
Не қылып//неғып. Не әрекет жасап, не 
істеп. 
Кешеден бәрі қандай істі тындырып, не қы-
лып жатқандарыңды айтыңдаршы
,- деп сұрады 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 185 
(«Лен.жас»). Бұл ‰йде Сара бар ма, отыр неғып, 
Қарсы ұшпай тоты құстай қанат қағып (Біржан). 
Не қылып/неғып/нағып. Не әрекет жа-
сап, не істеп 
Не қылып, не қойғанын өзі де білмейді 
(«Жалын»). Неғып ербиіп тұрсың? (С.Талжа-
нов). Жапан т‰зде нағып ж‰рсің? (Батырлар 
жыры). 
Сұраулы сөйлем хабарлы сөйлем арқылы
берілетін ойды білдіріп, баяндауыштың ұйыт-
қы боларлық қызметінің арқасында сөйлем-
дер өзара вариант болады. 
Сіңісу құбылысының әсерінен кейбір жеке 
дыбыстар, буындар тек т‰бір сөздердің құра-
мынан емес, сөз тіркестерінен де т‰сіріліп ай-
тылады. Екі т‰бір сөз бір-біріне кірігіп, ажы-
рамастай болып кеткен. Сіңіскен сөз тіркес-
тері мен кіріккен сөздер ықшамдалып, жаңа 
мағынаға ие болған сөздер аралас келіп ва-
риант қатарларын құрайды. 
Сөз тіркестері мен жалғаулық шылаулар-
дың өзгерісінен жасалған сөз варианттарының 
өзіндік даму сатылары ерекше назар ауда-
рады, болашақта да зерттеу нысаны бола ала-
ды. Сөз тіркестерінің жергілікті ерекшелік-
терге тән т‰рлері де көптеп кездеседі, бірақ 
олар әдеби тілдің өлшеміне жатпайды. Сөз
бен сөздің тіркесу м‰мкіндігінің шегі бар.
Есім сөз бен етістіктің, кейбір сын есім мен
көмекші етістіктің, шылау мен көмекші сөз-
дердің тіркесу тәсілі жан-жақты. Тілдің да-
мып, қоғамдық қызметінің артуымен сөз тір-
кестері де молығып, ішінара өзгеріске ұшы- 
райтыны байқалады. Сөз тіркесіндегі сөздер-
дің білдірер мағынасының логикалық ойға 
қайшы келмеуі олардың әдеби тілде орнығуы-
на белгілі дәрежеде әсер етеді. Сондай-ақ 
меңгеру амалымен құрылған етістікті сөз тір-
кестерінің вариант болып жұмсалуы, бір сеп-
тіктің орнына екінші септіктің алмасып жұм-
салуы норма тұрғысынан айқындалады. 
Синтаксистік варианттар дегеніміз белгілі 
тілдік формалар мен құрылымдарды қалай 
болса солай алмастыру болып шықпайды, қай-
та сол формалар мен құрылымдарды мақсат-
қа сәйкестендіріп, құбылта, құлпырта қолдану 
болып табылады. 
______________ 
1. Ысқақов.А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Ана тілі, 
1991, -384 б. 
2. Лукьянова Н.А. Однокоренные синонимы и ва-
рианты слова. Синонимия в языке и речи. Новосибирск, 
1970, С.151-163 
3. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. –Алматы, 
1969.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет