Алматы №1 (135) 2012


Мекей көже – ж‰геріден жасалған көже т‰рі.  Кеспе көже



Pdf көрінісі
бет298/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   446
Мекей көже – ж‰геріден жасалған көже т‰рі. 
Кеспе көже – нанды жайып, жіңішкелеп кесіп 
жасаған тамақ. Жыл көже – наурыз көже. Ер-
нар, ж‰рсей ‰йге, жыл көже ішейік. Теңге
жапырақ – қамырды оқтаумен қалыңдау етіп 
жайып, төрт бұрыштап кесіп жасаған тамақ 
т‰рі. С‰тк‰ріш – с‰т пен к‰ріштен жасалған 
тағам т‰рі. С‰тк‰рішті жасағанда к‰рішті суға 
қайнатады. Су бойына тартқанда с‰т құяды. 
Одан соң ‰стіне сарымай салады. С‰тк‰ріш 
қою болады. Сырк‰ріш – к‰рішті с‰тке қай-
натып, бетіне май салған тамақ. Шәуле – етті 
майдалап турап, қуырып, асығыста к‰ріштен 
жасайтын тағам т‰рі. Нан салма – қамырды 
жайып, бетіне сарымайды к‰йдіріп құйып жа-
саған тамақ. Майқамыр – қамырды жайып, 
суға пісіріп, қамыр ‰стіне өз алдына жеке пісі-
рілген картоп, ет т.б. майымен құйып жасаған 
тамақ. Біздің ауыл көбінесе майқамыр жейді. 
Ханым – қамырды жұқалап жайып, бетіне 
май жағып, ‰стіне туралған етті сеуіп, қамыр-
ды орап мәнті қазанға пісіретін тағам т‰рі. Б‰-
гін ханым тамақ пісірейік. Ара – тұра ханым 
пісіріп отырады. Қайшаш – майқамыр. Мен 
келсем, ‰йдегілер қайшаш жеп отыр екен. Ту-
рамыш – етті де, қамырды да ірілеу етіп тура-
ған ет. Тұшпара – пельмен, (өзб. чучвара). На-
рын – етін де, нанын да ұсақтап турап жаса-
ған тағам т‰рі. Нарын көбінесе ауызашарда 
жасалады. М‰йдің деген кісі қонаққа барған-
да, нарын беріпті. Сонда: Иқандық берді на-
рын, Қалған, құтқан турап барын. Тойсаң да, 
тоймасаң да осы Шұрқырамай жата бер, қа-
рын – Аумин, аллау акбар! – деп бата берген 
екен.  Ұстаған. 1. Тураған еттен бұрын беріле-
тін етті с‰йек. 2. Етті және жұқа нанды ұсақ-
тап турап, ‰стіне сорпа құйып жасаған тамақ. 
Жақана - т‰ннен қалған кесек ет. Таңертең 
жақанамен шай іш. Жұқпа нан –жұқа жайы-
лып, қатты қыздырылған қазанға пісіреді. 
Жұқпа нан пісіргенде нанды жұқпалап жаяды 
да, қатты пісірмей – ақ, ары – бері аударыс-
тырып тұралы. Жұқпа нанды кейін турап с‰т-
ке не айранға салып жейді. Ботқа – к‰ріштен 
жасалған қою тамақ. Быламық – ұнды қазанға 
қыздырып алып қойып, қазанға май қызды-
рып, су құйып ‰стіне ұн салып пісірген тағам 
т‰рі. Мұны Қазақстанның кей жерлерінде 
атала деп атайды. Мипалау. 1. Жамбастың 
майлы етінен жұқалап турап алып, бауырды 
бір қайнатып, жұмсақ т‰рінде алады да, қой 
құйрығын ұсақтап, құс тіл қып турап жасаған 
тағам. Мұндай мипалауды қоңырат, арқа қ-
азақтары жасайды. 2. Қойдың миын алып, 
бастың құйқасын ұсақтап турап жасаған т‰рі. 
Бұқтырма – тағам т‰рі. Әжем ‰йі қой сойып 
еді, жеңгем жас еттен бұқтырма жасады. Жы-
лытпа. 1. Кешеден, өткен к‰ннен қалған ас. 
Мен барғанда ол жылытпа ішіп отыр екен. 2. 
Жеңіл – желпі тамақ т‰рі. Кешке бір жылытпа 
істей сал. Шегілген ет – еттің майдалануы, 
ұсақтап тураған ет. Ханым жасағанда, жұқа-
лап жайған қамырға май жағып, шегілген етті 
сеуіп, қамырды орап жасайды. Шекпе қамыр - 
шегілген етті өз алдына суға пісіріп алған қа-
мырдың ‰стіне кесіп жасайтын қамыр тамақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет