Алматы №1 (135) 2012


Ашытпа – бидай, ж‰гері, к‰ріш т.б. ашытып  жасаған сусын. Ежігей



Pdf көрінісі
бет299/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   446
Ашытпа – бидай, ж‰гері, к‰ріш т.б. ашытып 
жасаған сусын. Ежігей – құрт пен ірімшік 
қоспасынеан жасалған құрт. Шалап – айранға 
су құйып жасаған сусын. Шөлдегенде ішетін 
шалап жасағанда айранға су қосып қырық бір 
рет сапырады. Сұйық айран – айранды пісіп, 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 239 
майын алғаннан кейінгі айран. Қамыр – етке 
салатын нан. Апам еттің қамырын тегіс етіп 
жаяды.
Қазақ тілінің сөйленістерінде бұл сөздің
жайма нан, құлақ нан (Көкш.), шелпек (Сем., 
Ш.Қаз.), іңкәл (Орал), кісе нан, қамыс нан 
(Т‰ркм., Гур.) тәрізді баламалары бар. Өзбек 
тілінде – хамыр (узб. – рус.сл. 497, қырғыз 
тілінде – қамыр (кирг. – рус.сл. 319). Зуала – 
жаю ‰шін немесе нан пісіруге дайындаған
қамыр бөлегі, т‰ркменше – зувала (т‰ркм. – 
рус.сл.), өзбекше – зувала (узб.- рус.сл.), қара-
қалпақша – зууала (карак. – рус. сл.). 
Қызылдәрі – қызыл бұрыш. Пиалаға 
жылы к‰л салып, ұш жеріне қызылдәрі салып, 
ішке басады. Келімдәрі – қызыл бұрыш. 
Тамақтың келімдәрісі көп қосылып кетіпті. 
Қамбая // қампия – нан ашытқы. Қамбая-
мен ашыған наннан ‰зіп алып, ұнға салып 
қояды. Таба нан – табаға пісірген нан. Тан-
дыр нан – тандырға пісірген нан. Қазан жап-
па – ашытып қазанға пісірген нан. Қазан жап-
па жұмсақ болады. Көмеш – табаға пісірген 
нан. К‰л көмеш шоққа, қоза – паяға көміп 
пісіген нан. Пәтір – ашытпай пісірген нан. Пә-
тірді қазанға да, тандырға да жабады. Қара-
қалпақ тілінде пәтир деп ашытпай жапқан 
нанды да айтады (карак. – рус.сл. 1958), өз-
бекше – патир (узб. – рус. сл. 1959, 322), қыр-
ғызша – патир (кирг. – рус.сл. 1965)). 
Қаттама – қабаттап пісірген нанның бір 
т‰рі. Қаттаманы нанды ‰лкен етіп жайып, ара-
сына май жағып, орап плитаға табаны қызды-
рып пісіреді. 
Шелпек – майға пісірген нан. Тоқаш. 1. 
Бауырсақ, қазір тоқаш пісіреміз; 2. Шиыр-
шықтап дөңгелектеп кескен бауырсақ т‰рі. 
Бармақ бауырсақ – бармақтай – бармақтай етіп 
кесіп жасаған бауырсақ т‰рі. Б‰кпе бауырсақ
- арасына бір нәрсе (ет т.б.) салып пісірген 
бауырсақ т‰рі. Ши бауырсақ – жіңішке етіп 
кескен бауырсақ т‰рі. Ши бауырсақты майда-
лап кесіп пісіреді. 
Қиғаш бауырсақ – қиғаштап кесіп жасаған 
бауырсақ т‰рі. 
К‰лше – нанның кішкенесі. Базарк‰л бал-
дарға арнап к‰лше жауыпты. 
Қатырма – нанды дөңгелентіп, өте жұқа 
етіп жайып, қазанды баппен қыздырып, соған 
пісіргшен нан. Қатырма жасағанда қызып тұр-
ған қазанға нанды салып, одан соң екінші бе-
тіне аударып пісіреді. Қатырманы ораза кезін-
де көп дайындайды. Оны ыстық с‰тке салып 
жейді. Қатырма тоқ тамақ болып есептеледі. 
Қамыр жаю – нан жаю. Қамыр жайып 
отыр едім, олар ‰йге кіріп келді. 
Зағара – ж‰геріден жасалған нан. 
Сумай // пісте май – өсімдік майы. Базар-
дан сумай ала келші. 
Пәміл шәй – таза ‰нді шәйі. Пәміл шәйден 
сатып ал. ‡ндінің пәміл шәйін ішіп, шөліміз бір 
қанды – ау. Шырағым, пәміл шәйден демдеші. 
Сыр шәй – с‰т қосқан шәй. Атамыз сыр 
шәйді жақсы көретін еді. 
Кебек – ұнды елегенде қалған ірісі. Ұрпақ 
– жайылған қамыр бетіне себілетін ұн. Әлеп - 
кебеп, ұрпақ. 
Қымыран – шұбат. Қымыран бабында екен. 
Шикі қаймақ – шикі с‰т беті, кілегей. Кіле-
гей сөзі бұл жерде сирек айтылады. Қаймақ.
1. Шикі с‰т беті 2. Пісірген с‰т беті. 
Піскен айран – айранды к‰біге құйып, 
пісіп майын алған айран. Піскен айранды 
ысытып, с‰збе дорбаға құй. (Оранғ.). 
Ілмек – с‰ттің бетіндегі қаймағы. Б‰гін іл-
мек қою тұрыпты. 
Ақта – с‰тті қарынға құйып, ꉉннің қы-
зуымен ұйытылған айран. 
Сықпа құрт – қолмен сығып жасаған құрт 
т‰рі. Т‰йе құрт - т‰йе с‰тінен жасалған құрт. 
Мәндір – қозы уызының ұлтабар ішіндегі 
мәйегі. 
Сірне – ірімшіктің сарысуынан жасалған 
тағам. Сірне жасағанда с‰тті ‰лкен қазанға 
жылытып, қозы уызының мәйегін тамызып 
ұйытады. С‰т айранға айналғанда қайнатады, 
одан сарысуы бөлінеді де аппақ ірімшікке 
айналады. Аппақ ірімшің көп қайнаған соң 
сарғаяды. Оны бөлек салып алып, қалған суды 
әбден қайнатады. Ол қою болып, т‰сі шоколад
т‰сіндей болады. Осыны сірне дейді. Сірнені 
сықпалапқояды. 
Тамыздық – ұйытқы. С‰тке тамыздықты 
сала салыңдар. 
Әсел – бал, араның балы. Біздің ‰йде әсел 
көп. Тәтті - қант. Майра базардан шәймен іше-
тін тәтті әкелді. Келі қант - тұтас қант, бас 
қант. Шақпақ қант – қанттың жұдырықтай ке-
сектеу ірі т‰рі. Көк қант – ірі - ірі тұтас қант. 
Көк қант құрып кетті ғой қазір. 
Құмшекер – ұсақ қант. Кәмила апай шайға 
құмшекер салып сораптап, өткен к‰ндерін 
ойдан өткізіп отыр. 
Мәуе – шәуе – кәмпит, өрік, мейіз. Базарға 
барып ‰йге мәуе – шәуе ала қайтайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет