Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 243 тілде сөйлеу нақтылықты, тіл дәлдігін қажет
етеді. Сондықтан сөздердің терминдік мәнін
ашатындай қолданыстарды талап етеді. Ал
көркем сөйлеу сөздердің экспрессивтік мәнде
жұмсалуын талап етеді. Сондықтан сөздерді
бейнелі т‰рде қолдануды талап етеді. Ауыспалы
мағынада, келтірінді мағынада жұмсалатын
сөздер, негізінен, көркем сөйлеуге тән сөйлем-
дердің құрамында болады. Мұндай сөйлем-
дерді бейнелі сөйлемдер деп атауға болады.
Ресми сөйлеу қаулы қабылданды, басқа жұмысқа ауысуыма байланысты, бұйырамын, сұраймын т.б. сияқты міндетті сөздерді қол-
дануды талап етеді. Осыған байланысты олар-
ды іскери сөйлемдер деп атауға болады. Сөй-
лемдер сөйлеудің т‰рлеріне қарай құрылым-
дық жағынан да, семантикалық жағынан да
ерекшеленеді. Сонымен қатар, сөйлеушінің
тілдік қабілетін, сөйлеу мәдениетін, аялық
білім қорын айқындауға арқау бола алады.
Сондықтан сөйлемдер сөйлеу ‰стіндегі адам
факторын, сөйлеудің т‰рін айқындаушы қаты-
сымдық бірліктер болып табылады. Сөйлеу
ұғымын тілді қолданудың ауызша форма-
сымен тең дәрежеде қарастыруға болмайды
деп санаймыз. Тілді игерудің жолдарын
А.А.Залевская метакогнитивті, когнитивті,
әлеуметтік-аффектілік деп ‰ш т‰рге бөледі.
Метакогнитивті игеру – сөзді т‰сіну мен жо-
ғалтпауды саналы т‰рде бағамдау. Когнитив-
тік игеру – оқып білген деректерді пайдалану.
Әлеуметтік-аффектілік игеру тілге қабілетті-
лігі жөнінде өзімен-өзі санасу дегенге саяды
[5, 324 б.]. Осы тұрғыдан келгенде, әр адам-
ның өзіне тән тілді игеру м‰мкіншілігі бола-
тынына көз жеткізуге болады. Ешбір адам
сөйлеу барысында тілдің барлық м‰мкіндік-
терін пайдаланбайды. Сөйлеу жағдаятына қа-
рай қажетті тілдік бірліктер мен элементтерді
қолданады. Соған сәйкес сөйлеудің т‰рлері
анықталады. Ғылыми сөйлеу, бейнелі сөйлеу,
ресми сөйлеу тілдік элементтерді саналы
т‰рде екшеп, іріктеп алуды көздейтін, белгілі
бір білім аясын қажет ететін әрекеттің көр-
сеткіші болып табылады. Оған барлық адам-
ның тілдік қабілеті жете бермеуі м‰мкін. Ол
‰шін сөйлеуге тән тілдік қолданыстарды жете
меңгеруге м‰мкіндік беретін арнайы лингвис-
тикалық және кәсіби білім алу керек. Ал ауыз-
екі, қарапайым, тұрпайы сөйлеу тілді қолдану-
шылардың барлығына ортақ, бірыңғай мәнде
қолданылатын тілдік бірліктердің қызметі ар-
қылы ж‰зеге асады. Сондықтан кез келген
сөйлеуші мен тыңдаушының арасында өзара
т‰сінісу еш қиындық туғызбайды. Оларды тек
тілдік норма тұрғысынан ғана жіктеуге бо-
лады.
Ауызекі сөйлеуде жалпыхалыққа т‰сінікті,
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жақ-
тан тілдік нормаға сай жұмсалатын тілдік бір-
ліктер қолданылады. Кез келген қоғам м‰шесі
ауызекі сөйлеу арқылы тілдік қатынасқа т‰се
алады. Тіпті жаңа туған баланың тілі де ауыз-
екі сөйлеу барысында нормаланады. Ауызекі
сөйлеуде тілдік элементтер эмоционалды мән-
де, ықшам т‰рде қолданылып, сөздер жалпы-
халықтың санасында сақаталған негізгі немесе
тура мағынасында жұмсалады. Сондықтан
ауызекі сөйлеу жалпыхалыққа ортақ қасиетке
ие болады. Бұл адамдардың қоғамдасуына,
өзара тез т‰сінісуіне, тез қарым-қатынас жа-
сауына арқау болатын, қоғам м‰шелерінің ба-
сын қосушы сөйлеу болып табылады.
Қарапайым сөйлеуде белгілі бір аймақта
өмір с‰ретін халықтың дағдысына айналған
жергілікті тілдік еркшеліктер қолданыс та-
бады. Ал тұрпайы сөйлеуде жеке адамның
тілдік дағдысына айналған былапыт сөздер,
инвективті лексика қолданыс табады. Осы
тұрғыдан келгенде, қарапайым сөйлеу мен
тұрпайы сөйлеу әдеби тілдің нормасына с‰йен-
бейді. Себебі оларды жалпыхалық қолдан-
байды. Ауызша сөйлеудің т‰рлерін анықтап,
жіктеп көрсету барысында ауызекі сөйлеудің
қоғам м‰ддесін өтеуде өзіне тән қызметі бар
екеніне, оның материалдық ж‰йесі әдеби
тілдің нормасына сай екеніне көз жеткізуге
болады. Қарапайым сөйлеу әдеби тіліміздің
сөздік қорын толықтыруға қызмет атқарып,
тілдің м‰мкіндігін сарқа пайдалану ұстаны-
мын ж‰зеге асыруға арқау болады деп тани-
мыз. Тұрпайы сөйлеу адамдардың сөйлеу
барысындағы тұлғалық мәдениетінің қандай
екенін саралауға м‰мкіндік береді. Сондықтан
да сөйлеудің т‰рлерін ажыратып, ондағы қол-
данылатын сөйлемдердің мәнін-мағынасын
т‰сіну б‰гінгі к‰ні аса қажет мәселе.
_____________ 1.Хасанұлы Б. Махамбеттің тілдік тұлғасы: әлеуметтік
лингвистикалық және психолингвистикалық сыр-сипаты.
Халықаралық конференция материалдары. – Алматы,
2003. –. 230-235 бб.
2. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму
жолдары. Алматы. Мектеп, - 1987.- 124 б
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынастың теориялық негізі //
Тіл әлемі. – Алматы: Ан Арыс, 2009. - 368 б.
4. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы.
– 3-т. Тіл – құралы. – Алматы: «Алаш», - 2005, -352б.