242 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 ген. Т‰йе ‰шін жапырақ, изен, шағыр; қойға
шоңышқа, қына; жылқыға боз, қияқ, беде,
ебелек, бидайық т.б. сияқты шөптердің азық
болатынын білуі адамдардың сол заттарды
жан-қуатымен сезінуі, т‰йсінуі, қабылауы ар-
қасында ж‰зеге асты. Малды жасына, ж‰рісі-
не қарай айыруы, яғни жылқыны құлын, жа-
бағы, тай, құнан, дөнен, бесті; сиыр малын
бұзау, баспақ т.б. т‰рінде ж‰йелеуі сол заттар-
ды жете танып-білуімен байланысты. Әр ха-
лықтың санасында өздерінің тыныс-тіршілігі-
мен тығыз байланысты заттар мен құбылыс-
тардың, яғни өздері көрген-білген, таныған
заттардың атаулары сақталады. Сол арқылы
адамдар өздерінен бұрынғы ұрпақтар жинаған
тәжірибе мен білімді де сақтап қалады. Бірінің
білмейтінін екіншісі біліп, адамдардың ақыл-
ойы, икемі, дағдысы молығады. Нәтижесінде
сөйлеушінің сөзі қабылданған сәтте мәлімет
семантикаға ие болып, адамдар арасында тіл-
дік қатынас қалыптасады. Сөйлеу кезінде
заттар мен құбылыстардың қыр-сырын ұғыну,
оларды пайымдау сияқты логикалық катего-
риялар жарыққа шығады. Ұғым сөз арқылы,
байымдау сөйлем арқылы жұмсалып, тіл бір-
ліктері сөйлеу процесіне енеді. Әрбір сөз ойлы
да, мәнерлі болып, өз қисынымен жұмсалуы
керек. Айтылған сөз ж‰йесіз болып, тілдік
нормаға сай болмаса, тыңдаушы психология-
лық кедергіге ұшырап, мәліметті қабылдау
процесі орын алмайды. Бұдан дұрыс сөйлеу-
дің белгілі бір психологиялық, логикалық
қағидаларға с‰йенетінін көруге болады. Оның
ең басты көрсеткіші де тіл ж‰йесіндегі білімді
игеру болып табылады. Білім – ақылмен бай-
ланысты болатын адамға тән қасиет. Ж.Ба-
ласағұни айтқандай, «Ақылдың көркі – тіл,
тілдің көркі – сөз». Білім мен ақыл ой ұшқыр-
лығының, сергектігінің, белгілі бір мәселені
тез шешудің, затты әр қырынан танудың, жаңа
нәрсені аңғарудың, орынсыз асып-саспаудың
т.т. көрсеткіші ретінде адамның сапалық қа-
сиетін айқындауға м‰мкіндік береді. Адамға
тән осы қасиет тіл білімін игеруді қажет етеді.
Тіл білімін игермейінше адамдардың сөйлеу
мәдениеті де толық жетілмейді. Сөйлеу мәде-
ниеті қоғамдық қарым-қатынастың барлық са-
ласында қажет. Сөйлеу арқылы тілді қолдану-
шылардың санасында сақталған бірліктер мен
ережелердің жиынтығы сараланады. Адамдар-
дың сөйлеу процесіндегі даралық сипаты анық-
талады. Сондықтан тілдің қоғамдық қарым-
қатынастағы қызметі сөйлеу процесі арқылы
айқындалады. Осыған орай, сөйлеудің мына-
дай т‰рлерін атап көрсетуге болады: ауызекі сөйлеу, қарапайым сөйлеу, тұрпайы сөйлеу, көркем сөйлеу, ғылыми сөйлеу, ресми сөйлеу. А.Байтұрсынұлы сөйлеудің маңызын былайша
бағалайды: «Біздің заманымыз – жазу заманы:
жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық
дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөй-
лесуге болмайды: жазумен д‰нияның бір ше-
тіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйле-
седі. Сондықтан сөйлеу білу қандай керек
болса, жаза білудің керектігі онан да артық.
Сөйлегенде сөздің ж‰йесін, қисынын келтіріп
сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің
кестесін келтіріп жазу сондай керек» [4, 29]
Ғалымның жазумен сөйлесу және ауызбен сөйлесу деген тұжырымынан сөйлеуге тән екі
т‰рлі категорияны көріп отырмыз. Олардың
өзіндік ерекшелігі сөйлеудің т‰рлерін жіктеу
арқылы анықтауға болады. Ауызекі сөйлеу, қарапайым сөйлеу, тұрпайы сөйлеу ауызбен
сөйлесудің(ауызша сөйлеу) мәнін анықтайды.
Ауызша сөйлеудің ерекшелігі мынада: сөзді
өңдеуді қажет етпейді; сөйлеу барысында
сөзді қалайша құрастырып айту жағын ойлас-
тыруға уақыт м‰мкіндік бермейді. Сондықтан
айтылған сөзді қайта өңдеп, т‰зете алмаймыз.
Тіпті, шаршы топ алдында дәріс, баяндама
жасағанда да, яғни монологтық сөйлеу кезінде
де сөзімізді өңдеуге болмайды. Ауызша сөй-
леу бөгелмей, еркін айтуды талап етеді. Керек
сөздер ойға өздігінен келіп, дұрыс және мә-
нерлі болып айтылуы тиіс. Сондықтан ауызша
сөйлеуде сөйлем құрамындағы сөздер негізі-
нен, тура, негізгі мағынада жұмсалады. Құры-
лымы оңай, жалпыхалыққа ортақ жеңіл сөй-
лемдер қолданылады. Атап айтқанда, ауызша
сөйлеуге тән тіл құралдарына қалыпты сөй-
лемдер, ықшамдалған сөйлемдер, толымсыз
сөйлемдер, сөз сөйлемдер, қаратпа құрылым-
ды, одағай құрылымды, қыстырма құрылым-
ды сөйлемдер жатады. Құрамындағы сөздер
бастапқы лексикалық мағынасында жұмса-
лып, ешбір көріктеу амалы қолданылмаған
сөйлем т‰рін қалыпты сөйлем деп атаймыз.
Олар хабарлау, бұйыру, сұрау, өтіну т.б. сияқты
әр т‰рлі мәнде жұмсалуға қабілетті.
Қөркем сөйлеу, ғылыми сөйлеу, ресми сөй- леу жазбаша сөйлеуге жатады. Жазбаша сөй-
леу құрылысы жағынан едәуір қиын, айтыла-
тын ойға қатысты керекті сөздерді іздеп, олар-
дың семантикасын, байланысу жолдарын дұ-
рыс аша білуді талап етеді. Мәселен, ғылыми