Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет302/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 241 
заттармен салыстыра, теңестіре, шендестіре 
т.б. айтса, сөйлеу барысында тіл көркем бол-
мақ. Осы орайда, тіл мен сөйлеудің де арақа-
тынасын айта кету орынды. Т. Қордабаев: 
«Тіл мен сөйлеу бір-бірімен айырылмастық 
бірлікте болатындарына қарамастан бұл екеуі-
нің бірлігі тепе-теңдік бірлік емес, әрқайсы-
сының өзіндік ерекшеліктері бар диалектика-
лық бірлік. Тіл дегеннен оның құрамына ене-
тін дыбыстарды, сөздерді, грамматикалық 
формалар мен ‰лгілерді т‰сінеміз. Тіл дегені-
міз – сөйлеуге қажетті материалдардың жиын-
тығы. Ф.де Соссюрше айтқанда, қоймасы. Ал 
сөйлеу – сол жансыз материалдардың өзара 
қарым-қатынасқа келуі, тілдің қимыл ‰стін-
дегі к‰йі. Тілдің жаны, тіршілігі – сөйлеуде. 
Сөйлеу процесінде тілдік материалдар жан-
данып, өз бойындағы мағыналық м‰мкіндік-
терін жан-жақты көрсете алады. Бірақ сол 
м‰мкіндікті әркім өз шама-шарқынша пайда-
ланады: біреулер оның ішіндегі асылдарын 
іріктеп алып, оларды өз мақсаттарына лайық-
ты тиісті орындарына қоя білсе, енді біреу-
лерде ондай шеберлік, дарындылық болмай-
ды. Осыдан келеді де тіл шұбарлығы, тіл 
мәдениетсіздігі пайда болады, қоғамдық си-
патты тіл жеке адамдардың сөйлеу процесінде 
даралық сипатқа ие болады. Тіл мен сөйлеудің 
бір-бірінен өзгешелігі осында. Тілге жақсы, 
жаман, мәдениетті, мәдениетсіз деген сын 
ж‰рмейді. Осы себептен «тіл мәдениеті» деу-
ден гөрі «сөйлеу мәдениеті» деу мазмұнға сай 
келеді. Бұл айтылғандардан тіл мен сөйлеу 
арасындағы бірлік пен өзгешелікті кеңірек, те-
реңірек зерттей т‰су қажеттігі байқалады», - 
дейді. [2, 118-119] Ғалым атап көрсеткендей, 
тіл – қоғамдық сипаттағы құбылыс, сөйлеу 
жеке адамдарға тән даралық сипаттағы құбы-
лыс. Тіл – д‰ниедегі заттар мен құбылыстар-
дың мазмұны мен формасын қарастырып, тал-
дау жасауға м‰мкіндік береді. Дыбыстардың, 
сөздердің, сөйлемдердің таңбалық белгісін, 
байланысу жолдарын айқындап, белгілі бір 
халықтың дыбыстық ж‰йесін, сөздік қорын, 
өзіндік ерекшелігін саралайтын қоғамдық құ-
былыс.
Сөйлеу адам әрекетінің құрамдас бөлігі 
болғандықтан, адамның физиологиясымен, 
психологиямен, ойлау процесімен байланы-
сады. Нәтижесінде адамдардың танымдық қа-
білетін, тұлғалық мәдениетін, этностық бол-
мысын, ұлттық психологиясын, өмірлік дағ-
дысын, ішкі толғанысын, көңіл-к‰йін, жан-
д‰ниесін дәйектейтін антропоөзекті категория 
ретінде ерекшеленеді. Сөйлеу тілдің мате-
риалдық элементтері, яғни тіл дыбыстары, 
сөз, сөйлем арқылы орындалады. Оларды айту 
мен қабылдау процесі адамдардың физиоло-
гиялық қасиеті, яғни сөйлеу м‰шелері мен 
есту м‰шелері негізінде ж‰зеге асады. Сөйлеу 
м‰шелері мен есту м‰шесі қоршаған д‰ние-
дегі құбылыстардың тікелей әсерінен болатын 
т‰йсіктер мен елестердің қызметі арқылы сөй-
леу аппартының іске қосылуына арқау бо-
лады. Нәтижесінде адамдардың сөйлеуге қабі-
летті екенін білдіретін сигналдар ж‰йесі ми 
қабығына барып, сөйлеу органдарының әр 
т‰рлі қалыпта жұмсалуына м‰мкіндік береді. 
Әрбір дыбысты, сөзді, сөйлемді мәніне, мағы-
насына қарай өзінің сазымен айта алуға жағ-
дай туғызады.
Адамдардың сөйлеу әрекеті мен жан-қуат-
тарының (психикалық құбылыстар) арасын-
дағы байланыстар сөйлеу процесі мен оны қа-
былдау процесінің арасындағы тілдік қарым-
қатынасты анықтайды. «Тілдік қатынас сөй-
леу тілі арқылы ұғынысу, т‰сінісу дегенді біл-
діре келіп, адамның екінші біреуге жеткізейін 
деген ойын жарыққа шығаруды көздейтін; 
қоғамның дамуы ‰шін ең қажетті қоғамдық-
әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы 
адамдардың бір-бірімен пікір алысуы, адамдар 
қатынасының т‰пқазығы дегенді білдіреді»- 
деген Ф.Оразбаеваның тұжырымы негізінде 
сөйлеудің мәні адамдардың бір-бірінің ұғы-
нысуы, т‰сінісуі деп қорытуға болады. [3, 229-
230]. Адамдар бірін-бірі ұғу, т‰сіну ‰шін өзара 
пікіралысуы қажет екені белгілі. Пікір алысу 
айтылған сөзді қабылдау, оның мағынасын 
т‰сіну процесі арқылы ж‰зеге асады. Сөзді қа-
былдау, оның мағынасын т‰сіну – психоло-
гиялық факт. Оған заттың адам санасында 
сақталған атауы арқау болады. Атаулардың 
санада сақталуы заттар мен құбылыстарды 
т‰сіну, қабылдау, елестету, сезіну сияқты 
амал-операциялардан тұратын психологиялық 
құбылыстар негізінде ж‰зеге асып, тіл мен 
танымның байланысын көрсетеді. Нәтижесін-
де тілдегі әрбір сөзді жинақтауға, нақтылауға, 
абстракциялауға ж‰йелеуге болады. Мәселен, 
қазақтар мал жейтін шөпті ащы, тұщы, құр-
ғақ, сулы деп бірнеше топқа бөліп, ащы шөп-
терге көкпек, изен, жусан т.б. тәрізді сөздерді 
жатқызса; тұщы шөптерге қияқ, боз т.б. 
сияқты сөздерді жатқызып, оларды қандай 
малдың қорек ететініне қарай топтастыра біл-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет