Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 283 қалы бар. Бізде жазушы болармыз т‰бінде,
сонда осы бізде де жинай берсек қайтеді деген
ойменен тірнектеп, осы т‰к тастамай жинай
беретін едім» [1]
Қазақ радиосының Алтын қорында сақ-
талған осы бір сұхбат ‰зіндісінен жазушы Сәбит
Мұқановтың хат жинау мақсатын анық т‰сі-
неміз. Адамдар хат арқылы көпке айта бер-
мейтін сырын жазатынын ескерсек, шығарма-
шылық адамдарының арасындағы хаттар әде-
биеттегі құпиялардың бет-пердесін ашып, жа-
ңаша көзқарас қалыптасуына себеп болар еді.
Екінші жағынан хат арқылы (алған, жазған
хаттары) сол шығармашылық адамының өз
дәуірінде қалай бағаланғандығы, көркем туын-
дысының халық көңілінен шығуы т.б. көпте-
ген жайдан ашық хабардар болар едік. Тіптен
хаттар арқылы біз оқып, жанымызға тұмар
тұтқан туындының қандай жағдайда жазылға-
нын да білер едік.
Әдебиет классиктерінің т‰гел дерлігі бір-
бірімен хат-хабар алысқандығы бәрімізге мә-
лім. Ол хаттардың көпшілігінде әдебиетке
байланысты мәселелер айтылған. ХХ ғасыр-
дың соңына дейін адамдар бір-бірімен хат
алысып тұрғанын ескерсек, бұл кезеңдегі біз
зерттейтін эпистолярлық мұралардың көп
екендігін бағамдаймыз. Әдебиеттегі кейбір
бұлыңғыр мәселердің шешімі де осы хаттарда
көрініс табуы әбден м‰мкін.
Қазақ әдеби тілінің функционалдық стиль-
дерін зерттеуші ғалымдарымыз эпистолярлық
стильге ХVIIІ-ХІХ қазақтың хан, сұлтан, бо-
лыс, билерінің орыс империясының әкімшілік
орындарына жазған хаттарын жатқызады. Ға-
лым Р. Сыздық эпистолярлық стиль жайлы:
«Бұл стиль жеке адамдардың бір-біріне жа-
зысқан хаттарының тілін танытатын сөз мә-
нері» - деп анықтама берсе [2, 257] олардың
тілдік ерекшеліктері жайында профессор
Б. Кенжебаев: «...тілі шұбар келеді. Араб,
парсы, шағатай, татар, башқұрт, өзбек сөздері
араласып жатады, жалпы «т‰рки» деп атала-
тын тіл болып келеді. Аты қазақша дегені
болмаса, көбіне, тілі де, емлесі де қазаққа т‰-
сініксіз болады. Оларды қалың бұқара былай
тұрсын, қазақтың мұсылманша оқыған, хат
білетін – қожа, молдалары да жөнді т‰сін-
бейді» [3, 87], - дейді.
Шындығында да, ХVIIІ- ХІХ ғасырлар-
дағы хат мәтінінде көбіне араб-парсы, татар
тілі элементтерінің қолданысы басым. Хат
алысу ХХ ғасырдағы ақын-жазушыларымыз
бен қоғам қайраткерлерінде де жалғасын тап-
қанын ескерсек, эпистолярлық стильді ХІХ ға-
сырмен шектеп қалдырғанымыз орынсыз. Се-
бебі бізге бұл кезеңдерден де көптеген жазба
мұралар қалған. Алайда ХХ ғасырдағы жазу-
шылардың эпистолярлық мұрасының тілдік
ерекшелігі мен ондағы қозғалған әдеби мә-
селелердің мән-жайы әлі зерттеле қойған
жоқ. Солардың ішінен біздің тоқталатынымыз
С. Мұқановтың эпистолярлық мұрасы болмақ.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
мұрағатында жатқан
С. Мұқановтың жеке қорын ақтарыстыра
бастағанымызда, жазушы жинаған том-том
хаттарды өз көзімізбен көріп, қолыммызбен
ұстадық. Жиналған хаттарды жеке тоқталып
қарастырғанымызда әр қорда 2 тізбе, бірін-
шісінде 396 іс, екіншісінде 45 іс, әрқайсысы 2
беттен 300 бет аралығындағы хаттар сақ-
талған екен. Басым көпшілігі қазақ тілінде, ал
кейбірі орыс тілінде және татар, ұйғыр, қыр-
ғыз тілдерінде жазылған. Қазақ тіліндегі
жазылған хаттар қадымша, жәдитше, латын
әліпбиінде, орыс әліпбиінде жазылғандары
тең дәрежеде ұшырайды. Хат қоржыны негі-
зінен 1928-1971 жылдар аралығын қамтиды.
Хаттардың мазмұны да әр т‰рлі. Егер жалпы
топқа бөлетін болсақ: Жазушының жеке ба-
сына келген хаттар, жалпы шығармашылы-
ғына келген хаттар болып бөлуге болады. Ал
оқырманнан келген хаттарын әр шығармаға
қарай жіктеуімізге болады. Жауап хаттар да
дәл осылай. Онда мемлекет қайраткерлері,
ақын-жазушылар, қарапайым халық, мектеп
оқушылары бір сөзбен айтқанда еңбектеген
баладан, еңкейген кәріге дейін хат жазған. Сол
хаттарға мейлі қай жақтан, қандай адамнан
болмасын жауап хат жазып отыру, жауабын
кешіктірсе себебін т‰сіндіру – сол кезде атағы
таудай болып тұрған академиктің ұлылығы
болса керек.
Жазушымен хат алысқан адамдардың атақ-
дәрежесі әр т‰рлі. Жазушы қоржынындағы
мәдениет, әдебиет қайреткерлерінің хаттары-
ның өзі бір төбе, атап айтар болсақ, Ш. Құ-
дайбердиев, І. Жанс‰гіров, М. Әуезов, Ғ. М‰-
сірепов, Ғ. Мұстафин, Ә. Нұрпейісов, Қ. Жұ-
малиев, Д. Қонаев, Б. Момышұлы, Т. Нұр-
тазин, халық ақыны И. Әлібаев, Ж. Бектұров,
т.б. Сонымен бірге,
С. Мұқанов Совет Одағы көлеміндегі жа-
зушылардың көпшілігімен достық, бауыр-
ластық қарым-қатынаста болған. Оған дә-