Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет358/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   446
Қымбатты ағай Сәбит! 
Сізге мыңдаған оқырмандарыңыздың бірі 
қатарында хат жазып отырмын. Сіздің 
«Ботагөз», «Өмір мектебі» деген кітапта-
рыңыз менің ана тілім қырғыз тіліне ауда-
рылып, қырығыз оқушыларынң с‰йген кітабы 
болып қалды. 
Сіздің жырменен жазған «Сұлушаш» де-
ген шығармаңыз бар екен. Осы шыңарма-
ңызды еш жерден кездестіре алмадым. М‰м-
кін болса сол қазақ тіліндегі кітабыңызды 
пошта арқылы салып жіберсеңіз жақсы бо-
лар еді. 
Сізге құрметпен: 
Гвардияның қатардағы солдаты Рыскул-
бек Бакиров 
Менің адресім: Туркіменская ССР 
Город Кушка В/ч 04175»Б» 
Қымбатты Сәбит! 
Жақында драма театрында сіздің «Шо-
қаныңызды» бесінші рет барып көрдім. Қалық 
бұрынғыдай театрға лық толды, ине шаншар 
жер болмады. Қалық ықыласымен көрді. Сіз 
болған жоқсыз, Мәкең болды. Ойынның кей 
жеріне мейірімі қанып к‰лген қалық, әр жерен 
«әй, Сәкең ай», «әй Сәбит ай» десіп отырды. 
Әрине бұл еңбегің мәңгілік еңбек қой. 
Сен ойынның аяғында, қалық сөзін кел- 
тіріп Шоқанның атын қалық мәңгілік алтын 
жазумен жазады деп келтіргенсің. Әрине бұл 
сөзді бір мәнде сенің өзіңі де жолдауға бо-
лады. Осы Шоқан сияқты еңбектерің ‰шін, 
сенің атыңды да, тарих, қалық, әдебиет еш 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 285 
уақытта өшпейтін алтын жазумен жазады 
ғой. Бірақ оны, сізде, Мәкеңде, біз сияқты 
ниетті адамдардың өз көзімен көрмейді ғой. 
Сол себепті, сіздің еңбегіңіз ‰шін қуанғаннан 
басқа айтарым жоқ. Құрметпен Әшімбек 
15/2/1957 
Осы берілген азғантай хаттардың өзінен-ақ 
жазушыға деген халықтың ықыласы ерекше 
болғандығын көреміз. Жазушының әр жазған 
шығармасы халықтың ж‰регінен орын алып, 
жоғары баға алып отырған. Оған оқырман 
қауымнан келген том-том хаттар куә.
Қандай да бір шығармашылық адамына 
еңбегінің халқы тарапынан бағаланып, алғы-
сын алып жатса одан артық бақыт жоқ шығар 
деп ойлаймын. Әдебиет классигі Сәбит Мұ-
қановтың халықтың қарапайым азаматтары-
нан алған және оларға жазған хаттары мұрағат 
қоржынынның басым көп бөлігін құрайды. Біз 
назарға ұсынып отырған бірнеше хат солар-
дың ішіндегі ең қысқа әрі ең қарапайымы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мұ-
рағатындағы Сәбит Мұқановтың жеке қорын-
да достық сыр шертілетін, әдебиет, әлеумет 
мұңы айтылатын хаттар том-том болып ‰йіліп 
жатыр.
Жазушы хаттары бейне теңіз сияқты, онда 
адуынды толқындар да, әлсіздері де, киті де, 
шөрегей балықтары да бар. Ал теңіз тұнып 
тұрған қазына. Жазушы қалдырған қазына, 
эпистолярлық мұраны зерттеу – б‰гінгі әде-
биетіміздің кезек к‰ттірмес мәселесі. 
______________ 
1. Сәбит Мұқанов жайлы әдеби хабар. Қазақ радиосы-
ның «Алтын қоры», Д-934
2. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХV-XIX 
ғасыр). – Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3. Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан мәлі-
меттер. - 1956. 
4. 1634 қор, 1тізбе, 208 іс, 6 бет. 
5. 1634қор, 1тізбе, 210 іс, 7бет. 
6. 1634қор, 1тізбе, 210 іс, 6бет. 
7. 1634қор, 1тізбе, 234іс,7б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет