Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет357/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   446
284 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
лел ретінде орыс жазушылары А.А. Фадеев, 
М.А. Шолохов, Б.П. Поспелов, В.Т. Лацис, 
Т.И. Кочетов, С.Л. Кирьянов, азербайжан 
жазушысы Мирза Ибрагимов, татар жазушысы 
С. Құдаш, өзбек совет ақыны публицист Ғафур 
Ғұлам сынды жазушылармен жазысқан хат-
тарын айта аламыз.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мұ-
рағатындағы Сәбит Мұқановтың жеке қорын-
да сақталған ұлы мұрасы, хаттары туралы 
жалпы әрі қысқаша мәлімет осы болмақ. Енді 
сөз әуенін басында айтып өткеніміздей қара-
пайым халық көзімен Сәбит Мұқановты та-
нып көреуге арнасақ. Бұл жерде біздің с‰йе-
нетініміз, ол әрине дәлелді, ешбір жалғансыз, 
қарындашпен, қара көк сиямен газет-журнал-
дың таза жерлеріне, ескі парақ беттеріне жа-
зылған хаттар болмақ.
«
Ардақты Сәбит! 
Сіздің шығармаларыңызды мен с‰йіп оқи-
мын. «Жұмабақ жалау», «Балуан Шолақ», 
«Сұлушаш» сияқты кітаптарыңызды оқып 
шықтым. Өте жақсы жазылған, оқушының 
ой-ықыласын аударарлықтай істіліп жазыл-
ған. 
С‰йікті Сәбит! Сіздің «Сұлушаш» атты 
шығармаңыз неліткен роман болып аталды, 
‰лкен поэма сияқты емес пе? Осы сұраққа 
жауап хат беруіңізді сұраймын. 
Сіз менімен танысқыңыз келсе, мен Қос-
танай облысының Торғай ауданындағы қазақ 
орта мектебінде оқимын. 
Сәлеммен сіздің әлде өмір с‰ріп, совет әде-
биетінен көрнекті орын алып, біздер ‰шін кі-
тап шығаруыңызға тілектес Арғынбек Қа-
шағанов 
23/06/1947 
Сәлеметсіз бе қадірлі әкей! 
Халыңыз жақсы ма? Әрине, сіз мені таны-
майсыз. Сізді әкей дейтін себебім, б‰кіл қазақ 
қыздарының ‰лгі тұтатын, менде сондай бол-
сам деп армандайтын ұлы шығарма «Бота-
гөздің» авторы сіз болсаңыз. Сізді біз ең құр-
метті атақ «әкей» деуге правомыз бар! Мен 
сіздің «Ботагөз» деген шығармаңызды өте 
ұнатам. Ол менің арманымның негізі. Мен 
биыл 18 жасқа толдым, кәзір сізге хатты бі-
рінші Алматы, Чернышевский көшесі 52 ‰йде 
(туысқанымыздың ‰йінде) отырып жазып 
отырмын, міне 18 жыл бойы өзімді өсіріп, 
тәрбиелеген, оқытқан отаныма әлі пайда кел-
тірген жоқпын! Осы есіме т‰ссен мені ұят 
қысады! Островский, А.Гайдар он сегіз жа-
сында не істегені жұртқа мәлім. Биыл ‰йім-
нің жағдайы болмағандықтан ЖенПИ-дің 
сыртқы бөліміне кітапханашылар факульте-
тіне документімді тапсырдым. 3июль к‰ні бір 
бірінші емтихан шығарма. Мен бір жыл бойы 
Талды Қорған облысының, Қаратал ауданын-
дағы, Бесқайнар селосында кітапханашы бо-
лып қызмет атқардым. Кітапты өте қас-
терлеймін, өйткені онда әрт‰рлі адамдардың 
өлмес тағдыры, қуанышы, к‰йініші бар. Сіздің 
кітаптарыңыз бізбен бірге өмір с‰реді, өзіме 
осындай сенімді іс тапсырғанына да қуанам. 
Сізден бір тілегім мені де қарапайым жұ-
мысшы семьясының қызық көп ұл-қыздары-
ның бірі деп санаңыз! Көп жылдан бері сізді 
жасырын т‰рде өзімнің әкем есебінде қадір 
тұтам, мақтаныш етем! 
Ден-саулығыңызды сақтаңыз! Тек қана 
сізге емес, халқыңызға да, мына кейінгі жет-
кіншек бізге де өмірңіз қымбат! Уақыты-
ңызды алсам кешірім сұраймын. Сәлеммен 
Нұрила Бектемірова 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет