282 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
Н. Нұрәділ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ІІ курс магистранты
ЖАЗУШЫ СӘБИТ МҰҚАНОВ ЖӘНЕ ОҚЫРМАН
(С. Мұқанов хаттары негізінде)
Жазушы Сәбит Мұқановтың әдебиет та-
рихында ғана емес, халық ж‰регінде де алар
орны ерекше. Әдебиет әлемінде жазушыға
зерттеушілер тарапынан берілген бағалар мен
пікірлер жетерлік. Алайда ұлы жазушыны ту-
дырған халықтың
берген бағасы кез-келген
биік атақ-дәрежеден де асқақ тұрары даусыз.
Заманы даңқын әуелеткен жазушының шығар-
машылығына с‰йсінген халық азаматтары өз
алғыстары мен пікір-ұсыныстарын хат арқылы
жеткізіп отырған.
ХХ ғасырдағы ең көп хат алған, жазған
адам бұл – әдебиетіміздің классигі Сәбит Мұ-
қанов. Орыс классиктері өздеріне келген хат-
тарды өз кезінде томдарына енгізіп, жарыққа
шығарып ‰лгерген. Ал
Сәбит Мұқановтың
эпистолярлық мұрасы әлде қайда мол бола
тұра, томдарына енген жоқ.
Академик С. Мұқанов – өзі қатарлас ақын-
жазушы, қоғам қайраткерлерінің арасында ха-
лықтан көп хат алған және сол хаттарға тие-
сілі жауап қайтарған халық жазушысы.
Мұны жазушының көзі тірісінде қазақ ра-
диосына берген сұхбатында өзі кең көсіліп
әңгіме еткен. Жазушы сұхбатында хат жинау
мақсатын былайша баяндайды:
«... ал, енді, біз әр уақытта ‰лгіні орыстан
аламыз, орыс мәдениетінен аламыз. Мен ғана
емес біздің бұрынғы бабалармызыз – Шоқан
Уәлиханов,
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құ-
нанбаев, одан бергі интелегенция, Спандияр
Көбеев, бер жағында Сәкен Сейфуллин осы-
лардың бәрі орыс мәдениетіне с‰йеніп барып
өскендер. Менде солай өстім ғой деп ойлай-
мын. Мынау,
орысша оқи бастағаннан кейін,
мен орысшаға 1922 Орынбордың Рабфагына
келіп сабаққа т‰стім да, сосын барып орысша
оқи бастадым. Алғашқы кезде нашарлау кел-
дім, сосын ж‰ре-ж‰ре жетіліп кеттім. Сонда
орыстан алған тәуір ‰лгімнің біреуі – хатқа
сақ қарау. Біреуге өзің жазасың, өзіңе біреу
жазады. Осылардың бәрін жинай беру. Бұл
жағынан қарағанда,
бұл мақтанғаным емес,
қазақ жазушыларының ішінде менен көп жи-
нақшысы болған жоқ.
Кешегі Мұхтар марқұм Әуезов қатты өкі-
нетін еді: «мен бұрынғы хаттарымды жинаған
жоқпын», - деп. Сол, кей уақытта маған қыз-
ғаныш көзбен қарау, жақсы мағынада. Маған
айтатын еді: «сен қалай жинақсың» деп. Өйт-
кені менің сол хат танығаннан бастап,
содан
бергі хатым біреуден өзім алам, біреуге өзім
жазам, соның бәрі жиналып келе жатыр. Ма-
қал деген халықтың тәуір ойы ғой. Қазақта
мынадай мақал бар:
«Есік алды төбе болса,
ерттеулі ат төбелдей.
Ауылыңда қарт болса,
жазып қойған хатпен бірдей» деген. Ал
енді, осы сөздің мағынасы ‰лкен өзінің. Өйт-
кені, ең алдымен хатты бірінші орынға қояды.
Абайдың бір өлеңінде бар:
«Шөлдеген жан су көрсе,
Бас қоймай ма бастауға» - деген.
Орыстың мәдениеті биік, жоғары мәдениет
болды да бізге ‰лгілі. Сондықтан соның тілін
біле бастағасын, оқи бастағасын –ақ соның
манағы тәуір нәрселеріне құмартып, соны оқи
бастадық. Сонда байқасам, мысалы, Пушкин,
Гоголь, Толстой
тағы толып жатқан классик-
тер бар, солардың шығармалар жинағы деген
болады. Біреуінікі 5 том, Біреуінікі 10 том,
Біреуінікі 30 том, Біреуінікі 40 дегендей. Со-
лар том-том болып шығып жатады да, солар-
дың аяғына әлгі, хаттар және переписка деген-
ді қат-қабат хат жазысу дейміз. Солар бірнеше
том болып кіреді. Ал, мына орыстың Тургенов
деген жазушысын бәрімізде білеміз, жақсы
көреміз, Ленин жақсы көрген кісі ол. Сол
Тургеновтың ревалюциядан бұрынғы шыққан
жинағында жалғыз хаттар мен перепикасының
өзі 15 том болып шыққан екен. Мен соны қы-
зығып тұрып оқитын едім.
Көркем шығар-
маларымен қатар сол хаттарға қызығып оқи-
тын едім. Өйткені, көркем шығармаға не сөз
болса соны жаза бермейсің. Ал хатқа, өзіңінің
жақын досыңа, сенетін адамыңа жазған уақыт-
та ешкімге айтпайтын сөздерді жазып айтып
жатасың. Соларың бәрі хаттан табылады. Со-
сын мен ойладым, әлгі «генерал болуға ‰міт-
тенбеген солдат оңбайды» деген орыстың ма-