310 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 жемісі: басқа адамның назарын қандай да бір
затқа аудару ‰шін қайта-қайта ол адамды сол
заттың қасына алып келу міндетті емес. Мұн-
дай әрекетті сөзбен (я бірнеше сөзбен) алмас-
тыруға болады. Сондықтан, тілдік таңбалар-
дың формасы мен мазмұны болады. Тілдік
таңбаның формасы мен мазмұнының ара-қа-
тынасы лингвистикада номинациятермині-
мен белгіленген. Номинацияның жеке қасиет-
теріне байланысты заттардың атаулары екі
т‰рлі топқа бөлінген: жалпы есімдер және
жалқы есімдер.
Жалқы есім мағынасының кем дегенде
төрт компонентін атауға болады:
а) интродуктивті – мағынаның мұндай
компоненті «Осындай зат бар» деп тұрғандай
көрінеді. Бұл компонент барлық зат атаулы
тілдік таңбаларға –жалпыға да жалқыға да
тиесілі.
ә) классификациялаушы – заттың белгілі
бір классқа тиістілігі. Ал аталмыш класс зат
есімінің денотаты болып табылады. Мәселен,
антропонимдердің денотаттары деп адамдар-
ды, зоонимдердің денотаттары – аңдар, топо-
нимдердікі – континенттер, мұхиттер мен те-
ңіздер, елдер, өзендер, аралдар, көшелерді т.б
анықтайды. Бұл мағыналық компонент, өз
кезегінде зат туралы келесідей мәллімет бе-
реді: «Бұл зат – адам (өзен, құрылыс нысаны
т.б)».
б) индивидуалдаушы – атаудың берілген
денотаттың ішінен бір ғана затқа тиесілі болуы.
Аталмыш зат, өз кезегінде есімнің референті
болады. (а), (ә) және (б) компоненттері бірігіп,
зат туралы келесідей мәллімет береді: «Аты
Джон болатын адам бар», «Біз айтып өткен
өзеннің аты - Ниагара» және т.б.
в) сипаттаушы - әңгімелесушілердің сөздің
мәні кімде немесе неде екенін т‰сінулерін
қамтамасыз ететін референт қасиеттерінің
жиынтығы. Мұндай мағыналық компонент,
мәселен Ниагара жалқы есімі келесідей мәлі-
мет береді: «бұл өзен Солт‰стік Америкада
ағады және әлемдегі ең улкен водопад болып
табылады». [1, 12]
Ономастика саласы қалыптасқаннан бері
ғалымдар көбірек көңіл бөліп, жалқы есімдер-
дің т‰рлерін анықтаған. Соның негізінде “оно-
мастикалық кеңістік” термині қалыптасқан,
яғни онимдердің разряд т‰ріне қарай ономас-
тикалық кеңістіктің өзегін құрайтын онимдер
(антропоним, топоним, космоним, зооним)
және өзектен тыс шектік онимдер (эргоним,
идеоним, библионим т.б.) деп ажыратылған.
[2, 77]
Тіл ғылымы динамикалық т‰рде дамып
отыратын аса маңызды ғылым салаларының
бірі болғандықтан, оның құрылымдық бір-
ліктері, мағыналық бөлшектері және қаты-
сымдық тұлғалары адам болмысымен тығыз
байланыста талданып, жаңа тұжырымдамалар-
мен толыға т‰суде. Тілді барша тыныс-тір-
шіліктің көзі деп қарастырған ғалымдар тілдік
фактілерді пәнаралық байланыс негізінде
зерттеген орынды деп есептеген. Осыған орай,
лингвистиканың да аясы кеңейіп, тың бағыт-
тар ж‰йеленіп, ғылымдар сабақтастығынан
туындаған өзекті салалар д‰ниеге келді. Қа-
зіргі тіл білімінің маңызды мәселелері қата-
рында тілдің танымдық қызметін айқын-
дайтын когнитивті лингвистиканың қалыпта-
сып дамуын айтуға облады. Тіл ғылымының
бұл саласы адамның ойлау ж‰йесінің таби-
ғатын, ішкі заңдылықтарын қарастырудың
жаңа ‰лгісін құрайды. Психолингвистикамен
тығыз байланыста сұрыптала отырып, когни-
тивті лингвистика сана, қабылдау, сыртқы
ортамен ‰здіксіз қатынаста болу, тану, ба-
қылау, пайымдау сияқты проблемаларды
ұғым, семантика тұрғысынан талдап көрсетуге
бағытталған, сондықтан оның өзге аспектілер-
мен бірге кең көлемде дамып келе жатқан екі
т‰рлі бағытын атаған орынды: 1) когнитивті
грамматика, когнитивті психология жіне т.б.
2) концептуалды семантика, фреймдік семан-
тика жіне т.б. Концептуалды семантика та-
нымдық процесті ұғымдардың пайда болуы,
трансформациялануы (бір к‰йден екінші к‰йге
ауысуы) тұрғысынан т‰сіндіреді, нәтижесінде
адамның концептуалды ж‰йесі ‰немі толығу
‰стінде болатын процесс деген қорытынды
жасалынады. Когнитивті терминдер сөздігінде
оған төмендегідей анықтама беріледі: “Когни-
тивная лингвистика – лингвистическое на-
правление, в центре которого находится язык
как общий когнитивный механизм, как ког-
нитивный инструмент – система знаков,
играющих роль в репрезентации и в транс-
формации информации”.
Тіл білімінде танымдық бағыттың негізін
Н. Хомскийдің, Дж. Миллердің, Ф.Джонсон-
Лэрдтің, Дж. Лакоффтың, М. Джонсонның
зерттеулері қалаған. Кейін аталмыш саласы
Н.Д.Арутюнова, Е.Г.Беляевская, Т.Аван Дейк,
Е.С.Кубрякова, В.З.Демьянков және өзге де
ғалымдардың еңбектерінің зерттеу нысанына