Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет444/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   446
354 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
Б. Оразбаевтың: Словообразование в кир-
гизском языке. – Фрунзе, 1964; 
А. Ходжиевтің: Узбек тилда кушма жуфтва 
такрорий сузлар. – Тошкент, 1963; П. Азимов: 
Туркмен дили (сөз ясайәли гошуммалар). – 
Ашхабад,1950; Ф. Ганиевтің татар тіліндегі 
күрделі сөздерді объекті етіп алып, монография 
жариялауы бізді осындай пікірде болуымызға 
себепші болады. Өйткені С. Кеңесбаев, А. Ысқа-
қовтардың еңбектері жоғарыда аталған еңбек-
тердің көлемімен де, қамтыған проблемалары-
мен де сай келе алмайды. Сондықтан да қазақ 
тілінде қос сөздер күрделі сөздің жасалу жолы-
ның бірі ретінде қолға алынған да, сөз таптары 
тұрғысынан көп әңгіме болмайды. Көп жағдайда 
сөз таптарына бөлінуде шатасушылық байқа-
лады. Айталық, ауызба-ауыз, қолма-қол, жолма-
жол деген қос сөздерді қос сөздердің (күрделі 
сөздердің бір түрін) бір жасалу жолы деп тү-
сіндіреміз де, оның қай сөз табына қатысты 
екенін атай бермейміз. Шындығына келгенде, 
бұл жол тек сын-бейне үстеуін жасаудың бір 
жолы деп қарау керек. Өйткені, ауызба-ауыз, 
көзбе-көз деген сияқты қос сөздердің басқа сөз 
табы болуы мүмкін емес.
Ал тау-тау, төбе-төбе, қап-қап сияқты 
қайталама қос сөздер де оқулықтарымызда 
күрделі сөздердің бір түрі болып жүр. Егер 
байыптап, көңіл бөлетін болсақ, бұл қос сөздер
түрі күрделі сөз сияқтанып, құрамы жағынан екі 
сөзден тұрғанымен, жаңа сөз жасалынбайды. 
Айталық тау-тау деген қос сөз болғанымен, 
жаңадан жасалған зат есім де сын есім де немесе 
басқа сөз табы да жоқ. Тек зат есімнің көптік 
мағынаны аналитикалық жолмен беруінің бір 
тәсілі ғана болып табылады. Мысалы, қап-қап 
астық дегненде көп қап астық, қатар-қатар 
үйлер дегенде көп қатарлы үйлер дегенді аң-
ғартады. Сондықтан да біз қос сөздердің бәрі 
бірдей жаңа сөз жасамайтынын байқаймыз. 
Осындай қос сөздердің қыр-сырындағы бізге 
беймәлім тұстарын жақсы түсіну үшін және қа-
зіргі түсініктерге дұрыс талдау жасау үшін біз 
қос сөздерді жалпылама алмай, оның қазақ 
тіліндегі жайын 10 томдық түсіндірме сөздіктегі 
берілуіне қарай талдауды мақсат еттік. Шынды-
ғында, қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі қос 
сөздердің берілу жайына арнайы талдау жаса-
ғанда, тілге тиек етер бірсыпыра мәелелерге 
тұмсық тіредік. Сондай-ақ, қос сөздердің семан-
тикасына көңіл аударуда да бірсыпыра морфо-
логиялық белгілер ашылды. Айталық қос сыңар-
ларының құамындағы дауысты дыбыстың жуан-
жіңішке болып келуі астан-кестен, кемпір-
сампыр, ұрыс-керіс немесе сыңарларының бірін-
де дауысты дыбыс ашық, бірінде қысаң болып 
келуі тарс-тұрс, бұрқ-сарқ стильдік-семантика-
лық айшықтар туғызады. 
Компонеттері мағынасыз қосарлама қос сөз-
дерге тоқталайық. Компоненттерінің не біреуі, 
не екеуі жеке-дара қолданылмайтын мағынасы 
түсініксіз немесе некен-саяқтан ғана қолданыла-
тын құрамнан жасалатын қосарлама сөздер екі 
түрлі болады:бірінші түрі бірнеше сыңары ғана 
түсініксіз сөздер, екіншісі – екі сыңары да түсі-
ніксіз сөздер. Бір сыңары түсініксіз қосарлама 
сөздер: айқай-сүрең, арық-тұрық, азын-аулақ, 
әуре-сараң, бала-шаға, борыш-қарыш, көл-көсір, 
киіз-кепшік, киім-кешек, жеңіл-желпі, жүдеу-
жадау, т.б. Олардың бірінші сыңарлары түсінік-
сіз қосарлама сөздер де , опыр-топыр, тай-талас, 
ұлан-байтақ, шардақ-шашыр,алба-жұлба, алай-
түлей, ыбыр-сыбыр, ығын-шығын, екі сыңары 
да бірдей түсініксіз абыр-сабыр, ағыл-тегіл, ал-
ба-жұлба, алай-түлей, әңкі-тәңкі, егіл-тегіл, 
ығай-сығай сөздер де бар. 
Бұл топқа түсініксіз сыңарлардың кейбіреу-
лерін де тіпті ешқандай да мағына жоқ болса, 
кейбіреулерінде әлдеқандай күңгірт я кейде 
азды-көпті аңғарарлықтай мағына барлығы сезі-
ліп тұрады. Мысалы, анда-санда, кәкір-шүкір, 
қым-қуып, әңкі-тәңкі сияқтылардың сыңарлары-
ның жеке тұрғанда ешқандай мағына аңғарыл-
майды. Ал, ым-жым, ың-жың, тым-тырақай,
ту-талақай, ұйпа-тұйпа дегендердің кейбір 
сыңарларынан азды-көпті мағынаның нышаны 
білінеді. Ол нышан я белгі сыңарды қазіргі 
тілімізде я жеке-дара жұмссалатын сөзбен, я 
қосарланып, я қайталанып қолданылатын сы-
ңарлармен салыстырғанда айқындала түседі. 
Мысалы, ым-жым дегендегі бірінші сыңарды 
ым қақты (ымдасты) деген сөзге, екіншісін жы-
мыр я жымықыр деген сөздерге (сыртқы дыбыс-
тың жағынан да, ішкі мағыналық жағынан да) 
салыстырып, оның төркінін де, мағынасын да 
анықтауға болады. Ал, тым-тырақай, ту-тала-
қай дегендерді екінші сыңарын тырақайлап қаш-
ты, талақай, талау сияқты формалармен ұштас-
тырып қарауға болады. Алба-жұлба, ұйпа-тұйпа 
дегендердің жұлба формасын жалба-жұлма сөзі-
мен, тұйпа дегенді ұйпалақ, ұйпалау сөздерімен 
әбден байланыстыруға болғандай. 
Екі сыңардың да мағынасы жоқ қосарлама 
ссөздердің кейбір компоненттері бір ғана сөздің 
емес, бірнеше сөздің құрамынан кездесіп оты-
рады. Мысалы, анда-санда, оқта-санда, оқта-
текте,оқтын-оқтын дегендердегі санда фор-
масы алғашқы екі сөзде оқта (оқтын) формасы 
соңғы үш сөзде қатысып тұр. Ал, ың-жың де-
гендегі ың формасын ың-шың, ыңыру, ыңырану 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет