Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 349 А. Р. Найманбай, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ж. ӘЛМАШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДЕГІШ-БЕЙНЕЛЕГІШ ҚҰРАЛДАРДЫҢ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ Көркем шығарма – эстетикалық категория.
Ол ең алдымен оқырман сезіміне, оның ой-
санасына әсер етуі тиіс. Көркем әдебиет тілі –
әдеби тілдің негізгі көрсеткіші. Шығарма тілінде
көріктеуіш тілдік құралдардың көп кездесуі,
алдымен, жазушы тілінің шеберлігін, орынды
сөз оралымдарының ұтымды, қисынды жұмсалу
жайын көрсетсе, екіншіден, сол үйлесімді сөй-
лем үлгілері мейлінше мол бағытта лингвисти-
калық талдау жүргізуді қажет ететіндігін бай-
қатады.
Суреткердің шеберлігі – ең алдымен өмірді
бақылау мен ұғу ерекшелігімен сипатталады.
Жазушы стилі – өзіндік сөз мәнері мен сурет-
кердің өзіне ғана тән қалам ізі. Жазушының
стилін анықтау дегеніміз – оның басты шеберлік
қасиеттерін тап басып, тілдік қыр-сырын ашу
болып табылады. Сондықтан көркем шығар-
маны жасаушы қаламгер табиғаты стиль, ше-
берлік арқылы танылатыны белгілі жағдай бо-
лып анықталады.
Тіл ғылымында көркем шығарма тілінің
стильдік қажеттілігі туралы мынадай пікір бар:
«Көркем тексті өнер туындысы ретінде зертте-
генде таза лингвистикалық әдіс-тәсілдермен
шектеліп қалу жеткіліксіз. Себебі, көркем туын-
ды, даралық көркем стиль жазушы шығармала-
рының көркем құрылысы ғана емес, әр жазу-
шының шығармаларына тән мазмұн мен түр
ерекшеліктері. Көркем әдебиет стилистикасында
шығарманың тілін оның идеялық мазмұнынан
бөліп алып қарауға болмайды. Бұдан талдаудың
лингвистикалық принциптері мен әдіс-тәсіл-
дерін әдебиеттану тұрғысынан талдаумен ұш-
тастыру қажеттілігі туады» [1, 17].
Жазушы-драматург Ж. Әлмашұлы өз шы-
ғармаларында кейіпкерлердің сан түрлі бейнесін
жасайды және олар бір-біріне ұқсамайтын қай-
таланбас тұлғасымен, мінез-құлық, таным-түсі-
нігімен ерекшеленеді. Қаламгер туындыларын-
да кейіпкер бейнесін сомдауда көптеген жал-
пыхалықтық мәдениет құндылықтарына енетін
этнографизмдер мен эмоционалды-әсерлегіш
сөздерді кездестіреміз. Оның бір көрінісін – біз
жазушының 2007 жылы «Арыс» баспасынан
шыққан, оқиғасы 1916 жылғы ұлт-азаттық көте-
ріліс пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-
сүргін кезеңдерін, оның тарихи себептерін
суреттеруге арналған «Күлкі мен көз жасы»
романынан байқай аламыз.
Тіл мәдениетінің ерекшеліктері туралы көр-
некті ғалым М. Балақаев: «Жеке жазуының тіл
өрнегінің толып жатқан бояу-бедері, өзіндік өсу,
жетілу жолдары болады. Көркем әдебиет тілінің
нәзіктігі көп жағдайда жазушының белгілі бір
сөздерді «мағыналық топқа иіру» яғни сөздерді
өзара мағыналық байланысқа түсіру шебер-
лігімен байланысты», – деп жазса [2, 87], көркем
әдебиет тілі жөнінде профессор Б. Сағындық-
ұлы: «Көркем әдебиет тілі – жазушының тілі, әр
шығармасына тән мазмұн мен түр ерекшелігі.
Бұл орайда жазушының құралы – тіл, әлемді таң
қалдырған көркем туындылардың бәрі де тілдің
сиқырлы күші арқылы дүниеге келген. Мұндай
қатарда жеке сөз, өзінің орнымен сәтін тапқан
шақта, жаңаша жанданып кетеді. Сондай шағы-
на жетіп, жанданған сөздің дәмі, легі бөлініп,
тың тірлік етіп, бал-бал жанып тұрады. Ол көп
қолданған сөз емес, қызықты, ыстық лепті сөз
болады» [3, 330], – деген ойлар айтады.
Әр кейіпкердің қоғамда алатын орнына, ой-
өрісіне, білім-дәрежесіне, рухани өсуіне, өмірге
көзқарасына, әлеуметтік тегіне, д‰ниетанымына
байланысты сөйлету – персонаж бейнесін аша
т‰сетін тілдік-стильдік амалдың бірі болып
есептеледі. Автор
«Күлкі мен көз жасы» рома-
нында әр кейіпкерге өз дәрежесіне сай ат қойып,
жер-су атауларын да ұтымды суреттейді: Бүкір- Шүкір, Шуылдақ Шәріп, Сәнімай, Ақ Сырға, Ақ Тиін, Сырғалым, Айналма т.б. Қазақ мәдениеті тарихында – фразеология-
лық тіркестер мақал-мәтелдермен қатарласа
өмір сүреді. Мақал-мәтелдер көркем сөз қоры-
ның мәйегі болып саналады. Біздің ойымызша,
мақал-мәтелдер жай сөйлем түріндегі тұрақты
сөз тіркестеріне жатады. Өйткені олар тұрақ-
талған, мазмұны біртұтастыққа ие болған сөз-
дер. Осы біртұтастық мағына мен мазмұнға бай-
ланысты. Мағына мен мазмұн тұтастығы таным
мен түсініктен туындаған ой-пікірдің сан алуан
обарзбен астарласуы, тілдің даму үдерісінде
тұрақты сөз тіркестерінің санамызда орнығуы
негізінде қалыптасқан логикалық тұжырымның
жиынтығы болып келеді. Қаламгер өз шығар-
масында халық тағылымындағы бабалар сөзі
мен сөз тіркестеріне көбірек көңіл бөліп, кейіп-