Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет90/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   446
72 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
бұл тұжырым қосарлы етістіктердің сөзжа-
самдық ерекшеліктеріне де ‰йлес келеді. Өйт-
кені оларда екі элементтен құралған к‰рделі 
сөздер, олардың да к‰рделі етістіктер ретінде 
қолданылатындары бар. Құрылымдық жақтан 
қосарлы етістіктер бөлшектеуге келмейтін 
б‰тінділікке ие. Әр сыңары бір-біріне бағын-
бай, қатар тұрып сөйлемнің бір м‰шесі ғана 
бола алады. Мағыналық жақтан тіркескен 
к‰рделі етістіктер сияқты іштей екі қимылдан 
құралған к‰рделі біртұтас қимылды білдіреді. 
Сол себептен де сөздерді қосарлау тәсілінің 
ішінде бірыңғай етістіктерді қосарлап жаңа 
сөз жасау да сөз тудырыудың өнімді тәсілі деп 
айтуға негіз бар. А. Айғабылов сылап-сипа, 
ойнап-к‰ле т.б. қос сөздердің к‰рделі етістікке 
жататындығын, өйткені олардың етістіктің 
барлық формалары бойынша т‰рленетіндігін, 
ал жата-жастана, бара-тұра сияқтылары-
ның т‰рленбейтіндігін, сондықтан олардың 
к‰рделі ‰стеуге айналғандығын көрсеткен [8, 
55 б.]. Осы тұрғыда көсемшенің -ып, -іп, -п 
тұлғаларымен жасалған қос сөздердің сөй-
лемде етістік фомаларына қарай т‰рлену ерек-
шелігі аталған ғалымдардың тұжырымына сай 
келеді деп ойлаймыз. Бара-бара, ж‰ре-ж‰ре, 
келе-келе, аттап-аттап қимылдың созылма-
лығын, көп уақыт жасалғандығын білдіреді. 
Ж‰ре-ж‰ре Днепр өзеніне тірледік.
Қарсы мәндес сыңарлардан құралған қо-
сарлы етістіктер әдетте іштей өзара қарама-
қарсы екі қимылдан құралған. К‰рделі бір 
қимылдың барысын, аумағын білдіреді. Сы-
зыла шай жасап кіріп-шығып ж‰р. Бұлардың 
саны көп емес: ашып-жауып, кіріп-шығып, 
көшіп-қонып, ж‰ріп-тұрып, батып-шығып т.б.
Жоғарыда келтірілген ғалымдардың пікіріне 
с‰йене отырып, біз де қарсы мәндес қозғалыс 
етістіктерінің де қос сөзді құрылымда келеді 
деп пайымдаймыз. Бұлар да к‰рделі қимыл-
дың атауын білдіреді. Қарсы мәндес ҚЕ-нен 
жасалады: келіп-кетіп, мініп-т‰сіп, барып-
келіп, мініп-т‰сіп, шығып-т‰сіп т.б. Мен бір 
минутке кіріп-шықсам қайтеді (Б. Нұржекеев).
‡йіне кіріп-шықты ғой, сөзі бірақ қырсықтау
(Б. Нұржекеев). Сабыр дейтін жерлесінің жол-
дасы болғандықтан ғана бұлардың бөлмесіне 
анда-санда бас сұғып, келіп-кетіп тұрды 
демесе, тіпті жатақханасы да басқа еді
(Қ. Мұхамбетқалиев). Т‰зге шықсам, Қасыма 
да өзіммен бірге кіріп-шығып, ж‰ріп алды 
(Б.Нұржекеев). 
Қозғалыс етістіктері құранды құрылымда 
келеді. Бұл етістіктер көбіне қозғалыстың 
сынын білдіретін лексемалардан жасалады. 
Қозғалыстың сыны және қозғалыс ұғымы бір 
етістікпен беріледі. Мысалы: жорғаға салды, 
текірекке салды, б‰лкілге салды, тепеңге 
салды, борт-борт желді, сар желді, б‰лк-б‰лк 
желді т.б. Ауылдан шыға бере тепеңге салды 
(Т.Рамазанов). Қазіргі қазақ тіліндегі қозғалыс 
етістіктерінің құрамы: бір буынды негізгі т‰-
бір етістіктер, екі буынды т‰бір етістіктер, 
к‰рделі етістіктер, қосарлы етістіктер, құ-
ранды етістіктер т‰рінде келеді. –ла, -ле (-де, -
де, -та, -те) жұрнақтары қозғалыс етістік-
терінің синтетикалық сөзжасамының негізгі 
жұрнақтары. Синтетикалық тәсіл, аналтика-
лық тәсіл арқылы жасалатын құранды құры-
лымды туынды етістіктер қозғалыстың орнын, 
амалын, тәсілін білдіретін лексемалардан жа-
салып, қозғалыспен қатар оның тәсілі, амалы, 
мәнері бір сөздің бойында сыйыстырылып 
беріледі.
_______________ 
1. Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии 
тюркских языков (глагол). – Л.: Наука, 1981. – 181 с.
2. Қазақ тілінің т‰сіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 
1974.
3. Қажыбеков Е. З. Глагольно именная корреляция 
гомогенных корней в тюркских языках. – Алматы: Наука, 
1986. – 207 с.
4. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам (семантикалық ас-
пект). – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 309 б.
5. Қайдар Ә. Структура односложных корней и основ в 
казахском языке. – Алматы: Арын, 2005. – 295 б.
6. Қазақ грамматикасы. – Астана: Астана полиграф, 
2002. – 784 б.
7. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. – Алматы: Мек-
теп, 1966. – 156 б. 
8. Серғалиев М., Айғабылов А., К‰лкенова О. Қазіргі 
қазақ тілі. – Алматы, 1991. -55 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет