Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет18/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   446
10 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
әркез сезіліп тұратын. Кейде тіпті бізге Мәкең
Құдайберген Жұбановтың бел баласындай 
әсер қалдыратын. Өйткені ол ұстазының жеке 
басын ғана емес, оның соңында қалған бала-
шағаларын да өз бауырындай жақын тарта-
тын, жақсы көретін. Біз өзімізге ‰лгі тұтып, 
өнеге санайтын ұстазымыздың өз ұстазының 
алдындағы шәкірттік құрметіне қайран қалып, 
бас июші едік. Ол барлық уақытта ұстазының 
еңбегін жоғары бағалап, дәріптеп отыратын. 
Сондықтан да болар М.Балақаев 1937 жылы 
15 мамырда «Социалистік Қазақстан» газетін-
де Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі грамматикасы» 
туралы көлемді мақала жариялады.
Мәкең жазуға өте шебер еді. Мәкеңнің 
басшылығымен тілдің барлық саласы бойын-
ша арнайы оқулықтар жазылып, монография-
лар жарық көрді. Мәкеңнің оқулығы өзге 
қаламдастарының еңбектерінен айрықша кө-
рініп тұратын. Атап айтқанда, ғалымның ең-
бектеріндегі ойдың т‰сініктілігі, сөйлемдердің 
жинақылығы, пікірдің дәлелділігі, мысалдар-
дың нақтылығы мен тәрбиелік мәнінің жоға-
рылығы оқулық жазуға қойылатын дидакти-
калық талаптарға толық сай келіп жататын. 
Бірде А.Ысқақовтың: «Бәріміз де жазамыз 
ғой, бірақ осы Мәкеңнің жазуы өз жазуымнан 
т‰сініктірек көрінеді», – деуі немесе Ғ.Мұса-
баевтың Мәкеңнің «Тіл мәдениеті» кітабын 
талдауға арналған жиын болатыны жөніндегі 
хабарландыруды оқып тұрып: «Осы Мәулен – 
тақырып тапқыштың өзі. Дәл осы тақырып 
к‰нделікті баспасөзден де, теледидардан да 
көтеріліп ж‰ргенін көргенімізбен, осы мәсе-
лені арнайы тақырып етіп көтеру керек-ау 
деген нәрсе ойымызға да келмепті. Ал Мәкең 
болса, оған арнап жеке еңбек арнапты, енді 
осы бағытта кандидаттар да шығаратыны дау-
сыз», – дегені ғалымның тапқырлығы мен 
көрегенділігіне берілген шынайы баға болса 
керек. 
Әзілге жаны құмар Мәкең айтарын астар-
лап сыпайы ғана жеткізе алатын. Ол кісі еш 
уақытта біреудің сыртынан ғайбаттап, жел 
сөзге ‰йір болған емес. Замандастары немесе 
шәкірттері туралы ыңғайсыз әңгімелерге бар-
майтын. Сондықтан да ол к‰ншілдіктен, бақ-
таластықтан бойын аулақ ұстайтын. Оның 
өзіне де дұшпандықпен қарайтындар жоқ бо-
латын. Мәкең айналасындағы адамдарды өзге-
лердің пікірімен, сөзімен емес, тек қана өзінің 
көзқарасы бойынша бағалайтын. Бір қызығы, 
Мәкеңнің де, Ісмет Кеңесбаевтың да қыздары 
әкелерімен бір институтта қызмет істеді. 
Қызына ұнамаған адамды Секең де ұнатпай 
қалатын. Ал Мәкеңде ондай сөзге еретін өз-
гермелік қасиет жоқ еді. 
Әрине, өмір болған соң жұмыс барысында 
қызметкерлер арасында кірбің болмай тұр-
майды. Ондайдың шет жағасын Мәкеңнің 
ҚазМУ-да, Ғылым академиясында қызмет 
еткен кездерінде көрдік те. Бірақ Мәкең қан-
дай жағдайда да салмақты жауап беріп, шие-
леністің өршуіне жол бермейтін. Тіпті соңғы 
кезде академик Ә.Хайдар айтқандай, «Тіл 
білімі институтында туындап жататын пікір-
таластары кезінде Мәкең өзінің әзілімен кере-
ғар мәселелерді де оңай шешіп, ортақ мәмлеге 
келтіріп жіберетін. Ондайда ашу тарқап, т‰сі-
ністік орнап, тіпті ұжымды к‰лдіріп те алатын 
сәттері болатын».
Мәкеңнің кейінгілерге сабақ болар бір 
тағылымдық ісіне екі шәкірті қатар куә бол- 
ған жайымыз бар. Академик Н.Сауранбаевтың 
педагогикалық училищелерге арнап жазған 
оқулығы к‰ні б‰гінге дейін өзінің құнын жо-
ғалтпаған және тіл білімінің салаларын қамти 
отырып жинақы жазылған оқулық екені дау-
сыз. Бірақ автордың көзі жұмыла салысымен 
оның осы еңбегін екі автор бөліп пайдаланып 
кете барды. Осы жағдай ойлантты ма әлде 
ұстазымыздың көрегендігі ме, әйтеуір Мәкең 
өзінің ‰ш оқулығына Мырзатай екеумізді 
қосалқы автор етіп кіргізуге өзі қол қойып
рұқсатын берді. Расында да, ол кісінің тұс-
тастарының көпшілігінің есімдері өздері тірі 
кезінде жарық көрген оқулықтарымен ғана 
шектеліп жатса, Мәулен Балақаевтың есімі әлі 
к‰нге дейін жаңа басылымдарда көрсетіліп, 
оның ғылыми мұралары заман ағымына қарай 
толығып, жетілдіріліп келеді. Бұл да көпті 
көрген, сол көргенін көңіліне т‰йген ұстазы-
мыздың бізге берген өмір сабағы екені даусыз. 
Өмірінің соңғы кезеңдерінде Мәкеңнің өз 
еңбектеріне іштей көңілі толып, тағдырына 
ризалық танытқан кездерін көрдік. Әңгіме-
лесіп арқа-жарқа отырған сондай кездерімізде 
тіл мәдениетіне, өзінің өмірінен жазылған 
естеліктеріне арналған еңбектерінің жекелеген 
беттерін кейде өзі оқып, кейде бізге оқытып 
отырып: «Ойпырай, осыншалықты ойды қай-
дан таба бергенмін» немесе «Мына бір сөй-
лемдердің өрнектері ерекше ғой», – деп, әзіл-
шынын араластыра сөйлеп, бір марқайып, 
көңілденіп қалушы еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет