Алматы №1 (135) 2012


Талгат Сайрамбаев. Преподавательские черты лингвиста-ученого Маулена Балакаева



Pdf көрінісі
бет16/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   446
Талгат Сайрамбаев. Преподавательские черты лингвиста-ученого Маулена Балакаева. 
Talgat Sayrambaev. Teaching features of the linguist and scientist Maulen Balakaev. 
 
 
 
Ф.ғ.д., профессор Т. Сайрамбаев 
 
ҰСТАЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ 
 
Қазақ тіл білімін қалыптастыруда А.Бай-
тұрсыновтың, Қ.Жұбановтың еңбегі ерекше 
болды. Ал Қ.Жұбановтың шәкірті М.Балақаев 
еді. Егер А.Байтұрсынов, Қ.Жұбановтар қа-
зіргі қазақ тілінің негізін қаласа, І.Кеңесбаев, 
Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, 
М.Балақаевтар сол істің жан-жақты қалыпта- 
суына еңбек сіңірді. Сол салаға кадрлар дайын-
дады. 
Мәкең қазақ тіл білімінің барлық саласын-
да еңбек етті. Ғылыми жұмыстарының тізіміне 
қарап отырып, ол кісі қалам тартпаған грам-
матика саласы жоқ деп айтуға болады. Бірақ 
сол салалардың бәрімен де байланысы болға- 


8 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
нымен, Мәкең б‰кіл т‰ркі тілінде сөз тіркесі-
нен ‰лкен шаңырақ көтеріп, өзіндік із қал-
дырды. Ол – қазіргі сөз тіркесі синтаксисі. 
Әрине, автор жай және құрмалас сөйлем сала-
сында да ‰лкен мәселелер көтерді. Алайда сөз 
тіркесі саласын қалыптастырып, ‰лкен ғылыми 
орта құрып, өзінің мектебін қалдыруы – оның 
ғылымдағы өзіндік ‰лесі. Сол мектептің ‰рдісі 
мен дәст‰рі б‰гінде М.Балақаевтың шәкірттері-
нің шәкірттері арқылы жалғасып келеді. 
Мәкеңнің басшылығымен тіл білімінде тіл 
мәдениеті бөлімі ашылды. Бұл салада да қазір 
қанша шәкірттер дайындалуда. Бұл бөлімді 
енді белгілі ғалым академик Рабиға Ғалиқызы 
Сыздықова басқарып, одан әрі жан-жақты 
дамытуда. 
«Ұстаз» сөзін жиі айтып ж‰рсек те, ол 
сөздің т‰пкі мағынасына ‰ңіле бермейміз. Тіл 
маманы Н.Оңдасыновтың «Парсыша-қазақша 
т‰сіндірме сөздігінде» (Алматы: Қазақстан, 
1974, 26-б.): Ұстаз (Остаз) сөзінің мынадай екі 
мағынасын көрсетеді.
1. Ұстаз – мұғалім, ақылшы, жетекші. 2. Ұс-
таз – ұста, ‰йретуші шебер.
Енді ұстазға лайық адам бойындағы қа-
сиеттерді санамаласақ, әрине, ол бір мақалаға 
сыя қоймас еді. Сондықтан мен өз Ұстазым 
профессор Мәулен Балақаевтың бір ғана қа-
сиетіне – қарапайымдылығына тоқталсам дей-
мін. Мәкеңнің қарапайымдылығы мен сыр-
баздық қасиеті шәкірттерімен сұхбаттасқанда, 
өз тұстастарымен қарым-қатынасында, оқыған
дәрістерінде, тіпті өзі жазған еңбектерінде де 
байқалып тұратын. Қазақта бір тәрбиелі сөз 
бар: «Балаға ақырып ‰йретпе, ақырын ‰йрет» 
деген. Осы айнымас қасиет ұстаз бойында 
өмірінің соңғы к‰ндеріне дейін сақталды. 
Менің т‰сінігімде, ұстаз – адамды жақсылыққа 
‰йретуші және ғылым сырын т‰сіндіру жолын 
білуші және білуге баулушы.
Ұлы Абайдың: «Әрбір хакім – ғалым, ал 
әрбір ғалым хәкім емес» – деген сөзі ғалым-
ұстаз жайлы айтылған анықтама сияқты. Абай 
сөзін тарқатып т‰сінетін болсақ: ғалымдық 
білуде, білімдарлықта болса, ал ғалым хакім, 
яғни ғалым ұстаз – сол білгенін басқа біреуге 
‰йрете алатын, білдіру шеберлігін меңгерген 
адам. Олай болса, Мәкеңде білдіру шеберлігі 
к‰шті болды. Ол шеберліктің бәрі сол қара-
пайымдылық қасиетінен бастау алып жата-
тын. 
Өзімнің ұстаздық жолымда жастарға тән 
мынадай қасиеттер болатынын байқадым: олар-
дың жақсылыққа құмарлығы және жаңа құбы-
лысқа құмарлығы. Бірақ жаңалықтың бәрі 
жақсылық бола бермесі хақ. Жақсылық қасиет 
– жасандылықтан басқаша. Ол – бірқалыпты 
әрі ұзақ байқалатын қасиет. Осы қасиеттің 
Мәкең бойында берік екенін 40 жыл бойы бай-
қадым. 
Біздің уақытымызда жастар ортасында ұс-
таз болу оңай емес. Жастық шақ пен есейген 
шақтың арасы жер мен көктей. Бірақ шәкірт-
тің ұстазды т‰сінуі, тыңдауы, еліктеуі ол ‰й-
рететін ғылымына да байланысты. Әркімнің 
әдісі әрт‰рлі. Т‰пкі мақсат – шәкіртті білдіру. 
Осы әрекетке әркім әр жолмен жетеді. Ал 
Мәкеңнің қолданған әдісі – ғылымға ойды 
бағыттай білуі. 
Ұстаздың өмір бойғы тынымсыз ізденісі 
‰лкен беделге ие ететіні сөзсіз. Мәкең өмірінің 
соңғы жылдарына дейін жаңа еңбектер беру-
ден танбады. Әсіресе, «Зерде баспалдақтары» 
атты өмірбаяндық еңбегі таза ұстаздық жо-
лына, оның дамуы мен қалыптасуына ар-
налған еңбек болатын. Оны Мәкең өзі де, ‰йге 
келген шәкірттеріне де оқытып, ризашылық-
пен тыңдап отыратын. 
«Адамның білімі мен өнері – адамшылық-
тың таразысы» дейді Ұлы ұстазымыз Абай. 
Мәкең бойында қалыптасқан ғылым және сол 
ғылымды ‰йрету өнері, ‰йрету шеберлігі бол-
ды. Осы қасиет Мәкеңнің ұстаздық қабілетін 
даралай т‰сті. 
Мәкең де – ұстаз. Ол – ұстаздықтың екі 
т‰рін бастан кешірген жан. Біріншіден, мектеп 
қабырғасында еңбек етіп, тер төкті, екіншіден,
жоғары оқу орындарында дәріс беріп, тіл ма-
мандарын дайындаумен айналысты. 
Мәкең осы екі салада да жігерлі қызмет 
атқарды. Сондықтан мектеп шәкірттеріне ұс-
таздық ете отырып, тіпті аудандық оқу бөлі-
мінің меңгерушісі болғаны да бар. 
Мәкең оқушыларын өзінің «Ана тілі» оқу-
лығымен сусындатты, көзін ашты, сауаттылық-
қа ‰йретті. Зерделей қарасақ, қазақ мектептері-
нің бастауыш сыныптарына арнап А.Байтұр-
сынов (1912), М.Дулатов (1916), М.Жолдыбаев, 
М. Жұмабайұлы (1924), А.Байтұрсынов, Т.Шо-
нанұлы (1926), Н.Төреқұлов (1924), Ж.Ай-
мауытов (1929), А.Абайдилдин, Ғ.М‰сірепов 
1929 жылдары жаңа әліпби жазғаны белгілі. 
Бірақ олардың еңбектері солақай заман дауы-
лына тап келді де, кеңестік дәуір мектепте-
рінде қолдануға рұқсат етілмеді, авторлар тегіс 
қудаланды. Міне, осы кезде сол асылдардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет