Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет236/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   446
Чалтикенова Л. 
В статье рассматривают вопросы о смешении морфологических и синтаксических вариантов слов на примере 
казахского языка.
Chaltikenova L. 
The article examines the confusion of morphological and syntactic variants of the words through the example of the 
Kazakh language. 
 
А. Н. Хасенова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ізденушісі 
ҚИМЫЛ ЕСІМДІ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР 
 
Қазақ тілі білімінде қимыл есімдері жан-
жақты зерттеліп келді. Оған дәлел ретінде
А. Ысқақов, А. Айғабылов, К. Неталиева,
А. Салқынбай еңбектерін айта аламыз. Қимыл 
есімдерінің ұғымы, сөзжасамдық қызметі то-
лық қарастырылса да, олардың сабақтас құр-
малас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баян-
дауышы бола алу қабілеті арнайы жеке қа- 
растырылып, көп талдана бермегені белгілі.
Қазақ тіл білімінің синтаксис саласына жа- 
зылған еңбектердің денінде, атап айтқанда
Н. Сауранбаев, Ғ. Әбуханов,
Т. Қордабаев, Қ. Есенов еңбектерінде, са-
бақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолда-
рында тек есімше, көсемше, шартты рай фор-
малары беріледі де, қимыл есімдері мақсат ба- 
ғыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жаса-


186 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
луына қатысты конструкция ретінде қарасты-
рылады.
Профессор С. Аманжолов «Қазақ әдеби
тілі синтаксисінің қысқаша курсы» атты ең-
бегінде тұйық етістік арқылы жасалатын са-
бақтас құрмалас сөйлемдер жайлы:
«Есімшеге я тұйық етістікке жалғанған жал-
ғау ‰стіне қосылатын жалғаулар мыналар: көрі, 
бұрын, бері, басқа, кейін, соң (бұлар шығыс жал-
ғаудан кейін келеді), қарай, лайық, таман, бола, 
шейін (бұлар барыс жалғауды керек қылады), 
орнына, алдында (ілікті керек қылады)» дей 
келіп, оларға мынадай мысалдар келтіреді: 
«Әшімнің баяндама жасауына қарай, жұрт 
көп жиналды. 
Әшімнің баяндама жасауына лайық, жұрт 
көп жиналды. 
Әшім баяндамасы басталуына таман, біз 
де келіп қалармыз.
Әшім баяндама жасауына бола, колхозға 
барды.
Әшім баяндама жасауға шейін, жұрт тым-
тырыс отырды.
Әшім баяндама жасаумен бірге, өзі ән- 
к‰йді басқарды. 
Әшім баяндама жасаудың алдында, бізге 
тезисін көрсетті.
Әшім баяндама жасаудың орнына, әңгіме 
айтып кетті» [1,194-195]. 
Автор мәселені дұрыс көрсеткенімен, алын-
ған сөйлемдер ауызша құралудың негізінде 
берілгендіктен, бұл пікір ғылыми айналымға 
т‰се алмады деп есептейміз. Ғалымның осы 
пікірінен кейін де, қимыл есімдері басқа қы-
рынан мол зерттелсе де, нақты сабақтас құр-
малас сөйлемдерге қатысты зерттелмеген. 
Қимыл есімдері арқылы бағыныңқы сы-
ңардың баяндауышы жасалатындығына жіті 
мән беріп, ғылыми зерттеу нысанына айнал-
дырып, оның жасалу формаларын шығаруды 
көздеген ұстазым, профессор Т. Сайрамбаев еді. 
Профессор Т. Сайрамбаев пен Б. Сағын-
дық жазған «Құрмалас сөйлемдер ж‰йесі» 
атты еңбекте (С. Аманжоловтың көрсетуінен 
кейін) алғаш рет қимыл есімі сабақтас құр-
малас сөйлемдердің жай сөйлемдерін байла-
ныстыру қызметіне ие екендігі жазылды. Ең-
бекте сабақтас құрмалас сөйлемдер жайлы бы-
лай берілген: «Сабақтас құрмалас сөйлемнің 
бірінші тиянақсыз сыңары бағыныңқы, екінші 
сыңары басыңқы деп аталады. Бағыныңқы 
сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз формада 
айтылады. Бұл ұзақ уақыттың жемісі. Оның 
өзі көбіне етістік баяндауыштары, яғни есім-
ше, көсемше, шартты рай, оларға т‰рлі шы-
лаулардың т‰йдектелуі арқылы және есімдер-
ге т‰йдектелген көмекші етістік, модаль сөз-
дердің қатысы арқылы жасалады. Демек, ба-
ғыныңқы сөйлем баяндауыштарының тиянақ-
сыздығының негізінде ғана олар басыңқыға 
бағынышты. Сонымен бағыныңқы сөйлем ба-
сыңқымен:
- көсемше 
- шартты рай 
- есімше 
- қимыл есімі
- есімдерге көмекші етістік, модаль сөз-
дердің т‰йдектелуі арқылы жасалады» [2, 63]. 
Қимыл есімдері есімше сияқты сол тұлғада 
басыңқы сыңарда жұмсалмайтындығын ескер-
теді. Авторлар өз еңбектерінде қимыл есімінің 
сабақтас сөйлемдердің жай сөйлемдерін бай-
ланыстыруда тек қана ‰шін, себепті шылау-
ларымен т‰йдектеліп келетіндігін көрсетеді. 
Мынадай мысалдар келтіреді: Жол қысқару 
‰шін, жолдасыммен сөйлесуді мен өзім де 
тілеп келе жатқан едім (Б. Майлин). Физио-
логиялық әсері бірдей болмауы себепті, жаңа 
жасанды дәрілер ауру қоздырушы микроор-
ганизмдерді тез жойып жібереді («Білім 
және еңбек») [2, 66].
Көріп отырғанымыздай бұл еңбекте қимыл 
есімдері жеке бөлініп берілгенімен, оның 
жасалуына авторлар тек ‰шін, себепті шы-
лауларын ғана көрсетумен шектеледі. Десек те 
бұл зерттеу бізге қимыл есімінің сабақтас құр-
малас сөйлемнің бағыныңқы сыңарында жұм-
салатынын ғылыми т‰рде көрсетіп, берілген 
мысалдарымен дәлелдей алғандығымен құнды 
екенін ескергеніміз жөн.
Ендігі кезекте құрмалас сөйлемдерге ар-
налған соңғы жарық көрген зерттеу еңбекте 
сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрмаласу 
жолдарын қалай берілгендігіне тоқталайық. 
Бұл Р.С. Әмір мен Ж.С. Әмірованың «Құр-
малас сөйлемдер қазақ тілінің грамматикалық, 
функционалдық ж‰йесінде» атты еңбегі. Зерт-
теуде есімше, көсемше, шартты рай тұлғала-
рымен қатар қимыл есімі де беріледі. Автор-
лардың сабақтас құрмалас сөйлемдердің грам-
матикалық т‰рлері мен жасалуына берген топ-
тастыруына назарымызды аударайық:
«Сабақтас құрмалас сөйлемді ұйымдасты-
руға қатысып, оған грамматикалық форма 
беретін амалдар көп. Солардың қатарында 
басты қызмет атқаратын – бағыныңқының 
баяндауышының құрамына қатысатын негізгі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет