Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 185
(«Лен.жас»). Бұл ‰йде Сара бар ма, отыр
неғып,
Қарсы ұшпай тоты құстай қанат қағып (Біржан).
Не қылып/неғып/нағып. Не әрекет жа-
сап, не істеп
Не қылып, не қойғанын өзі де білмейді
(«Жалын»).
Неғып ербиіп тұрсың? (С.Талжа-
нов). Жапан т‰зде
нағып ж‰рсің? (Батырлар
жыры).
Сұраулы сөйлем хабарлы сөйлем арқылы
берілетін ойды білдіріп, баяндауыштың ұйыт-
қы боларлық қызметінің арқасында сөйлем-
дер өзара вариант болады.
Сіңісу құбылысының әсерінен кейбір жеке
дыбыстар, буындар тек т‰бір сөздердің құра-
мынан емес, сөз тіркестерінен де т‰сіріліп ай-
тылады. Екі т‰бір сөз бір-біріне кірігіп, ажы-
рамастай болып кеткен. Сіңіскен сөз тіркес-
тері мен кіріккен сөздер ықшамдалып, жаңа
мағынаға ие болған сөздер аралас келіп ва-
риант қатарларын құрайды.
Сөз тіркестері мен жалғаулық шылаулар-
дың өзгерісінен жасалған сөз варианттарының
өзіндік даму сатылары ерекше назар ауда-
рады, болашақта да зерттеу нысаны бола ала-
ды. Сөз тіркестерінің жергілікті ерекшелік-
терге тән т‰рлері де көптеп кездеседі, бірақ
олар әдеби тілдің өлшеміне жатпайды. Сөз
бен сөздің тіркесу м‰мкіндігінің шегі бар.
Есім сөз бен етістіктің, кейбір сын есім мен
көмекші етістіктің, шылау мен көмекші сөз-
дердің тіркесу тәсілі жан-жақты. Тілдің да-
мып, қоғамдық қызметінің артуымен сөз тір-
кестері де молығып, ішінара өзгеріске ұшы-
райтыны байқалады. Сөз тіркесіндегі сөздер-
дің білдірер мағынасының логикалық ойға
қайшы келмеуі олардың әдеби тілде орнығуы-
на белгілі дәрежеде әсер етеді. Сондай-ақ
меңгеру амалымен құрылған етістікті сөз тір-
кестерінің вариант болып жұмсалуы, бір сеп-
тіктің орнына екінші септіктің алмасып жұм-
салуы норма тұрғысынан айқындалады.
Синтаксистік варианттар дегеніміз белгілі
тілдік формалар мен құрылымдарды қалай
болса солай алмастыру болып шықпайды, қай-
та сол формалар мен құрылымдарды мақсат-
қа сәйкестендіріп, құбылта, құлпырта қолдану
болып табылады.
______________
1. Ысқақов.А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Ана тілі,
1991, -384 б.
2. Лукьянова Н.А. Однокоренные синонимы и ва-
рианты слова. Синонимия в языке и речи. Новосибирск,
1970, С.151-163
3. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. –Алматы,
1969.
Достарыңызбен бөлісу: