Жамағайын//қабырға ағайын//жамағат.
Аздаған жақындық, жанама туыс. Байсақал жамағатына қарады, мұнысы
«қымыз құй» деген ишараты екенін т‰сінді
тоқал (С.Талжанов). Тәжірдің жақын туыс-
тары мен бір жамағайындары қара шаңырақ-
та бас қосысты (Т.Әлімқұлов). Қабырға ағайын Ақайдың Хасені Мәдидің кішкентай к‰нінен
бастап осы Қақабайға қандай істер істеп ж‰р-
генін білетін (Ә.Бектасов).
К‰лдібадам//к‰лді-көмеш. Шала-шарпы, шикілі-пісілі, құны төмен, арзан қол. Серке еш уақытта да, еш спектакльде де
ала-құла ойнап, көруші жұртшылыққа к‰лді- бадам өнер танытып көрген емес («Қаз. әдеб.»).
Өлеңді жаза салып к‰лді-көмеш к‰йінде газет-
ке қарай тоғыта беру ағаттық болады («Қаз.
әдеб.»).
Өзара//өзді-өзі. Бірімен-бірі, өзді-өзімен.
Өйдеу//олай деу. Олай деп айту Асан атаның өйдеуінің себебі бар шығар,
кім біліпті (Ауызекі тіл). Олай деме, шырақ,
сабыр сақтағанымыз жөн шығар (Ауызекі тіл).
Өйту//олай ету//‰йту. Ол айтылғандай істеу.
Бір ғылымнан басқаның Бәрі де кесел ас-
қанға, Өйткенадам жолығар Кешікпей-ақ
тосқанға (Абай). Олай ете қоймас деп ойлаған
едік (Ауызекі тіл). ‡йтіп, б‰лдіріп қайтесің,
жиен (О.Сәрсенбаев).
‡н жоқ// ‰ндемеді.Сөйлемеу, тіл қатпау.
Ермекбайда ‰н жоқ. Ермекбай ‰ндемеді
(І.Жанс‰гіров).
Бұл сөз тіркесі мен сөздің берер мазмұны
бір, субьектінің қимылға, әрекетке пассив қа-
тынасын, белгілі бір әрекеттің болмағанын
білдіріп өзара вариант болып тұр.
Таңдану//таң қалу.Аң-таң болып қызы- ғып қарау, ішіп-жеп тесіле көз тігу. Маған бұрыннан таныстығын білдіріп, Жі-
бектің сөйлесе кеткеніне өзім таңдандым (Ж.Өмірбеков). Мен біреудің денсаулығы ‰шін
өз денсаулығын құрбан етушілерге таң қала-
мын (Қ.Мұхамеджанов).