Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет289/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   446
230 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
руге психологиялық жағынан тұтас берілген. 
Белгілі өнер адамдарының сөзін тыңдап, ‰лгі 
алған. Бар тілегі, арманы сөз өнері болған 
анық таланттың т‰сіне енді өлең, жыр кір-
мегенде не кіруі керек? Тек оны баяндауда 
халық арасындағы «сөз қонды» деген ұғымды 
пайдаланып, осы арқылы өз дәрежесін көте-
руді де көздегені рас. Бірақ мұның да әр ха-
лықта өзіндік астары болған. Мысалы манас-
шылар «жыр қонды» дей отырып, өзінің ал-
дындағы жырды ‰йретуші ұстаздарын айтуға 
онша құлықты болмаса, қарақалпақ, қазақ 
жыр айтушылары өз ұстаздарының есімін құр-
метпен атап, ұстазының ‰лгі алған жырау-
ларының алдындағы бес-алты өкілін де айтып 
отырған. 
Осы мәселенің бір қыры ақындық, жыр 
айту өнерінің ұрпаққа беріліп, генеологиялық 
тұрғыда тарауы да көңіл аударуға тұрарлық. 
Болашақта арнайы зерттеуді керек ететін бұл 
мәселеге тоқталып жатпай-ақ бірер мысал 
келтірсек Д‰збенбет жыраудан оның баласы 
Жиенбайға, одан оның баласы Р‰стембекке, 
одан оның баласы Көшеней, Бидасқа, Көше-
нейден Арбалыға, Бидастан Барболға жыр 
айтудың жалғасқанын тілге тиек етуге бо-
лады. Сондай-ақ Қазақстанның халық ақыны 
Көкен Шәкеевтің әкесі Шәкей сол Ақан-
серінің атақты серілерінің бірі болса, баласы 
Ербол, Еркеш өнер саласына бет бұрғанын 
айта кеткен жөн.
Жырау,жыршы және музыкалық аспап.
Жырау, жыршылардың жыр айту дәст‰рінің 
негізгі сипаттарының бірі – жыр айтуда музы-
калық аспаптарды кеңінен пайдалануы. Жал-
пы қазақ эпостарында аты аталатын музы-
калық аспаптың алғашқыларының бірі -
сыбызғы. Негізінен лиро-эпикалық эпостарға 
тән к‰й сазын ойнайтын бұл аспап, қарачай-
ларда «сыбызһье», балкарларда «сыбызхе» 
деген атаумен жыр айтушыны с‰йемелдейтін 
музыкалық құрал ретінде аталады. Эпикалық 
жырды орындауда тікелей айтушының пайда-
ланған бірінші музыкалық аспабы ретінде 
қазақ халқында қобыз аталады. Ә.Қоңырат-
баев қобызды (купу) Орхон-Енисей жырларын 
айтушылардың пайдаланған құралы деп қара-
ғанмен бұл аспаптың сөз өнерімен қатысы ал-
ғаш бақсыларға байланысты айтылады. Ұзақ 
уақыт жыр с‰йемелдеу құралы болған бұл ас-
пап, кейін Марабай, Нысанбай, Жанақ секілді 
ақын-жыршылардан соң тікелей бақсылардың 
культтік, не музыканттардың к‰й ойнау құ-
ралы ретінде қалған. Қобыз аспабы - өзбек-
терде (кобуз), қарачай-балкарларда (қыл қо-
буз), ойраттарда (хур), татар, кабордин, осе-
тиндерде (капыр қобуз) ежелден жыр айту-
шылар пайдаланған аспап.[5,123] 
Өзінің сарынын қобыздан алды делінетін 
домбыра аспабы-қазақ жыр айтушыларының 
кеңінен пайдаланған музыка аспабы. Ән салу, 
к‰й шерту, жыр айту домбырасыз болмаған 
десе де болады. Домбыраның кезінде ‰ш 
ішекті т‰рі де болған. Өнер адамдарына алып 
ж‰руге ыңғайлы, не керемет музыкалық сазды 
салуға болатын бұл аспапты шебер игеру де
жыр айтқыштықтың бір компоненті деп 
есептелген. Музыкалық с‰йемелдеу дәст‰ріне 
тікелей байланысты құбылыстың бірі – жыр 
айтушылардың жыр айтар алдында ұзақ эпи-
калық сарындағы к‰й шертіп толғануы. Бұның 
сырын О.Нұрмағамбетова: «Жырау не сразу 
приступает к исполнению эпоса. В начале он 
основательно подготавливает и себя и ауди-
торию… Так перед тем, как приступить к ска-
занию. Джамбул и Нурпеис играли кюй 
(музыкалные пьесии, сюжеты)» -, деп т‰сін-
діреді.[4,236] Эпос айтушылардың музыкалық 
сазын көп зерттеген Б.Ерзакович Шәкір Әбенов 
«Қыз Жібек» жырын айтар алдында ұзақ 
«Қорамжай» атты к‰й тартатынын айтады. 
Жыр айтар алдында эпикалық к‰й сарының 
ойналуының тамыры тереңде жатқанын хал-
қымызда эпостармен аттас «Қамбар», «Көр-
ұғлы» және т.б. көптеген к‰йлер бар екенінен 
көруге болады. Бұл болашақ музыка зерттеу-
шілерін к‰тіп тұрған проблеманың бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет