238 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
тіліндегі ерекшеліктерді де бірнеше топқа
бөліп қарастыра отырып, бұл мақалада Т‰р-
кістан тұрғындары тіліндегі тағам атауларына
байланысты ерекшеліктерді сөз етпекпіз. Ау-
қат – тамақ, ас. Ауқат алыңыздар! Ауқат істеп
‰йде отырамыз ба? Жергілікті жерде жалпы
қазақ тілінде айтылатын кеспе көже, к‰ріш
көже, бидай көже, арпа көже атауларының
қолданылуымен бірге басқа өңірлерде кездесе
бермейтін мына төмендегі сөздерді айтуға
болады. Олар:
Сұйықаш – сұйық тамақ, көже.
Б‰гін жақсылап бір сұйықаш істеші (Оранғ.
Құш.).
Ет сорпа – ет, картоптан жасалған сұйық
тамақ т‰рі.
Қара сорпа - піскен еттің қамыры
салынбаған сорпасы. Қара сорпаға пияз, нан
турап ішеді.
Қайнатпа сорпа - ет араласқан
сұйық тамақ, сорпа.
Қайышаш – қамырын
ұзын етіп кесіп жасайтын тағам, кеспе.
Жау-
ған көже. 1. Ет, май қоспай пісірілетін тамақ.
Қамырға көк жалбызды турап салып илеп,
оқтаумен жайып, шетінен бармақпен ‰зіп
тастап пісірілетін тамақ. Азанда жауған көже
іше сала кеттік; 2. Сөктен, тарыдан жасалған
көже.
Жұлма көже – қамырды жайып, қолмен
жұлып-жұлып салып жасаған нан көже. Жұл-
ма көжені пышақ тигізбей, ауырып жатқан
адамға арнап жасайды. Пышақ тимей жасал-
ған жұлма көже жеңіл болады деп есептейді.
Белбайлы көже - ұнды қуырып, май, с‰т, сөк
қосып жасайтын көже. Белбайлы көжені жаңа
босанған әйелге, ‰лкен кісілерге береді. Теңге
көже – қамырға жалбыз қосып илеп, төрт бұ-
рышты етіп кесіп жасаған тағам т‰рі. Б‰гін
теңге көже жасаңдаршы, - деді енесі келініне.
Достарыңызбен бөлісу: