Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет353/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   446
280 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
өмір шиырынан б‰гінгі өмір туралы. 1916 
жылғы көтеріліс есіңізде ме? Алғабас тауын-
дағы көтеріліс... Сонда көтерілісшілер ішінде, 
көтерілістің мәнін әлі т‰сініп те болмаған, 
босаң, момын, уыз жігіт Қартқожа, көтеріліс-
шілер тарай бастағанда салы суға кетіп, арық 
торы байталына солбырайып мініп, солғын 
тебініп ‰йіне қайтып бара жатқан Қартқожа 
1920 жылы апрель айында Сұлтанмахмұттың 
көңілін сұрай барады. Сонда орысша оқуға 
Сұлтанмахмұтқа уәде береді. Артынан Қарт-
қожа Омбыға оқуға кетіпті. Рабфакқа т‰сіпті. 
Енді соның былайғы жәйін сөз етпекпін... 
Жаза бастасам да жазым баспау ‰шін аяқ-
тауын асықпаймын» (4). 
Романның ‰ш бөлімінде көптеген тараулар 
бар. Қазақ даласы, өмір-тұрмыс суреттерінен 
өзге Қартқожаның адами әлемі, д‰ниетаным 
иірімдері кең орын алған. Автор өмір-тұрмыс 
сырларын терең зерттеп, соған сай еңбек 
адамдарын, олардың іс-әрекеттерін нанымды 
көрсетеді. Қыр көріністері, қазақ отбасының 
ж‰деу тұрмыстары, адамдардың қарым-қаты-
настары, өмірге, еңбекке көзқарастары реалис-
тік сипат алған.
Бұл жайттар роман табиғатынан, әсіресе 
Қартқожа төңірегінен терең танылады. Қарт-
қожа романы деректі шығарма емес, жазу-
шының нақты өмір матермалдарын көркем 
жинақтауынан туындаған д‰ние. Бұл туынды 
– Ж.Аймауытовтың шығармашылық табысы 
болуымен қатар, қазіргі қазақ әдебиетінің де 
табысы. Дәуір шындығы көркем өнер шын-
дығына айналған, көп қырлы, көп сырлы на-
ғыз халықтық шығарма.
«Қартқожа» романында ұзақ заман хикая-
сы баяндалады. Ірі тұлғалар, мықты харак-
терлер, мінез-құлықтар бар. Ескінің өшіп, 
жаңаның өсіп келе жатқан заманында к‰рес-
керлік дәрежеге көтерілген Қартқожадай қа-
жырлы жанмен танысамыз. Қартқожаның көз-
қарасындағы, д‰ние танымындағы ‰лкен эво-
люция нанымды дамып отырады. Бұған ро-
манның соңғы бөлімінде Қартқожаның – сая-
си к‰рескер, қоғам қайраткері ретінде көрінуі 
дәлел бола алады.
Қартқожаның ж‰ріп өткен жолы, өмір-
тағдыры арқылы көркем де кестелі, кемел су-
реттелінеді. Жазушы қолтаңбасынан өмір-
тұрмыстың сырлы суреттері, ой-сөз ж‰йесінің 
‰йлесім-өрнектері, стиль сұлулығы ерекше 
серпінмен, шабытпен баяндалады.
Романда жастар бейнесі көптеп кездеседі. 
Оқыған шәкірт – Ж‰ніс, оның ғашығы – Шәм-
кен, патша жарлығына наразы – Дәрмен, Има-
қан, Нығыман т.б. өзіндік көзқарастары бар, 
әрі азаттық ‰шін алыса білетін, сыртқы жау-
дан елін де, жерін де қорғауға дайын тұлғалар 
ретінде есте қалады. Олардың бір-біріне деген 
қарым-қатынасы, өзара ынтымақтастығы на-
нымды әсер қалдырады. Ортақ іске бар адам-
дай жұмылулары да сенімді, мәнді. 
Романдағы жастар бейнесі, соның ішінде 
Дәрмен сегіз қырлы, бір сырлы дарын (ақын 
әрі әнші, батыр әрі палуан), әрі өткен мен 
келешек туралы өзіндік көзқарас, т‰сініктері 
бар. Оның ақын-әнші өнерпаздығы Қартқожа-
мен қатар қалың көптің көңілінен шығады. 
Дәрмен ән-өлеңі арқылы қазақ өмірін, адам-
дары мен даласын, ел-жер сипатын кең кө-
лемде көрсетеді. Мысалы: «... жігіттер Дәр-
менге тағы да айт деп сұрады. Ол өзі де айт-
қалы отыр екен, бөгелген жоқ. Иманж‰сіпті, 
Б‰ркітбайдың «Мұстапасын», Жарылғап қа-
жының «Алтыбасарын», тағы бірнеше әндерді 
т‰йдегімен тастап жіберді. Мұң мен назы 
аралас Мұстапаның зарлы әні, жорғадай тай-
палып, құйындай екпіндеген Жарлығаптың 
екілі «Алтыбасары» Дәрменді де қызықтыр-
ды, екілендірді, салған сайын оның ас-қардай 
асқақ, Арқадай байтақ, тұлпардай желді, алып-
тай еркін ащы айғайы аспанға құлаш сермеді, 
тау да сай да, бұлақ та, тал да Дәрменге ‰н 
қосты» (2, 72б.). Жазушы өнер тақырыбын, 
осы төңіректегі ойлары мен тол-ғаныстарын – 
Дәрмен таланты, өнерпаздығы арқылы кеңі-
нен көрсетеді.
Романдағы Сұлтанмахмұт пен Қартқожа-
ның сұхбатынан көңіл жақындығы сезіліп тұ-
рады: 
«Сол жылы Сұлтанмахмұт деген жас ақын 
Семейден ауырып, еліне келген. Қартқожа 
Махмұтты білген. Ол ақ ж‰рек, кедейшіл, жа-
лынды жас ақын болатын. Елдегі байлардың, 
жуан атаның нашарға істеген қиянатын, зор-
лығын газетке жазып, к‰штілермен ұстасып 
ж‰ретін. Сұлтанмахмұт жуандардан қорық-
пайтын, бетің-ж‰зің демей, көңілдегісін айтып 
салатын. Семейдегі жастар Сұлтанмахмұтты 
қолдайтын, ‰лкендері адамгершілігін, тура-
шылдығын, тазалығын, ақындығын бағалап, 
сыйлайтын ... 
Махмұт ‰йде екен. Қартқожаның келгеніне 
қуанып қалды. Бірақ ж‰деу екен, жөтелі жиі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет