Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет354/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 281 
ұстап, көп сөйлесе зорланып қалады екен...» 
(2, 120-121бб.). 
Ақиқатында автор Қартқожа мен Сұлтан-
махмұттың өзара сұхбаты арқылы халық 
болашағына қатысты көкейтесті мәселелерді 
(азаттық, еркіндік, елдік, мұрат, тәуелсіздік 
талаптары т.б.) кеңінен қозғайды. Әсіресе 
азаттық, теңдік мәселесінің қазаққа, оның 
өмір-тұрмысына ауадай қажеттілігі терең сезі-
леді. Ел еркіндігі мен тәуелсіздігі қашанда 
қымбат, қастерлі екенін назарда ұстасақ, мұ-
ның ортақ, ‰лгілі ‰рдістері – Қартқожа мен 
төңірегіндегілерден (Сұлтанмахмұт, Дәрмен 
т.б.) олардың көзқарас, әрекеттерінен жарқын 
көрініс тапқан.
Егер біз әрбір кейіпкердің тілдік ерекшелі-
гін тауып қолдана білу әдебиеттің басты шар-
тының бірі десек, ол міндет Ж.Аймауытұлы-
ның шығармасында мейлінше жан-жақты, кең 
ж‰зеге асқанын көреміз. Бұл, әрине, жазушы-
ның қоғамдағы билік баспалдағының т‰рлі 
биігінде тұрған адамның сөздік қоры арқылы 
сол дәуірдің тыныс-тірлігін өз дәреже, дең-
гейінде бейнелей отырып шындықты айту бо-
лып есептеледі. Бұл орайда ғалым Б.Шала-
баевтың мына пікірі орынды: «Қазақ романы-
ның алғашқыларының бірі «Қартқожада» ха-
лықтың к‰нделікті қолданысындағы қара-
пайым сөздер автор қаламынан төгіліп оты-
рады. Роман лексикасынан, қазіргі прозада 
бар болса да, некен-саяқ кездесетін (белгілі 
бір стильдік мақсатта), өз тұсындағы сан-алуан 
сөздік ‰лгілерін табамыз. Мысалы: нашар (ке-
дей), бейуаз (бейк‰нә, бейшара), азбеніш (ал-
даныш), қарға (бала), аяғын шырмау (‰йлен-
діру), қазан бұзар (тентек), сөкетті қылу (кінә-
лау), ‰шкөл (школа, мектеп), перуаштік (ау-
дармашы), нашалнік (бастық), біткенше (аз 
ғана), бұзық (ғаламат) т.б.» (5, 41б.).
Жазушы игерген әдеби әдіс өзінің тіл өр-
негіне қатысты ерекшелігімен біртұтас бірлік 
тауып, шығарманың идеялық, көркемдік сапа- 
сын анықтаған жағдайда, сол сапаның белгісі 
шығарманың мазмұны мен пішінінің д‰ние-
танымына сай өмірді көркемдік заңымен 
игеру жолы деп білуіміз керек.
Ж.Аймауытұлының «Қартқожа» романы 
қоғамдық-әлеуметтік құбылыстарды, өмір-
уақыт шындықтарын, қазақ ауылындағы дәс-
т‰р өнегелерін, тұрмыс-салт суреттерін басты 
тұлға Қартқожа төңірегінде топтастырып, сол 
арқылы адам әлемін еңбегі мен мақсат-мұ-
раттарын көркем, нанымды баяндайды.
Жазушының «Қартқожа» романындағы 
көшпелі өмірдің көріністері, өмір шындығы 
мен уақыт сырлары тарихи дәлдікке, ақиқат 
жайттарға негізделеді.
Қартқожа жолы – қазақ халқының басынан 
өткерген әр алуан құбылыс, көріністермен 
‰ндес, сәйкестікте суреттелінеді.
Жазушы еңбегі мен шығармашылық із-
деністерінен өмір шындығы, оны көркемдік-
пен игерудің алуан ‰лгі-өрнектері бар. Халық 
әдебиетінің ‰лгілері, адами құндылықтар мен 
өмірдің шынайы шындықтары кеңінен орын 
алған «Қартқожа» романы – қоғамдағы адам 
факторын, адамгершілік-рухани мәселелерді, 
ең негізгісі, қазақ халқының қиын да к‰р- 
делі кезеңдерін көркем, шебер де шешен сөз 
етеді.
«Қартқожа» романының рухани байлығы – 
халқымыздың өткен өмір-тарихы туралы көр-
кем де ж‰йелі баяндап, ондағы басты тұлға- 
лардың адами әлемі мен асыл бейнелерін кең 
көлемде көрсете білген шығармалардың қата-
рына жатады. 
_____________ 
1. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасырдың бас кезін-дегі қазақ 
әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 104 б.
2. Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 
1989. 
3. Сағынбекұлы Р. Ж‰сіпбек Аймауытұлы (Өмірі мен 
қаламгерлік хақында). – Алматы Рауан, 2007. 
4. Әбілев Д. Ж‰сіпбек аға // Қазақ әдебиеті. – 1989. – 
13 қазан.
5. Шалабаев Б. Көркем проза тілі. – Алматы: Білім, 1994. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет