Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет421/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   446
334 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
Қазығұрт, Ұлытау, Қарқаралы, Шаңырақ-
тас, Әулиешоқы, Хантәңірі, Ойсыл-қара, Қы-
рық қыз, Оқжетпес, Баянауыл, Жасыбай, Тұ-
ран, Домбыралы, Найзатас, Керегетас, Бектау 
ата, Еренқабырға, Арыстан бап т.б. көптеген 
жер-су аттары қазақтың мифологиясынан, на-
ным-сенімдерінен, рухани танымдарынан, эсте-
тикалық құндылықтарынан сан-сапалы ақпа-
рат, деректер бере алады. 
Қазақ есімдерінің ағылшын тіліне транс-
литирациялануы. Д‰ние ж‰зіндегі көптеген 
мемлекеттермен байланысымыз жылдан-жыл-
ға кеңейіп келе жатыр. Ономастика саласы 
бойынша көптен көкейде тұрғандықтан, орыс 
тілінде транслитерация мәселесін шешіп ал-
дық та, ағылшын тілімен екі арада әлі де біраз 
т‰йткілді жайттар бар секілді.
Ономастикалық атаулар өзге тілдерге ау-
дарылмайтын болғандықтан, әр ұлттың өз 
рухани қазынасының бірінен саналады. Т‰р-
кістан, Отырар, Ясауи (Яссауи, Иассауи т.б.), 
Ақсақ Темір, қаңлы, қыпшақ деген сияқты т.б. 
тарих беттерін құрайтын ономастика – антро-
поним, топоним, этноним т.б. «оним» сөзде-
ріміз орысшадан аударылған кітаптарда бір 
басқа, қазақшадан аударылған кітаптарда бір 
басқа, оған әр аудармашының өз қалауынша 
жазатынын қосқанда тағы бір басқа, соған 
орай, интернетте әрқалай жазылып, ‰лкен бей-
берекеттікке жол беріліп келеді. Мәселен, (қа-
зақшасының өзін бірдей жаза алмай ж‰рген) 
Қожа Ахмет Ясауи (Осы нұсқаға тоқтаған сы-
ңайлымыз) бабамыздың аты орысшадан ауда-
рылған мәтіндерде Kodzha, Khodzha, Qogja, 
Kodja, Hodja/Ahmed, Achmed/Yassavi, Yassawi, 
Yasavi, Yesevi т.б. деп жазылған болса, қазақ-
шадан аударылған аудармаларда Koja, Hoja, 
Kozha, Qaja, Quash/ Achmed, Achmet, Ahmet/ 
Yassawi, Yasawi, Yasaui т.б. болып мың-сан 
т‰рлі жазылып келеді. Ал сол қасиетті Әзірет 
Сұлтан кесенесінің өз тұсында Ahmet Yassawe 
Mausoleu Ahmet Yassawe Mausoleum тағы 
басқаша жазылып тұр. Осының қайсы дұрыс? 
Turkistan ба, Turkestan ба? Temir ма, Timur ма? 
Shyngys Khan ба, Chingis Khan ба, Genghiz-
Khan ба? Abai ма, Abay ма? Осы сияқты толып 
жатқан сауалдардың жауабын таппай келе 
жатқанымыз қиын. 
Аударылмайтын қазақ сөздерін ағылшын 
тілінде транслитерациялаудың қабылданған 
ж‰йесі болмағандығы салдарынан осы уақыт-
қа дейінгі жарыққа шығып кеткен ағылшын 
тіліндегі аударма-еңбектердің барлығы дерлік 
жоғары бағаларын жоғалтып тұр.
АҚШ-та 2001 жылы жарық көрген «Әлем 
Альманағында» Алматы сөзі әлем картасының 
бетінде [1. 508] Almaty деп берілсе, Қазақстан 
туралы берілген мағлұматта [1. 804] Alma-Ata 
деп жазылып ж‰р. Бір тілде екі т‰рлі жазылып 
тұрған нәрсені бір зат деп қабылдау м‰мкін 
емес. Басқа ел туралы осындай жағдай кез-
дессе, кім болса да, мынау елдің айтып отыр-
ған бас қаласы картаға т‰спей қалыпты, деп 
ойлар еді. Бұл – олардың қатесі емес, өзіміз 
берген мәліметтің әлемдік деңгейде де осылай 
кері әсерін тигізіп отырғаны.
Ағылшын тіліне аударма жасаған уақытта 
тілдегі жалқы есімдерді дұрыс жазуға талап-
танып ізденген адамның негізге алып арқа 
с‰йеуіне жарар, жол көрсете алар бір “бағдар-
шамның” болмағаны, әрине, қиын. Мұндайда 
әдетте, ең білікті аудармашылар тартылады 
ғой деген есеппен ел Президентінен бастап 
белгілі, беделді жазушы немесе қоғам қайрат-
керлерінің ағылшын тіліне аударылған еңбек-
терін басшылыққа алу еске келеді. Н.Назар-
баевтың “My Life, My Times and the Future» 
деп аталатын Peter Conradi аударып, Coventry
(Ұлыбритания) қаласында шығарған кітабын-
да «Currency and Economics» мақаласынан 
алынған «… Other early successes included 
Almaty and Karaganda Margarine Combines and 
the Shymkent Confectionery Factory» [4. 108] 
деген бір сөйлемнің өзінде Almaty, Shymkent 
қалаларының аттары қазақшадан ауыстырыл-
ған болса, Karaganda қаласының аты бұрынғы 
орысша к‰йінде қалыпты.
Almaty [123], Alma-Ata [163]; 
Yenesei [207], Yenisei [206]; 
Jusuf Balasaguny [229], Jusup Balasaguny 
[235], Yusup Balasaguny [229];
Chokan Valikhanov [52], Chokan Ualikanov 
[65], Chokan Ualikhanov [66]. 
Осы кітапта мына төмендегіше екі т‰рлі 
жазылып тұрған нәрсе де бір оқу орнының 
аты болса керек:
The Dzambyl Livestock Technical Institute 
[29] 
The Dzambyl Animal Veterinary Technical 
School [61]. 
Бұл бір оқу орнының атында Жамбыл 
Жабаев атамыздың аты екі т‰рлі жазылғаны-
мен қоймай, 53-бетте Zhambyl Zhabaev деп 
тағы басқаша (дұрыс нұсқасында) жазылып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет