336 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 Kazaks» деген бір сөйлемді алайық, ағылшын
тіліне де ұқсамайды, қазақ ономастикалық
атауларының латын қаріптерімен берілген
орысша т‰сіндірмесі сияқты, себебі ағылшын
тілінің ішкі заңдылықтары мұндай «оконча-
ниелерді» тіпті көтермейді. Бұл кітаптың өн
бойы осындай қателерге толы.
Кісі есімдері мен жер-су аттарын қазақша
жазуды біріздендіру проф. Т.Жанұзақтың
«Адамдарға айшықты ат жарасқан» деген ма-
қаласында көрсетілгендей [14] толық шешімін
тауып ‰лгермесе де, бірқатар ж‰йеге келтіріл-
ген сыңайлы, енді олардың орыс тілінде т‰п-
нұсқаға жақын жазылуын қалыптастыру қа-
жет. Дегенмен, қазақ атауларын орысшалауда
да қазақша нұсқаға жақындау басталды. Осы
2004 жылы орыс тілінде шыққан Қазақстан
картасында [15] бұрынғы бұрмаланып жазы-
лып келген топонимдердің Жанакорған, Жай-
лауколь, Ушарал, Шымкент, Карағанды, Шиели,
Байконыр, Кокшетау, Жамбыл т.б. болып, ай-
тарлықтай жөнге келіп қалғаны байқалады.
Бұл әрине, көңілге демеу, дегенмен, к‰нде-
лікті қолданыстағы өзгеріс мардымды емес,
себебі қадағалаудың “білегінде” к‰ш жоқ. Ал
орфографияның алдымен қазақшасы, соң
орысшасы нақты ж‰йеге келтірілген болса,
оларды ағылшын тілінде (басқа да тілдерде)
транслитерациялау – ‰шінші міндет – қиын-
дықсыз шешім табар еді.
Қорыта келе ХХІ ғ. лингвистикасының
перспективалары, оның басты бағыттары мен
әдістері жөнінде тілші-ғалымдар сөз қозғаған-
да тілді зерттеудегі дәст‰р бір жағынан сақ-
талып, екінші жағынан бұрынғы жетістіктер-
дің жетіле т‰сетіндігін айтады, яғни жалпы
ғылымдағы іргелі принцип – ол сабақтастық-
тың сақталуы.
Келешектегі лингвистикалық ізденістерде
басым бағыттардың орнына тілдік нысана-
ларды зерттеуде кешенділік орын алмақ. ХХ ғ.
аяғы мен ХХІ ғ. әлемдік лингвистикада жаңа
ғылыми концептуалды парадигма – антропо-
центристік, этноцентристік бағыт бой көтеріп,
ұлттық лингвистикаларға, оның ішінде қазақ
лингвистикасындағы зерттеулерде де тілдегі
адами факторларға қазірдің өзінде басымды-
лық беріле бастады. Лингвистикалық зерттеу-
лердің басты нысаны «тілдік тұлға» (языковая
личность) болғандықтан адами факторға
с‰йенетін адам тіршілігінің ойлау, сөйлеу
аспектілерімен байланыста антропоцентрис-
тік бағыт к‰шейе т‰сті, өйткені тіл деген
феноменнің өлшемі де, ғаламның, «әлемнің
тілдік бейнесінің» көрсеткіші де осы адам-
ның өзі.
_______________________________
1. Атамекен атаулары. Астана: Ақмола полиграфия,
1999
2. Ономастикалық хабаршы, Астана, 2005 №2 (4)
3. Ономастикалық хабаршы, Астана, 2005 №1 (3)
4. Ономастикалық хабаршы, Астана, 2004 № 1
5. Ономастикалық хабаршы, Астана, 2004 №2
6. Терминологиялық жинақ. – Алматы: Сөздік-Сло-
варь, 2002
7. Жанұзақ Т. Рысберген Қ. Қазақ ономастикасы: же-
тістіктері мен болашағы. – Алматы: Азия, 2004
8. Жанұзақ Т. Қазақстан географиялық атаулары. Ал-
маты облысы. – Алматы: Арыс, 2005
9. Мәдиева Г., Иманбердиева С. Ономастика: зерттеу
мәселелері. – Алматы: Атамұра, 2005
10. Ә.Нұрмағамбетұлы, Жер-су аты тарихтың хаты.
Алматы: Балауса, 1994
11. Атаулар сөздігі. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2004
12. Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері (Респуб-
ликалық ғылыми-практикалық конференцияның материал-
дары). – Астана: Ақжол-баспа, 2004