Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет417/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 331 
студенттеріне – бітіруші т‰лектерге (пятак, 
дипломшы) деп ат қояды.
Студенттік өмірдің негізгі құралы – оқу-
лық. Қазіргі студентке ол қажетсіз нәрсе бо-
лып барады. Сондықтан оқулыққа кірпіш жи-
нағы, дәретхана қағазы, т‰сінуге қиындық 
келтіретін болғандықтан жан қинаушы, бас 
қатырушы, кейде тіпті қолдануға қажетсіз бо-
лып қалған зат ретінде макулатура, сэконд-
хэнд деп те атайды. Дегенмен, қазіргі филолог 
студенттер оқулық білімнің қайнар көзі екен-
дігін ұмытпайды (мағыналы кірпіш, ми, ғылым 
нәрі), көмекші ретінде (жедел жәрдем, репе-
титор). 
Студенттік өмірде бақылау, емтихан басты 
орын алады. Олар өмірге қауіп тудыратын 
қорқынышты, өтпелі кезең ретінде сол сәт-
терді кішкене тозақ, той бітті, лоторея, ай-
қас, қош келдің, әскери өмір деп атайды. 
Студенттік атаулардың ішіндегі қызығу-
шылық тудыратындардың бірі – жатақхана. 
Студенттер оны жануарлар тұрағы ретінде ұя, 
тауық қора және оның жағымсыз ерекшелік-
тері туралы тышқан, тозақ деп атайды [2, 20 
б.].
Жаргондар жастардың ‰немі асығып ж‰-
руіне байланысты тілдік ‰немдеу принципін 
де басшылыққа алады. Жастардың тіліне қа-
рап олардың қандай топтарға жататындығын, 
қандай мамандық иелері екендігін анықтауға 
болады, сондықтан студенттің тілдік тұлғасын 
оның қоғамдағы басқа әлеуметтік топтардан 
өзін ажыратып тұратын құрал десек те бо-
лады. Филолог студенттердің субмәдени дис-
курсы олардың бірегей бейнесін қалыптас-
тыруда ғана емес, сонымен қатар әрт‰рлі жағ-
даяттарда идентификатор рөлін атқаратын-
дығын көруге болады.
Зерттеу нәтижесі бойынша жастар жар-
гонының пайда болу көздері мен толығу жол-
дарын ‰ш топқа біріктіруге болады: 1) кірме 
сөздерді пайдалану; 2) семантикалық дерива-
ция; 3) морфологиялық деривация. Жастар 
тілі ерекшелігінің жарқын көрінісіне шет тілі-
нен енген кірме сөздерді жиі пайдаланатын- 
дығын жатқызуға болады, бұл студенттердің 
жалпы бағыт-бағдарын және мәдениетаралық 
байланысты көрсетеді [2, 21 б.]. 
Соңғы кездері жастар жаргонындағы арго-
тикалық сөздер саны азайып келеді, себебі 
жастардың ойынша қызықты сөздер қазіргі 
қолданыста тұрақтанды, қалғандары ерекше 
назар аударуды қажет етпейді, ал жаңалары 
әлі пайда болған жоқ.
Жастар жаргоны арасындағы ерекше орын-
ды жастар сленгі алады. «Жастар сленгі» – 13-
23 жас аралығында қолданылатын ерекше та-
рихи т‰рде қалыптасқан және жоғары не тө-
мен деңгейдегі сөйлеушілердің барлық саты-
сына ортақ тілдік норманың нұсқасы болып 
табылатын лексикалық құбылыс» — деп бұл 
ұғымға филологтар анықтама береді. Cтудент-
тердің, оқушылардың арасында сленгтер әр-
т‰рлі болатыны анық. Бұл сөздерге тән ерек-
шеліктердің бірі – заман ағымына қарай жедел 
өзгеріске ұшырап отыруы. 
Себебі студенттер бір мезгілде әр т‰рлі қо-
ғамдық ортада болады, осыған сәйкес олар-
дың тілі де әр т‰рлі болып өзгереді. Айталық, 
студент оқу ғимаратында ж‰ріп және дәріс 
сабақтарында, кітапханада болғанда студент 
жаргонына тән сөздерді қолданады, мысалы, 
читалка – оқу залы, внеаудиторка – аудито-
риядан тыс тапсырма, препод – оқытушы, «об-
щяга» – «жатақхана
» т.б. Ал оқу ғимараты-
нан алыстаған кезде ол өзінің достарымен 
немесе өзіндік лексиконы бар өзге топ м‰-
шелерімен кездеседі. Бұған мысал ретінде, бір 
жерге баратын болса, қоғамдық көлік деудің
орнына маршуткаға мінеміз бе, инетке бара-
мыз ба? дейді, яғни интернет орталығы деген 
сөз. Сонымен қатар, хакер сөзін емтихан ке-
зінде оқытушымен сөйлесіп, баға қойдыратын 
студент ретінде қолданатындығын айтуға бо-
лады. Жастардың көп қолданысына ие осын-
дай сөздер көбінесе белгілі бір топтар ара-
сында кездеседі.
Ресми емес топтардың сөзін қолдануда 
студенттер оларды дұрыстауға, т‰зетуге ты-
рыспайды, сондықтан оқу ғимаратындағы к‰н-
делікті қарым-қатынаста осы жаргон сөздер-
мен сөйлейді, бұл жаңа жаргон сөздердің кең 
таралуына әкеліп соғады.
Жастар тілінде программист мамандардың 
жаргоны ерекше орын алады. Бұл лексиканы 
тек ақпараттық ж‰йелер мамандықтарында 
оқып жатқан студенттер ғана емес, сонымен 
бірге дербес компьютермен жұмыс істейтін 
барлық жастар қолданады. Мысалы, емеля – 
электрондық почта, пенек, пень – pentium
инет – интернет т.б. 
Баспасөз тілі оқырман сұранысын қанағат-
тандыруға тырысады, сондықтан баспасөзге 
маркерленген жаргондық лексика енеді. Тақы-
рыптық айдарлар қажетті лексикамен толы-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет