Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 339 айырмашылықтары анықталады. Т‰рлі тілдер-
дегі мәтіндердің салыстармалы анализі б‰тін
мәтіндердің мазмұны мен құрылымының ұқ-
састықтары, айырмашылықтары мен арақаты-
насын ашуды ғана емес, осы мәтіндердің жеке
элементтерін салыстыруды көздейді. Сонымен
қатар, аударма теориясы компонентті анализ
бен статистикалық есептеу сияқты лингвисти-
калық әдістерді қолданады. Тіл бірліктерінің
мағынасында элементарлы семаларды бөлу
‰шін компонентті анализді қолдану т‰пнұсқа
мен аударма тілінің семалық құрамын және
олардың бір-біріне сәйкестігінің деңгейін
салыстыруға м‰мкіндік береді. Т‰пнұсқа мә-
тін мен аударма мәтінінің арақатынасы ту-
ралы мәліметті нақты статикалық немесе бол-
жалды бағдарлы есептеу арқылы алуға бо-
лады. Жеке сөз таптарының, синтактикалық
құрылымы, лексикалық бірліктерінің және т.б.
қолданылу жиілігі салыстырылады. Сөйтіп
аударманың толық мәтіні жауап беруге тиісті
талаптар нақытланады: көбінесе етістікті не-
месе заттық сипаты, эмоционалды лексиканың
толықтылығы, сөйлемнің орташа ұзындығы,
логикалық байланыстардың саны және т.б.
Аудармашылық зерттеулерде маңызды орын-
ды лингвистикалық модельдеу алады: аударма
‰дерісінің теоретикалық моделін жобалау. Бұл
‰деріс бірқатар ой операциялары арқылы
аудармашының миында ж‰зеге асырылатын-
дылықтан, ол тікелей бақылана алмайды. Ау-
дарма ‰дерісінің лингвистикалық моделі оны
т‰пнұсқа мәтіннің аударма мәтінге ж‰йелі
өзгеруінің қатары ретінде көрсетеді.
Енді аударманың лингвомәдени мәселе-
ріне келетін болсақ. Аударманың б‰гінгі таң-
дағы жағдайы Ю.А. Сорокин анализінің
объектісі болып табылады. Сорокин аудар-
мадағы универсалдық және мәдени ерекшелік
мәселесіне мән беріп, екі тілді аударманы т‰-
сіндірмелі «қос мәдени» аударма деп т‰сінеді.
Тілдік мағына ж‰йесі тіл өкілдерінің мә-
дени құзыреттілігімен қатынаста болады, өйт-
кені мәдени салт - дәст‰р контекстісінде ұғы-
нылатын халықтың д‰ниеге көзқарасы тілде
көрініс табады. Лингвомәдени қоғамдастық
әлемінің тілдік бейнесі осы социумды қоғам-
дастықта қалыптастыратын мәдени стерео-
типтер, символдар мен эталондарды іске
асыру құралы болып саналады [3].
Г. Гачевтың айтуынша, әрбір ұлттық әлем
сол кеңістікте қалыптасқан халықтың жараты-
лысының, мінез-құлқының, ойлауының не-
месе оны қабылдау тәсілдер бірлігінінің және
сол этнос санасында көрініс табуының бей-
несі. Мәтін сол ұлттық мәдени қоғам мәде-
ниетінің даму сипаты мен деңгейін көрсетеді.
Аудармашы аударма мәтіндегі бөтен мәде-
ниеттің бейнелі эмблемасын қайта жаңғырта
отырып, оған әрт‰рлі т‰сіндірмелі немесе
мәнін толықтыратын лингвомәдени т‰сінік-
теме енгізеді. Кез келген этностың бейнелі
ойлауы көркем бейнелерде, яғни троптарда
көрініс табады. Оларды аударғанда бейнелер
басқа тілде сөйлейтін оқырманның қабыл-
дауында қарама - қайшылық тудырмайтын
бейнелермен алмасытырлуы қажет. Бұл деге-
німіз, аудармашыға мәдениеттер арасындағы
«балансты» сақтауға тура келеді. Аударма-
шы-ның таңдауы оның лингвистикалық және
когнитивтік білімдеріне, қарым – қатынас құ-
зыреттілігіне, аударманы қабылдаушылары-
ның фондық ақпаратты қаншалықты білетінін
ескеруіне тәуелді болады.
Зерттеушілердің дәлелдеуінше, т‰пнұсқа
авторы мен аудармашының когнитивті ‰де-
рістері арасындағы айырмашылықтар олар-
дың мәдениеттері арасындағы айырмашылық-
тарына байланысты болады. Бұл айырмашы-
лықтар міндетті т‰рде тілде көрініс табады.
Аударма теориясының маңызды мәселелері
аударатын тұлғаның ролін атап кетіп, аудар-
маның семиотикалық мәніне көп көңіл бө-
летін Л.М. Алексееваның еңбектерінде көте-
ріледі. Автор аударманы «мәтін мен аударып
жатқан тұлғаның өзара әрекеттесуінің екі
жаққа бірдей ‰дерісі» деп т‰сінеді [3].
Аударма және т‰пнұсқа тілдерінің өкілі
болатын, осы тілдреге сәйкес мәдениетті, бол-
мысты қабылдау мен оның тілде көрініс табу
ерекшеліктерін білетін аудармашының екінші
тілдік тұлғасы қалыптасады. Басқа тілде жа-
зылған мәтінмен жұмыс істеп отырған аудар-
машы алдында лингвомәдени қоғамдастық-
тың құндылықты тәжірибесін, ұлттық ерек-
шелігін білдіретін мәтіннің кейбір элемент-
терін т‰сінбеу қиыншылығы туындайтындық-
тан, хабарламаның мәнін т‰сінуде кедергілер
пайда болады. Бөтен мәдениеттің қабылдау-
шысымен бұл т‰сініспеушіліктер мәдени кон-
тексттің ерекше бөліктері, фрагменттері ре-
тінде қабылданады. Мәдениеттің осы маңыз-
ды бірліктері әрт‰рлі терминдермен аталады:
«ашық жерлер», «интервал» (У.Эко), «мәдени
скрипттер» (А.Вежбицкая), «саңылау» (Жин-
кин) және «лакуна» (Ю.А.Сорокин, И.Ю.Мар-