Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 81
зерттеу объектісі етіп алуға болады. Жалпыха-
лықтық тілдің фразеологиясы мен жеке
жазушы шығармасындағы фразеология немесе
жеке бір шығарманың фразеологиясы, яғни
авторлық өзгеріске ұшыраған тұрақты тіркес-
тер бір-бірінен зерттеу тәсілі жағынан да,
мазмұны жағынан да өзгешелігі бар. Жалпы-
халықтық тілдің фразеологиясы оның барлық
табиғатын қамтыса, авторлық өзгеріске ұшы-
раға фразеологиясынан стильдік өзіндік ерек-
шелігі айқындалады. Авторлық қолданыстағы
фразеологизмдердің тууы және тілде қалып-
тасуы халықтың ұлттық мәдениетімен, дәс-
т‰рімен, этнолингвистикасымен байланысты
болып келеді.
Авторлық қолданыстағы тұрақты тіркес-
тер, қанатты сөздер бірте-бірте тілдің біркелкі
сөздер қорына еніп жатыр. Авторлық қолда-
ныстағы фразеологизмдердің тууын және
уақыт келе афоризмдерге айналуын проза
тілінен айқын байқауға болады. Стилисти-
калық тұрғыдан қарағанда, авторлық қолда-
ныстағы фразеологизмдердің қандай мақсатта
қолданылып тұрғанын да айқындап алу қажет.
Себебі, тұрақты тіркестер тек көріктеу құралы
ғана емес, жазушының көзқарасын, идеясын,
суреттеп отырған кейіпкерінің ішкі жан д‰-
ниесін, болмысын таныту мақсатында да қол-
данылады. Сол себепті де Рабиға Сыздықова:
«Көркем туындының тілін лингвистикалық
стилистика тұрғысынан талдау дегеніміз тіл-
дің жеке бөліктерін (единицаларын) т‰гендеу
емес, сол бөліктердің, айталық, сөздердің, тір-
кестердің, сөйлемдердің қолданысын, қолда-
ныстағы көрінісін зерттеу болмақ» (Сызды-
қова Р. Сөз құдыреті. 2003. 5-бет).
Фразеологизмдердің табиғатына тән осы
бір қасиетін біз жалпы сөз қолданыс ж‰йесі-
нен, әсіресе, проза тілінен айқын көреміз.
Проза тілінің шығарма бойындағы ‰йлесім-
ділік, кейіпкердің әсем де әсерлі іс-әрекеті
фразеологизмдердің «қамырша иленіп», сан
алуан өзгерістерге т‰суіне әсерін тигізеді.
Фразеологизмдердің проза тілінде мұндай
өзгерістерге т‰суі және ол өзгерістердің шегі
мен т‰рі, сайып келгенде, жазушының шебер-
лігіне және сөз саптау мәнеріне тікелей бай-
ланысты болып келеді. Мұндай шебер сурет-
керлер қатарынан қазақ прозасына өз қол-
таңбасын қалдырған көрнекті жазушы Орал-
хан Бөкейді ерекше атауға болады.
Қазақтың әдеби тіліндегі әсірелеу, көркем-
деу тәсілдерінің ішінде тұрақты сөз тіркес-
тердің алатын орны ерекше.
Тұрақты тіркестер көркем шығарма тілін
жандандырып, астарлап, бейнелей суреттеудің
тілдегі дайын құралы болып табылады.
Халық тілінің осы бір байлығын жазушы-
лар өз шығармаларында қажетіне жаратып,
өзіне керегін таңдап алады.
«Фразеологизмдерді әр жазушының өз қа-
жетіне байланысты жаңғыртып қолдануы,
оның ой-пікіріне, эстетикалық талғамына, қо-
ғамдық өміріне, философиялық көзқарасына
сәйкес келеді» [2,54].
Профессор А.И.Ефимов «Жазушылардың
өзіндік стилі деп көркем шығармаларындағы
жалпы халықтық тілдің тәсілдерін өңдеп
жұмсаудағы сөз құрау ж‰йесі»,- дейді.
Кез келген жазушы халық тілінің бар бай-
лығын сөз айшықтарын өз шығармаларында
дәл, айқын, аса бір ұтқырлықпен жұмсай оты-
рып, өзіне ғана тән стиль жасайды.
Қазақ тілінде фразеологизмдерді берудің
екі жолы қарастырылады:
Достарыңызбен бөлісу: