82 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
оның өркендеуіне әсерін тигізері анық. Фра-
зеологизмдердің тұрақты қалыпта қолданылу
табиғатын ескере отырып, олардың көркем
әдебиет тілінде жаңаша қырынан танылуын
зерттеу – б‰гінгі заман талабы.
Жазушы О.
Бөкей өз шығармаларында
халық тілінің бай қазынасын, көркем сөздің әр
алуан өрнегін шебер қолдана білген. Соның
ішінде, О. Бөкейдің әңгімелеріндегі тұрақты
сөз тіркестердің жалпы халықтық формада
қолданылуы да және авторлық өңдеумен
қолданылғандығы
бар екендігіне көз жеткі-
зуге болады. Мысалы, «Кербұғы» әңгімесін-
дегі берілген фразеологизмдерге тоқталайық:
1. Ындыны кебе ‰ш рет ұмтылды, ‰ш
ретінде де осынау халге
душар болып, тар-
тынып кетті. (6-б.)
2. Бұрын мынау
иін тірескен орман, анау
қалғып-шұлғыған қапсағай таулар мен қой-
нау-қойнауына қорқыныш паналатқан құз-аң-
ғарлар Кербұғы ‰нін іліп алып, ‰здік-создық
қайталап, көпке дейін жаңғырығып, даңғаза
қуатпен алысқа жөңкіліп тараушы еді-ау!
3. Әлде
көз алдында ақырғы рет секіріп,
билеп кетіп бара жатқан жас марал-қызды
енді қайтып (т‰сінде, қиялында болмаса) көре
алмайтыны; енді қайтып салмақпен ж‰ріп,
сабырмен еркелейтін марал-анаға
наз қыла
алмайтынын; енді қайтып көре алмасы, ести
алмасы, көп баянсыз жалғанның тұмбасына
шым батқан,
тұманына шын адасқаны енді
ғана есіне т‰скендей селк етіп, ұнжырғасын
көтерді де, тағы да бір рет жан д‰ниесін қа-
қырата ышқынды.
4. Кеше таң
алакеуімінде Кербұғы әде-
тінше маралдарды алдына салып тауға беттей
бергенінде, өліспей беріспейміз дегендей бас-
қа бұғылар ‰йірді шыр айнала қоршауға алып,
жібермеп еді. (7-б.)
5. Соңсоң ежелгі намыс қамшылап,
теке
Достарыңызбен бөлісу: