Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет107/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   446
86 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
а) қазақ тіліне ертеден еніп, әбден сіңісіп, 
өзінің фонетикалық тұлғасын өзгертіп жібер-
ген сөздер; бұлар қазақтың байырғы төл сөзін-
дей қабылданады, ондай сөздердің кірме т‰бір 
екендігі ұмытылып та кеткен деуімізге бо-
лады; 
б) қазақ тіліне онша сіңісе қоймаған, бірақ 
қазақ оқырмандарына ескі кітап, дастандар-
дан, қиссалардан жақсы таныс араб-парсы 
сөздері.
Әр тілдің өзіне тән ішкі зандылықтары бар 
екені мәлім. Белгілі бір тілдегі дыбыстың фо-
немалық қасиеті екінші бір тілде өзгеше т‰рде 
болып келуі ықтимал. Мәселен, қазақ тілінің 
тек өзіне ғана тән фонетикалық заңдылықтары 
бар. Демек, қазақ тіліне ауысқан араб және 
парсы сөздері қалайда қазақ тілінің осы заң-
дылықтарына бағынып, соның әсерімен өзінің 
алғашқы фонетикалық бейнесін өзгертіп жі-
береді. «Бір тілден екінші тілге ауысудың ұзақ 
жолын басып өткен, әрқайсысы әр т‰рлі ке-
зеңдерде келіп басқа тілге енген мұндай сөз-
дердің сыртқы, дыбыстық тұлғасы тұрақсыз 
болып келеді» [2, 118 б.]. 
Араб, парсы және қазақ тілдерінің тілдік 
құрамы әр т‰рлі болып келеді. Парсы, әсіресе, 
араб тіліндегі дауыссыз дыбыстардың бәрінің 
бірдей эквиваленті қазақ тілінен табыла бер-
мейді. Сондықтан араб яки парсы сөздерін
қазақтар сол к‰йінде айнытпай, дәл айтпағаны 
т‰сінікті. Қазақ араб-парсы сөздерін қазақ 
тілінің фонетикалық ж‰йесіне бейімдеп қана 
айтуы м‰мкін. Сондықтан араб және парсы 
сөздерін айту барысында қазақ тілінде жоқ 
дыбыстарды айтпай, дыбыстық ‰немделуге 
ұшырайды да кейде адам танымастай өзгеріп 
қолданылады, кейде қазақ тіліндегі сол ды-
бысқа жақындау дыбысталатын дыбыстардың 
бірін қолдануға мәжб‰р болады. Ал бірде 
аталған кірме сөздердің кейбір қиындық ту-
ғызған дыбыстары шамалы артикуляциялық 
өзгеріспен айтылады.
Л.З.Р‰стемовтің пікірінше, «[һ] дыбысы 
араб және парсы тілдерінің лексикалық эле-
менттерімен бірге қазақ тіліне ауысқан дыбыс 
деуге толық негіз бар. Бұл дыбыстың тура 
өзіне сай келетін эквиваленті қазақ тілінде 
жоқ деуге болады» [3, 82 б.]. Ал Б.Сағындық-
ұлының көмей Һ фонемасы жайлы пікірі м‰л-
де бөлек: «Алайда бұл аллофондардың архе-
типі жөніндегі біздің пікіріміз басқаша. Тілдің 
өзі қандай көне болса, һ дауыссызы да сон-
шалық көне. Бұл дыбыстың одағайлардың құ-
рамында сақталуы - осы пікірдің толық дә-
лелі. Одағайлар ең алғаш пайда болған сөздер-
дің қатарына жатады. Екіншіден, а дауысты-
сының айтылуында қандай еркіндік болса
ежелгі һ дауыссызының айтылуында да сон-
дай еркіндік болған. Бұл да соның байырғы-
лығын көрсететін қасиет» [4, 46 б.]. Араб-пар-
сы тілдерінен енген кірме сөздердің құрамын-
дағы һ фонемасы сөз ішінде кездесу ыңғайына 
қарай (сөз басында, сөз ортасында немесе сөз 
соңында) қазақ тілінде әрт‰рлі өзгерістерге 
ұшырап отырады.
Сөз басында кездескен һ дыбысы т‰сіп 
қалғандықтан, ықшамдау құбылысын таныта-
тын сөздердің мысалы ретінде мына сөздерді 
санамалауға болады: һәм – әм, һәзл-әзіл, һәзім-
әзім, һәлак-әлек, өлім, һәйбәт (араб) - айбат,
 
һәфтә (парсы) - апта, һәва(парсы) - ауа.
Парсы тілінен енген сөздерге де бірнеше 
мысал келтіруге болады: һәм - әм, сондай-ақ
тағы да, һәман-әмен, ұдайы, һәме-әмбе, 
һәмише- әмісе, әрқашанда, һәфту йәк - әптиек 
(жеке кітапша болып басылған Құранның 
жетіден бірі), һәр-әр, әр т‰рлі, әркім. 
Һич сөзінде «һ» дыбысы айтылмай, т‰сіп 
қалады, одан кейінгі «и» бірден «е»-ге, ал «ч» 
дыбысы «ш»-ға айналып кетеді, сонда һич сөзі
еш (ешнәрсе, ешкім, м‰лдем) болып шығады. 
һонәр сөзі қазақ тіліне ауысқанда, «һ» ай-тыл-
май да, жазылмай да қалады. Қазақ тілінде 
бұл сөз «ө» дыбысынан басталады, сонда өнер 
болып шығады. 
Сөз ортасында кездескен һ дыбысы т‰сіп, 
ықшамдалып, өзге дыбыстарға алмасып қол-
данылады. 
Егер [һ] дыбысы сөз ортасында дауысты-
дан соң ұшырасатын болса, онда қазақ тілінде 
бұл дыбыс, көбінесе дерлік, сонор «й» ды-
бысымен алмасады. Мысалы: араб сөздері 
фәһм-пайым, пайымдау, зеһи - зейін, заһер - 
зайыр. 
Парсы сөздері: деһқан-диқан, мәһр-мейір, 
меһман-мейман т. б.
Қазақ тіліне ауысқанда араб-парсы сөзде-
рінің ортасында кездесетін һ дыбысы т‰сіп 
қалады: қәһр-кәр, зәһр-зәр, ашу-ыза, шәһр-
шәр, пәһлеван-балуан, баһадур-батыр. Қазақ 
тілінде «зәр» және «шәр» формаларымен бір-
ге «заһар»-«зәһәр»,«шаһар-шәһәр»секілді ва-
рианттары да қолданылады. Сонымен қатар, 
чәһар тарап – шартарап, чәһар айґне – шар-
айна, чәһар-йәк – ширек т.б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет