Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


 Әбу бӘКІР (Р.А.) КЕЗЕңІндЕ



Pdf көрінісі
бет105/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   349
27. Әбу бӘКІР (Р.А.) КЕЗЕңІндЕ 

САхАбАлАРдың СоғыС бАРыСындА 

иСлАМды уАғыЗдАуы

Әбу бәкірдің қолбасшыларға берген 

бұйрығы

Саид ибн Мүсәйяб айтады: «Әбу Бәкір (р.а.) Шам 

аймағына  аттандыратын  қолға  қолбасшы  етіп  Йәзид 

ибн Әбу Суфиян, Амр ибн Ас және Шурахбил ибн Ха-

сананы тағайындады. Әскер жолға шыққанда, Әбу Бәкір 

оларды  Сәниятүл-Уәдаға  дейін  жаяу  жүріп,  шығарып 

салды. Сарбаздар: «Ей, Аллаһ расулының халифасы, біз 

аттың үстіндеміз, сіздің жаяу еріп келе жатқаныңызға 

173

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/343 (37003)




195

Аллаһ пен расулына шақыру

қысылып  тұрмыз»,  –  дейді.  Мұсылмандардың  хали-

фасы:  «Мен  Аллаһ  жолында  басқан  қадамдарымның 

көп  болғанын  қалаймын»,  –  дейді  де,  мынадай  кеңес 

айтады:  «Аллаһтың  бұйрықтарына  қарсы  келуден 

сақтаныңдар. Дүние үшін емес, Аллаһ жолында жиһад 

етіңдер.  Аллаһты  мойындамайтындармен  күресіңдер. 

Аллаһ өз дініне көмектеседі. Олжаларды ұрламаңдар, 

қиянат жасамаңдар, жаудан қаймықпаңдар, жер бетін-

де бүлік шығармаңдар, бұйрықтарға қарсы келмеңдер. 

Дұшпанмен бетпе-бет келген кезде, оларды үш нәрсеге 

шақырыңдар.  Ұсыныстарыңды  қабылдаса,  олар-

мен  қақтығыспаңдар.  Алдымен,  мұсылман  болуға 

шақырыңдар.  Қабылдайтын  болса,  мұсылмандығын 

қабыл  етіңдер  де  тиіспеңдер.  Сосын  оларды 

мұһажырлардың мекені Мәдинаға көшуге шақырыңдар. 

Бұған да келіссе, мұһажырлардың құқықтарының оларға 

да тиісті екенін білдіріңдер. Исламды қабылдап, өз жер-

лерінде қалғылары келсе, басқа мұсылман арабтар секіл-

ді оларға да Аллаһ парыз еткен үкімдердің жүзеге асы-

рылатынын, бірақ Аллаһ жолында жиһадқа қатысқанға 

дейін  олжалардан  оларға  үлес  берілмейтінін  шегелеп 

айтыңдар.  Исламды  қабылдамаса,  жизия  салығын 

төлеуге шақырыңдар. Егер бұл ұсынысты қабылдайтын 

болса,  оларға  тиіспеңдер.  Мұны  да  қабылдамаса, 

Аллаһтан  көмек  тілеп,  олармен  соғысыңдар.  Құрма 

ағаштарын  кеспеңдер,  өртемеңдер,  жануарларды 

өлтірмеңдер,  жеміс  ағаштарына  тимеңдер.  Христиан-

дар мен яһудилердің ғибадат орындарын қиратпаңдар, 

балаларды, қарттарды, әйелдерді өлтірмеңдер. Өздерін 

шіркеу  қызметіне  арнаған  адамдар  сендердің  істеріңе 

араласып,  ықпалын  жүргізгісі  келіп,  ығына  жыққысы 

келетін  солақай  әрекетке  бармаса,  оларға  тимеңдер. 



196

Сахабалар салған сара жол

Сонымен қатар, шайтанға қызмет ету үшін шаштарын 

қақ маңдай тұсынан желкесіне дейін ортасынан қырып 

тастаған адамдарды көресіңдер, оларды кездестіргенде, 

міндетті түрде көзін жойыңдар»

174


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет