Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Сағыд ибн Әбу уаққастың соғыстан бұрын



Pdf көрінісі
бет108/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   349
Сағыд ибн Әбу уаққастың соғыстан бұрын 

бір топ жолдастарын Кисраға жіберуі

Әбу Уаил былай дейді: «Сағыд (р.а.) келіп, Қади-

сияға  түнеуге  тоқтайды.  Нақты  айта  алмаймын,  жеті, 

ары  кетсе  сегіз  мыңның  төңірегінде  едік.  Мүшріктер 

жағы отыз мыңдай адам болатын. (Ибн Кәсирдің «әл-

Бидаясында» Сәйф пен басқа да тарихшылардың айтуы 

бойынша,  сол  күні  дұшпанның  саны  сексен  мыңның 

үстінде болған. Басқа риуаятта Рүстемнің қарамағында 

жүз жиырма мың адам болғандығы, тағы да сексен мың 

әскердің  дайын  тұрғандығы  айтылады).  Бұған  қоса, 

Рүстемнің әскерінде отыз үш піл болған. Араларында 

Кисралардан Сабурдың ақ пілі де бар еді. Оның тұрқы 

өзге пілдерден әлдеқайда ірі болатын, әрі табынды сол 

бастап  жүретін.  Ирандықтар:  «Не  әкетіп  бара  жатқан 

әскери  қуатың  жоқ,  не  қару-жарақтарың  жоқ,  бізбен 

қалай соғыспақсыңдар? Одан да кері қайтыңдар», – деді. 

Біз олардың бұл дөңайбатын елең қылмадық. Шайқасқа 

бел буып, тұрысатын жерін айтуды сұрадық. Олар біздің 

қаруымыздың сиықсыздығын айтып, мазақ етті. Ақыры, 

олар біздің алған бетімізден қайтпайтынымызды көріп: 

«Бізге жөні түзу біреуді жіберіңдер, келген себептерін 

жақсылап түсіндірсін», – дейді. 

Осыны күткендей Муғира ибн Шуғба: «Мен бар-

мын», – деп, суырылып алға шығып, Рүстемнің қасына 




202

Сахабалар салған сара жол

барып  отырды.  Оның  мына  қылығын  ерсі  санаған 

Ирандықтар  ашуланып,  айқайлай  бастады.  Сонда 

Муғира: 


Бұл  жерге  отыру  менің  қадірімді  арттырмайды, 

қожайындарыңның  беделіне  де  нұқсан  келтірмейді,  – 

дейді. Рүстем: 

Дұрыс  айтасың.  Ал,  не  үшін  келдіңдер?  –  деп 

сұрайды. 

Біз  жамандық  пен  надандық  белең  алған  ортада 

өмір сүріп жатқан ел едік. Аллаһ тағала пайғамбар жі-

беріп, сол арқылы бізге тура жолды нәсіп етті. Соның 

арқасында  бізге  ризық  берді.  Осы  өңірде  өсіп-өнетін 

бидайдың  дәмінен  бала-шағамызға  таттырғанымызда, 

«Біз  осының  дәмін  алып  қалдық.  Бұнсыз  тұра  алмай-

мыз.  Бізді  сол  жерге  апарыңдар,  бидайдың  нанын 

жейік», – деді. 

–  Олай болса, сендерді өлтіреміз. 

–  Бізді өлтірсеңдер жұмаққа барамыз, біз сендерді 

өлтірсек,  тозаққа  түсесіңдер,  ал  қалғандары  жизия 

төлейді.  «Жизия  төлейсіңдер»  деген  сөзді  естігенде, 

парсылар шошып, «Сендермен келісім жасаспаймыз», 

– дейді қарсылықтарын білдіріп. Сонда Муғира: «Олай 

болса, соғысу үшін сендер біздің жерге өтесіңдер ме, біз 

сендердің жерлеріңе өтейік пе?» – деп сұрайды. Олар: 

«Біз сендер жаққа өтеміз», – дегенде, Ислам әскері кері 

шегініп,  парсыларға  тұтқиылдан  соққы  жасап,  жауды 

жеңеді


176

Мұғауия  ибн  Құрра  (р.а.)  былай  дейді:  «Қадисия 



соғысы болған күні Мұғира ибн Шұғба (р.а.) ирандық 

билеушілерге аттанады. Муғира қасына он адамды ер-

тіп,  парсы  қолбасшысына  барады.  Киімін  қымтанып, 

176


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 7/38


203

Аллаһ пен расулына шақыру

тері  қалқанын  қолына  ұстап  алған  болатын.  Жол-

дастарына:  «Жерге  бір  қалқан  қойыңдар»,  –  деді  де, 

сол  қалқанның  үстіне  барып  отырды.  Парсылардан 

сұңғақ  бойлы  біреу:  «Ей,  арабтар!  Сендердің  біздің 

елге  не  үшін  келгендеріңді  білеміз.  Өз  елдеріңде 

ашыққандықтан  келіп  отырсыңдар.  Біз  сендерге 

қажетті  азықты  берейік,  сол  тойғандарыңмен  кері 

қайтыңдар.  Біз  мәжусилер  тобымыз,  сендердің 

қандарыңды  ағызып,  жерімізді  былғағымыз  келмей-

ді», – дейді. Сонда Муғира: «Уаллаһи, біз мұндай ой-

мен  келген  жоқпыз.  Біз  тастар  мен  пұттарға  табына-

тын  ел  болатынбыз.  Табынған  тасымыздан  да  жұмыр 

әрі өзгеше тасты көрсек, киелі санаған тас-пұтымызды 

көңілімізден шыққан басқасымен айырбастай салатын-

быз. Ақырында, Аллаһ бізге пайғамбар жіберді. Ол біз-

ді Исламға шақырды. Мұнда азық іздеп келіп отырған 

жоқпыз.  Исламға  кірмесеңдер,  қорқытқаным  емес  ес-

керткенім, қолыңды талқандаймыз. Ұрпағыңды тұтқын 

етеміз. Азық мәселесіне келетін болсақ, жасыратын несі 

бар,  бізде  азық-түлік  тапшы,  тіпті  көпке  дейін  қанып 

су ішпеген кезіміз де болды. Ал, мына өңірде азық та, 

су да мол екен. Уаллаһи, біз бұл нығметтерді тастамай-

мыз, бұларды біз иеленеміз, не сендер иеленесіңдер», 

– дейді. Рүстем парсы тілінде «Дұрыс айтады», – дейді 

де, Муғираға: «Ертең көзіңнен айырыласың», – дейді. 

Бірақ ертеңіне оқ тиіп, өзінің көзі ағып түседі»

177


.

«әл-Бидаяда»  тарихшы  Сәйфтің  былай  дегені 

жазылған: «Сағыд ибн Әбу Уаққас (р.а.) бір топ адамды 

соғыспай  тұрып  Кисраға  жібереді.  Кисраны  Исламға 

шақыруы  керек  болатын.  Кисрамен  кездесуге  рұқсат 

алды.  Мұсылмандардың  киім  киісін  көру  үшін,  сол 

177

 Хаким, Мүстәдрәк 3/510 (5901)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет