Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет107/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   349
28. оМАР (Р.А.) уАҚыТындА 

САхАбАлАРдың СоғыС КЕЗІндЕ 

иСлАМды уАғыЗдАуы

 Рибғи ибн Амирдің Рүстемді исламға 

шақыруы

Ұрыс  болған  күні  шайқасқа  қатысқандардың  ай-

туы  бойынша,  Рүстемнің  шақыртуымен  Сағыд  ибн 

Әбу  Уаққас  (р.а.)  оған  Рибғи  ибн  Амирді  жібереді. 

Рибғи Рүстемнің құзырына кіргенде, отырған жерінің 

алтынмен апталып, күміспен қапталғанын көреді. Құс 

жастықтары  алтынмен  безендірілген,  жерде  шашақты 

жібек кілемдер төселген. Шатыры жақұтпен, басқа да 

асыл  тастармен  әшекейленген.  Басында  асыл  тастар-

мен безендірілген тәж, Рүстем алтынмен апталған тақта 

отыр  екен.  Рүстемнің  уәзірлері  иіні  жүдеу  Рибғидің 

мына түрін қомсынып қалады. Оған ыққан Рибғи жоқ, 

жібектен  тоқылған  кілемдерді  таптаған  күйі,  аты-

мен  ішке  кіреді.  Біраз  ілгерілеген  соң  атынан  түседі. 

Қолында  қаруы,  үстінде  сауыты  бар  болатын.  Оған: 

«Қаруыңды таста!» – дейді қызметшілер. 

«Өзім  келген  жоқпын,  шақырту  бойынша  келіп 

тұрмын. Мені осылай жіберіңдер, әйтпесе келген ізім-

мен кері қайтамын» дейді Рибғи ибн Амир. 

«Жіберіңдер!» – деген кезде, ол найзасымен кілем-

дерді шаншып өтіп, қасына барды. Рүстем одан: 

–  Не үшін келдіңдер? – деп сұрайды. 

175

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 7/12




200

Сахабалар салған сара жол

– Біз құлдарды құлдарға құлшылық етуден тыйып, 

Аллаһқа  құлшылық  етуге  шақыруға  келдік,  олар-

ды  жоқшылық  пен  кедейліктен  құтқарып,  байлыққа, 

зұлымдықтан  құтқарып,  Исламның  әділетті  жолы-

на  шығаруға  келдік.  Кім  біздің  айтқанымызға  ден 

қойып, Аллаһтың ақ жолына түссе, біз де оның оң ни-

етін  құптап,  тиіспейміз.  Қабылдамағандармен  шейіт 

болғанша соғысамыз. Бұл турасында Аллаһтың уәдесі 

бар. 


–  Аллаһ қандай уәде береді? 

–  Соғыста өлгендер үшін жұмақ, тірі қалғандарға 

жеңіс. 

–  Бізге біраз мұрсат бер. Ойланайық. 

–  Жарайды, қанша қалайсыңдар, бір күн бе, әлде 

екі күн бе? 

–  Жо-жоқ,  одан  көп  уақыт  керек,  өйткені 

дұшпандарымыз бен қауымымыздың зиялыларына хат 

жолдауымыз керек.

–  Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  дұшпанмен 

кездескенде,  үш  күннен  артық  уақыт  беруге  бізге 

рұқсат берген жоқ. Сен өзіңді, сосын халқыңды ойла, 

үш күннен кейін мынаның бірін таңдайсың: мұсылман 

болу, жизиә төлеу, соғысу.

–  Олардың басшысы сенсің бе? 

–  Жоқ, бірақ мұсылмандар тұтас бір дене сияқты, 

ең төменгілері ең жоғарыларының атынан кепілдік бере 

алады. 


Сөйтіп,  Рүстем  қауымының  бетке  тұтарларын 

жинап:  «Мына  адамның  сөздерінен  артық  ақылға 

қонымды  сөз  естіп  пе  едіңдер?»  –  деп  сұрайды. 

Нөкерлері жамырай сөйлеп: «Уа, алдияр, сен осының 

сөзіне еріп кетпексің бе? Дініңді тастап осы үрерге иті, 



201

Аллаһ пен расулына шақыру

сығарға  биті  жоқ  оңбағанға  ермексің  бе?  Мынаның 

киімдерінің сиқын көріп тұрсың ба?» – дейді. Рүстем: 

«Сендер  адамның  киіміне  қарамаңдар,  оның  санасы-

на,  көзқарасына,  сөзіне,  әрекетіне  қараңдар.  Арабтар 

сыртқы  түріне  мән  бермейді,  олар  тегін  сақтауға  көп 

көңіл бөледі», – дейді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет