215
Аллаһ пен расулына шақыру
кейінгі мұсылмандарға тұрақты табыс көзі болып та-
былатын жизия тұрақсыз олжадан артық. Осыған орай
қолдарыңдағы тұтқындарға Ислам мен қауымдарының
дінінің бірін таңдау еркін беріп, Александрия басшы-
сына жизия төлеуді ұсыныңдар. Исламды таңдаған
тұтқын мұсылмандардың қатарына қосылған болып
саналады. Өз қауымының дінін таңдағандарға жизия
жүктеледі. Тұтқындардың ішінен араб жеріне, Мек-
ке, Мәдина және Йеменге кеткендерін кері қайтаруға
күшіміз жетпейді. Сол себепті қолымыздан келмейтін
мәселеде бейбіт бітім жасау дұрыс емес».
Амр (р.а.) мүміндердің әміршісі Омар (р.а.) жазған
хатта айтылған талаптарды жеткізу үшін, Александрия
басшысына елші жібереді. Ол «Қабылдадым» деген жа-
уап айтады.
Риуаят етуші әңгімелейді: «Жасалған келісімшарт
бойынша, қолымыздағы тұтқындарды жинадық. Хрис-
тиандар да жиналды. Сосын біртіндеп қолымыздағы
тұтқындарды әкеліп, оларға Ислам мен христиандықтың
бірін таңдау еркін бердік. Олардан Исламды таңдаған
біреу болса, біз Александрияны бағындырғаннан бе-
тер қуанып, дауыстап тәкбір айттық. Ал, өз сенімін-
де қалған христианды жақтастары мұрын астынан
міңгірлеп, қуанышын осылай білдіріп жатты. Ал біз
оған жизия жазып отырдық. Сөйтсе де, бұған арамыздан
қандыкөйлек достарымыздың бірі кетіп қалғандай
қатты қынжылдық. Соңына дейін осылай жалғасты.
Әкелінген тұтқындардың арасында Әбу Мәриям
Абдуллаһ ибн Абдуррахман деген біреу бар еді.
Зубәйдұлдарының білгірі болатын. Оны тоқтатып,
Ислам мен христиандықтың бірін таңдауды ұсындық.
Ол ата-анасы және қарындастары христиан екендігіне
216
Сахабалар салған сара жол
қарамастан, Исламды таңдады. Біз оны қатарымызға
қосып алдық. Ата-анасы мен қарындастары ара түсіп,
оны бізден бөліп алуға тырысты, тіпті әрі-бері тартқылап
үстіндегі киімінің жұлма-жұлмасын шығарды. Қазір ол
біздің білгіріміз»
184
.
Достарыңызбен бөлісу: