Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Али мен әлдебір христиан арасында болған



Pdf көрінісі
бет115/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Али мен әлдебір христиан арасында болған 

сауыт оқиғасы және сол христианның 

исламды қабылдауы

Хакимнің  Шағбиден  алған  риуаяты  бойынша, 

Жамал  оқиғасында  Алидің  (р.а.)  сауыты  жоғалады. 

Сауыт  әлдебір  христианның  қолынан  табылады.  Өз 

сауытын  жазбай  таныған  Али  христианның  үстінен 

Шурәйхке шағымданды. Баласы Хасан мен азат құлы 

Қанбер куәгерлері болатын. Шурәйх: «Хасанның ор-

нына басқа куәгер әкел», – дейді. «Хасанның куәгерлігі 

қабылданбайды ма?», – деп сұрағанда, қазы Шурәйх: 

«Иә, мен мұны сенен үйрендім. Баланың әкесіне куәгер 

болуы дұрыс емес деген болатынсың», – дейді. 

Хакимнің  басқа  риуаятында  былай  делін-

ген:  «Шурәйх  Алиге:  «Азат  құлыңның  куәгерлігін 

қабылдаймыз.  Бірақ  балаңның  куәгерлігін  қабыл-

дамаймыз», – дейді. Али: «Жаның шыққыр! Омардың 

(р.а.)  «Пайғамбарымыздың 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  «Ха-


сан мен Хусейн жұмақ халқы ішіндегі жастардың ең 

қадірлілері»  дегенін  риуаят  еткенін  естімедің  бе?»  – 

дейді.  Сөйтсе  де,  Шурәйх  христианға:  «Сауытты  ал, 

ол сенікі», – деп, үкім шығарады.

Христиан:  «Мүміндердің  әмірі  менімен  бірге 

мұсылмандардың қазысына барды. Қазы дауды оның 

пайдасына  шешпеді.  Ол  оған  ризалық  білдірді.  Ей, 

184


 Табари, Тарих 4/227


217

Аллаһ пен расулына шақыру

мүміндердің әмірі, уаллаһи, сен дұрыс айттың, бұл са-

уыт сенікі. Түйеңнен түсіп қалыпты, мен алған едім. 

Куәлік етемін, Аллаһтан басқа ғибадатқа лайық тәңір 

жоқ, Мұхаммед Аллаһтың расулы» дедім», – дейді.

Ол Исламға кіргеннен кейін, Али сауытын және 

оған  қоса  жеті  жүз  дирхам  ақша  береді.  Бұл  адам 

әрдайым Алидің қасынан бір елі қалмайтын. Кейіннен 

Сыффин соғысында шейіт болды»

185


185


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 7/44 (17795)


218


219



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет