Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Мысырдың бағындырылуы кезінде Амр



Pdf көрінісі
бет110/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Мысырдың бағындырылуы кезінде Амр 

ибн Астың халықты исламға шақыруы

Халид  пен  Убада  (р.а.)  айтады:  «Омар  (р.а.) 

Мәдинаға қайтқаннан кейін, Амр ибн Ас (р.а.) Мысырға 

бару үшін жолға шығады. Мысырдың Әлюун деп атала-

тын қақпасына барады. Артынан Зубәйр де барып, екеуі 

сол жерде кездеседі. Оларды Ислам аймағында тұратын 

христиандардың  басшысы  Әбу  Мәриям  күтіп  алады. 

Қасында жерін қорғау үшін Мұқауқыс жіберген әскерді 

басқарған епископ та бар еді. Амр ибн Ас (р.а.) қастарына 

келгенде,  онымен  соғысуға  іштей  тас-түйін  бекініп, 

сақадай-сай тұрған болатын. Ислам қолбасшысы: «Біз-

бен соғысуға асықпаңдар. Сендерге келген себебімізді 

айтайық.  Сосын  ойларыңды  айтарсыңдар»,  –  деп  ха-

бар жібереді. Олар әліптің артын бағып, әскерді тежей 

тұруды жөн көреді. Амр қайтадан хабар жібереді: «Мен 

алаңға шығамын. Әбу Мәриям мен Әбу Мирям да бері 

шықсын». Олар бұл ұсынысты қабылдайды. Бір-біріне 

сенімділік  білдіргеннен  кейін,  екеуіне  Амр:  «Сендер 

осы аймақтың дінбасысыңдар, мені жақсылап тыңдап 

алыңдар: «Аллаһ тағала Мұхаммедті 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 

хақ дінмен жіберді, оған ақиқатты бұйырды. Мұхаммед 



(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

өзіне берілген барлық бұйрықты біз-

178

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 7/41, Табари, Тарих 4/94




209

Аллаһ пен расулына шақыру

ге  жеткізді.  Міндетін  орындап  болған  соң  өмірден 

озды.  Бізге  соқырға  таяқ  ұстатқандай  айқын  сүннетін 

тастап кетті. Оның бізге әкелген бұйрықтарының бірі 

адамдарға ісімізді және бұл жерге не үшін келгеніміз-

ді  түсіндіру  болып  табылады.  Осыған  орай,  сендерді 

Исламға шақырамыз, кім Исламды қабылдау үшін біз-

бен келісімге келсе, ол да біз секілді игілікке кенеледі. 

Қабылдамаған  адамға  жизия  төлеуді  ұсынамыз,  оны 

қорғау үшін барымызды саламыз. Пайғамбарымыз біз-

ге  сендердің  елдеріңді  бағындыратынымызды  білдір-

ген, арамыздағы жақындыққа байланысты (Исмаилдың 

(а.с.)  анасы  Хажар  Мысыр  қыбтилерінен  болатын. 

Аллаһ расулы мұны туыстық жақындығына байланыс-

ты қабыл еткен) сендерді қорғауды өсиет еткен. Бізбен 

келісіп,  мойынсұнсаңдар,  арамыз  одан  да  жақындаса 

түсіп,  достығымызды  нығайтамыз.  Сонымен  қатар, 

мүміндердің  әміршісі  Омар  (р.а.)  бізге  «Қыбтилерге 

жақсы қараңдар, өйткені Пайғамбарымыз Қыбтилермен 

жақсы қатынас жасауды ұсынды», – дейді. Олар: «Алыс 

туыстыққа пайғамбарлар ғана мән береді. Иә, Хажар – 

текті  әйел,  билеушіміздің  қызы  болатын.  Тегі  Манаф 

әулетінен тарайды, иелік пен билік соларда еді. Сосын 

Айны Шәмс халқы оларды жеңіп, қарсы шыққандарын 

өлтірді,  мүліктерін  тартып  алды,  тірі  қалғандары  жат 

жерге қашты. Сондықтан да Хажар Ибраһимның (а.с.) 

жанына  кетті.  Міне,  осылай.  Ей,  Амр!  Қош  келдің! 

Бізге  мұрсат  бер,  ақылдасып  келейік»,  –  дейді.  Амр 

ибн  Ас:  «Мендей  адамды  алдау  оңайға  соға  қоймас, 

кеңесіп,  ақылдасып  келуіңе  үш  күн  уақыт  беремін, 

әйтпесе соғысамын», – дейді. Мысырлықтар: «Уақытты 

ұзартсаңыз», – дейді. Амр тағы бір күн қосып береді. 

Олар  тағы  да  қосуын  сұрайды.  Амр  тағы  бір  күнге 



210

Сахабалар салған сара жол

мұрсат  береді.  Сосын  олар  Мұқауқысқа  қайтып  ора-

лады. Мұқауқыс әуелі келісімге келуді ойлайды, бірақ 

грек қолбасшысы Ертабун мұсылмандармен соғысуды 

ұсынады.  Екі  дінбасы  Мысыр  халқына:  «Біз  бар 

күшімізбен  сендерді  қорғаймыз,  мұсылмандар  жаққа 

бармаймыз.  Әлі  төрт  күн  бар.  Бұл  аралықта  сендерге 

ешкім тиісе алмайды», – дейді.

Амр мен Зубәйр (р.а.) түнде Ферекабтың тұтқиыл 

шабуылына  ұшырайды.  Алайда  Амр  сақ  отырған  бо-

латын,  оны  да,  қасындағыларын  да  ұстап  өлтіреді. 

Осыдан соң Амр мен Зубәйр Айны Шәмске қарай бет 

алады»

179


.

Әбу  Хариса  мен  Әбу  Осман  былай  дейді:  «Амр 

ибн  Ас  (р.а.)  Айны  Шәмсте  мысырлықтармен  бірге 

түнегенде,  Мысыр  халқы  билеушілеріне:  «Кисраны, 

Цезарьді жеңіп, халқын жеңіліске ұшыратқан қауымға 

қарсы  не  істемексің?  Олармен  дереу  келісімге  кел, 

өзіңнің де, біздің де басымызды қатерге тікпе», – дей-

ді. 


Бұл  Амр  өздеріне  ақылдасу  үшін  берілген 

мерзімнің  төртінші  күнінде  орын  алды.  Патша 

халқының бұл ұсынысына құлақ аспай, Ислам қолына 

шабуыл  жасайды.  Шайқас  барысында  Зубәйр  қала 

қорғанына  көтеріледі.  Мысыр  халқы  Зубәйрді  көріп, 

Амрға қаланың қақпасын ашып, мұсылмандардан сауға 

сұрайды.  Амр  ибн  Ас  (р.а.)  олардың  ұсыныстарын 

қабылдайды. Зубәйр оларды өз қорғауына алды

180



179



 Табари, Тарих 4/227

180


 Табари, Тарих 4/288


211

Аллаһ пен расулына шақыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет