Мекке бағындырылған күні барша
адамның Аллаһ пен расулына серт беруі
Әсуад (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
Мекке бағындырылған күні Сафаның
төбесіне шығып, халықтың мұсылман болу және кәлима
шаһадат айту үшін берген сертін қабылдады.
«Кәлима шаһадат үшін серттің мақсаты не?» –
деп сұрадым. «Аллаһқа иман келтіру, Аллаһтан басқа
ғибадатқа лайық тәңір жоқ екеніне, Мұхаммедтің
Аллаһтың құлы әрі расулы екеніне куәлік ету», – деп
жауап берді».
Бәйхақи былай риуаят етеді: «Жеңіс күні үлкен-
кіші, әйел-еркек демей, барша халық Аллаһтың расу-
лына барды. Пайғамбарымыз олардың Ислам және
шаһадат сөзіне қатысты сертін қабылдады»
188
.
Достарыңызбен бөлісу: |