Ауф ибн Мәлік пен жолдастарының ислам
негіздеріне бағыну және тіленбеу, ешкімге
алақан жаймауға серт беруі
Ауф ибн Мәлік әл-Әшжаи (р.а.) былай дейді: «Біз,
жеті-сегіз адам, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алдында
отырған болатынбыз. Бізге: «Сендер Аллаһтың расу-
лына серт бермейсіңдер ме?» – деді. Осы сұрағын үш
рет қайталады. Біз қолымызды создық, ол сертімізді
қабылдады. Біз: «Уа, Расулаллаһ, саған серт бердік,
бірақ қандай негіздерге?» – деп сұрадық. «Аллаһқа
ғибадат жасауға, Оған еш нәрсені серік етіп қоспауға,
бес уақыт намазды оқуға», – деді де, ақырын дауыспен
«және ешкімнен еш нәрсе дәметпеуге» дегенді қосып
айтты.
Риуаятшы айтады: «Мен осы адамдардың біра-
зын көрдім, тіпті қамшысы жерге түсіп кетсе, біреуге
«Қамшымды әпер» демейтін, көлігінен түсіп, өздері
алатын»
191
.
190
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 1/529 (2365)
191
Мүслим, Сахих 2/721 (1043)
223
Сахабалардың пайғамбарымыз бен халифаларға серт беруі
Достарыңызбен бөлісу: |