Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың Құрайыштардан



Pdf көрінісі
бет137/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Пайғамбарымыздың Құрайыштардан 

көрген қорлығы

Харис ибн Харистің айтуынша: «Бір күні әкемнен: 

«Мына жиналғандар кімдер?» – деп сұрадым. «Арала-

рынан  шыққан,  дінінен  тайған  әлгі  адам  бар  емес  пе, 

соның төңірегіне топтасқандар ғой», – деп жауап берді 

әкем. 


Олардың  не  деп  жатқанын  білуге  құмартып, 

қастарына жақындадым. Пайғамбар 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 

көпшілікті Аллаһқа иман келтіруге шақырып тұр екен. 



Ал олар оның ұсынысын қабылдамай, өзін мазақ етіп, 

дөрекі қылықтар көрсетіп жатты. Күн сәске болғанда, 

халық тарап кетті. Қарсы алдымыздан асығып-аптығып, 

сүрініп-қабынып,  келе  жатқан,  алқымы  ашылып  кет-

кен, қолында құмырасы мен сүлгісі бар бір әйел шыға 

келді. Аллаһ расулы (с.а.с.) құмыраға қол созып, суын 

ішті,  дәрет  алып,  басын  көтерді  де:  «Жаным  қызым, 

алқымыңды жап, әкеңді еш уайымдама!» – деді.

Біз бұл әйелдің кім екенін сұрағанымызда, ол өзінің 

қызы Зейнеп екенін айтты».

Мәнбитул-Әзди былай дейді: «Надандық дәуірінде 

Пайғамбарды 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 көрдім. Ол: «Ей, адам-

215

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/134




240

Сахабалар салған сара жол

дар!  «Лә  иләһә  иллаллаһ»  деңдер,  ақыретте  азапқа 

ұшырамайсыңдар!»,  –  дейтін.  Адамдардың  бірі  оған 

қарата  түкіріп,  бірі  топырақ  шашып,  балағаттады. 

Сөйтіп тұрғанда, күн түс болды. Қарсы беттен бір жас 

қыз  көрінді.  Қолында  су  толы  үлкен  құмырасы  бар. 

Аллаһ расулы сол сумен беті-қолын жуды да: «Қызым, 

қорықпа!  Әкеңе  ешкім  қастандық  жасай  алмайды, 

масқара  да  ете  алмайды»,  –  деді.  Мен  ол  қыздың  кім 

екенін  сұрағанымда,  жанымдағылар:  «Ол  –  Аллаһ 

расулының  қызы  –  Зейнеп»,  –  деді.  Ол  жүзі  нұрлы, 

жаны жаздай жадыраған қыз болатын

216

.

Уруа  ибн  Зубәйр  (р.а.)  айтады:  «Ибнул-Астан 



мүшріктердің  Пайғамбарымызға  көрсеткен  ең  ауыр 

қорлығы қандай екенін сұрадым. Ол былай деді:«Бірде 

Расулаллаһ  Қағбаның  Хижр  жағында  намаз  оқып 

тұрғанда, Уқба ибн Әбу Муайт шыға келді. Киімімен 

мойнын  орап,  бар  күшін  салып  оны  буындыра  баста-

ды.  Сол  кезде  Әбу  Бәкір  (р.а.)  келіп  қалып,  Уқбаның 

иығынан кері жұлқи тартты. «Қойсаңшы, бұл кісіні «Раб-

бым – Аллаһ» дегені үшін өлтіргелі жатырсың ба? Ол 

сендерге Раббыларыңнан қаншама мұғжизалар әкелді. 

Егер ол өтірікші болса, өтірігі өзіне, ал шын сөйлеген 

болса,  онда  дайын  болыңдар:  сендерді  қорқытқан 

азаптың  бір  ұшығы  сендерге  келеді,  күмәнсіз,  Аллаһ 

шектен  шыққан,  өтірікшілерді  жетістікке  жеткіз-

бейді» деген аятты оқыды»

217 


(Мүмін, 40/28). 

Ибн  Әбу  Шәйба  Амр  ибн  әл-Астан  естігенін  бы-

лай  жеткізеді:  «Мен  Құрайыштың  Пайғамбарымызды 

қалай  өлтірмек  болған  бір  күнді  білемін.  Ол  былай 

болған  еді:  Құрайыштың  беделді  адамдары  жиналып, 

216


 Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 22/432 (1052

217


 Бұхари, Сахих 3/1400 (3643)


241

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары

Қағбаның  көлеңкесінде  отырған  болатын.  Аллаһ  ра-

сулы (с.а.с.) Ибраһим мақамында намаз оқып тұр еді, 

кенет Уқба ибн Әбу Муайт орнынан атып тұрып, киімі-

мен Пайғамбарымыздың мойнын орап, буындыра бас-

тады. Расулаллаһ тізерлеп отырып қалды. Халық оны 

өлді  деп  ойлап,  әбігерге  түсті.  Әбу  Бәкір  (р.а.)  қарсы 

беттен жүгіріп келіп, Пайғамбарымызды 

(саллаллаһу аләйһи уә 

сәлләм)


 жатқан жерінен тұрғызып алды да, Уқба ибн Әбу 

Муайтқа «Раббым – Аллаһ» дегеніне бола кісі өлтіресің 

бе?» деп айқайлады.

Халық  тарқаған  соң,  Аллаһ  расулы  намаз  оқуын 

жалғастырды.  Намазын  оқып  бітіргеннен  кейін, 

Қағбаның  көлеңкесінде  отырған  Құрайыштардың 

қасына  барып:  «Ей,  Құрайыш  қауымы!  Мұхаммедтің 

рухын уысында ұстаған Аллаһқа ант етемін, (қолымен 

мойнын көрсетіп) әлі-ақ кәлладан айрылып, көздеріңе 

көк шыбын үймелейді», – дейді. Аллаһ расулының бұл 

сөзі оларға ауыр тиіп, Әбу Жәһіл: «Әй, Мұхаммед! Сен 

надан әрі дөрекі емес едің ғой?!» – деп Пайғамбарымызға 

таңданысын білдіргенде, Аллаһ расулы оған: «Сен де 

солардың (өлетіндердің) бірісің», – дейді»

218



Уруа ибн Зубәйр айтады: «Абдуллаһ ибн Амрдан 



(р.а.):  «Құрайыштардың  Пайғамбарымызға 

(саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)

  көрсеткен  ең  ауыр  қорлығы  қандай  еді?» 

–  деп  сұрағанымда,  ол:  «Бір  күні  Құрайыштың  бет-

ке тұтарлары Қағбадағы Хижрда жиналып отыр екен. 

Мен  олардың  қасына  барғанымда  «Мына  адамға  әлі 

күнге  дейін  төзіп  келеміз.  Бізді  ақымаққа  балап,  ата-

бабаларымызға  тіл  тигізді,  дінімізді  айыптады,  бір-

лігіміз  бен  тұтастығымызды  бұзды,  тәңірлерімізді 

балағаттады», – деп кіжініп отыр екен. Сол кезде алыс-

218


 Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 2/218 (7036)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет