Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


ЖАғФАР ибн Әбу ТӘлІП ПЕн КЕйбІР



Pdf көрінісі
бет196/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   349
5. ЖАғФАР ибн Әбу ТӘлІП ПЕн КЕйбІР 

САхАбАлАРдың хАбАшСТАнғА, одАн 

КЕйІн МӘдинАғА һиЖРЕТ ЕТуІ

Сахабаларды қайтару үшін 

Құрайыштардың Амр ибн Асты 

нәжашиге жіберуі

Үммі Сәләма 

(р.а.)

 айтады: «Аллаһ расулының са-



хабаларына  мүшріктердің  қорлығы  әбден  өтіп  кетті. 

Жан төзгісіз азаптан көз ашпаған сахабалардың Мекке-

де қалуы екіталай еді. Өйткені оларды діннен тайдыру 

үшін  мүшріктер  неге  болса  да  дайын  еді.  Осыны  ес-

керген мұсылмандар Пайғамбарымыздың сөзіне құлақ 

асып, һижрет етуге бел буады. Асылында, Аллаһ расулы 

қауымы  мен  көкесінің  қамқорлығында  болғандықтан, 

оған  ешкім  тиісе  алмайтын  және  өзге  сахабаларға 

көрсеткен қорлықты оған көрсете алмайтын. Расулаллаһ 

сахабаларын  адам  айтқысыз  азаптан  арашалауға  бір 

319

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 16/956 (46324)




323

Һижрет

өзінің дәрмені  жетпегендіктен, оларға: «Хабашстанның 

билеушісі қарамағындағы халқына озбырлық жасамай-

ды. Әзірге соның елін паналай  тұрыңдар. Аллаһ тағала 

сендер үшін еркіндік пен шығар жол көрсеткенге дейін 

сол жерде бола тұрыңдар», – деп кеңес береді. Біз топ-

топқа бөлініп, жолға шықтық. Хабашстанда бас қостық. 

Бір-бірімен қақ-соғы жоқ, өз шаруасын күйттеген бей-

біт ел екен. Діни сенімімізге байланысты бізге ешкім 

күш  көрсеткен  жоқ.  Құрайыштар  біздің  сенімді  елді 

паналағанымызды  көре  алмай,  өзара  ақылдасып,  біз-

ді елге қайтару үшін, Нәжашиге елші жіберуге шешім 

қабылдады. Елші етіп Амр ибн Ас пен Абдуллаһ ибн 

Әбу  Рабианы  жіберді.  Нәжашиге  бір  бөлек,  оның 

қолбасшыларына  бір  бөлек  тарту-таралғылар  дайын-

дап,  елшілеріне:  «Олар  туралы  сөз  қозғамай  тұрып, 

әуелі,  әрбір  қолбасшының  сыйлығын  беріңдер.  Со-

сын Нәжашидің бабын табыңдар. Қолдарыңнан келсе, 

Нәжаши  мен  мұсылмандарды  тілдестірмей,  оларды 

қайтарып алуға күш салыңдар», – деп ескертеді.

Амр мен Абдуллаһ келіп, әр қолбасшыға жеке сый-

құрмет көрсетеді. Сый-құрмет көрсете жүріп, өздерінің 

талап-тілектерін  ұмытпайды.    «Біз  діні  үшін  елдері-

нен  безген,  сендердің  діндеріңді  де  қабылдамаған, 

сөйте  тұра,  сендерді  паналаған  опасыздар  жайында 

патшаларыңмен  сөйлесу  үшін  келдік.  Қауымымыз 

оларды қайтарып әкелу үшін, бізді елші етіп жіберді. 

Осы  мәселені  патшамен  сөйлескенде,  бізді  жақтап, 

көмектесіңдер»,  –  дейді.  Олар  келіседі.  Ықпалды 

адамдардың  аузын  майлап,  алдын-ала  келісімін  алған 

Құрайыштың елшілері Нәжашидің тарту-таралғысын да 

табыстайды.  Меккеліктердің  әкелген  сыйлықтарының 

ішінде  Нәжашиге  ең  қатты  ұнағаны  –  өңделген  мал 



324

Сахабалар салған сара жол

терілері  болатын.  Олар  патшаға  былай  дейді:  «Уа, 

әміршім! Арамыздан кейбір ақымақтар өздерінің діні-

нен  бас  тартып,  елінен  безді  және  сенің  дініңді  де 

қабылдамады. Біз білмейтін бір дінді ойлап шығарды. 

Енді  келіп  сенің  еліңді  паналап  жүр.  Олар  туралы 

сөйлесу үшін, туыстары бізді саған елші етіп жіберді. 

Сенен оларды қайтаруды сұрайды. Өйткені, оларды өз 

қауымы жақсы біледі. Сенің де дініңе кірмепті, оларды 

неліктен қарауыңда ұстайсың?», – деді.

Нәжаши ашуланып: «Жоқ, болмайды! Аллаһқа ант 

етемін, бәрін шақырып сөйлеспей тұрып, жағдайларын 

өз ауыздарынан естімейінше, қайтара алмаймын. Олар 

– менің елімді паналап, менің қамқорлығымды таңдаған 

адамдар. Егер жағдай туыстарының айтқанындай бол-

са, онда оларды кері қайтарамын. Жоқ, олай болмаса, 

онда менің қамқорлығымда қала береді», – деді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет