Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет240/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   349
омардың (р.а.) қарыздары

Амр ибн Мәймун айтады: «Әбу Лулудың қолынан 

жарақаттанған Омар 

(р.а.)


 төсек тартып жатқанда, бала-

сы  Абдуллаһқа  қарыздарын  есептеуді  тапсырады.  Ол 

есептің  қорытындысы  сексен  алты  мың  болғанын  ай-

тады.  Омар:  «Егер  Омар  отбасының  дүние-мүлкі  осы 

қарыздарды  жабатын  болса,  солардан  төле.  Жетпесе, 

Адый  ибн  Кағыбұлдарынан  сұра.  Олардың  да  малы 

жетпесе,  Құрайыштардан  сұра.  Басқа  ешкімге  барма. 

Дереу  қарыздарымды  төлеп  құтыл.  Мүміндердің  ана-

сы  Айшаға 

(р.а.)


  сәлемімді  айт:  «Хаттабұлы  Омар  екі 

жолдасының қасына жерленуге сізден рұқсат сұрайды» 

де. «Мүміндердің әмірі сұрап жатыр» деуші болма. Енді 

бұдан былай мен мүміндердің әмірі емеспін», – деп ес-

кертеді. Абдуллаһ ибн Омар әкесінің тілегін жеткізбек 

боп  келген  кезде  Айша  жылап  отыр  екен.  Абдуллаһ 

Айшаға  сәлем  бергеннен  кейін:  «Хаттабұлы  Омар 

сәлем  айтты,  өзін  екі  жолдасының  қасына  жерлеуге 

378

 Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 9/77 (579)




383

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

сенен рұқсат сұрайды», – дейді. Айша 

(р.а.):

 «Уаллаһи, 

ол  жерді  өзіме  сақтап  жүр  едім.  Алайда,  бүгін  өз 

қалауымнан  гөрі  Омадың  қалауының  орындалғанын 

жөн көрдім», – деп, рұқсатын береді. Абдуллаһ қайтып 

келген  соң,  Омар  одан:  «Маған  не  хабар  әкелдің?» 

– деп сұрайды. Ол Айшаның 

(р.а.) 


рұқсат бергенін ай-

тады.  «Әлхамдулиллаһ,  арманым  осы  еді»,  –  дейді 

де,  сөзін  былай  жалғастырады:  «Қайтыс  болғаннан 

кейін  мені  табытпен  Пайғамбарымыздың  мазаратына 

апарыңдар. Балам, сол жерге барған соң, Айшадан тағы 

да рұқсат сұра. «Омар ибн Хаттаб рұқсат сұрайды» де. 

Рұқсат  берсе,  мені  сол  жерге  жерле,  рұқсат  бермесе, 

мұсылмандардың мазаратына апарып жерлерсің».

Адамдар Омардың жансыз денесін иықтарына са-

лып әкетіп бара жатқанда, халықты адам айтқысыз ауыр 

мұң  басып,  аза  тұтқан  еді.  Абдуллаһ  ибн  Омар  әкесі 

өсиет еткендей, қабір басында Айшаға: «Омар ибн Хат-

таб рұқсат сұрайды», – дейді. Айша рұқсатын береді. 

Аллаһтың  рақымдылығымен  Омар  Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәллам)

  бен  Әбу  Бәкір  (р.а.)  жерленген 

мазаратқа жерленді.

Риуаятшы  айтады:  «Омар 

(р.а.) 

жан  тәсілім  етер 

сәтте,  халық  одан  халифалыққа  мұрагер  тағайындап 

кетуін  сұрайды.  Ол:  «Мен  бұл  орынға  Аллаһ  расулы 

ризалығын  білдірген  мына  адамдардан  артық  лайық 

адамды білмеймін. Менен кейін олардың қайсысы ха-

лифа сайланса, сол халифа болады, – деп, Али, Осман, 

Талха, Зубәйр, Абдуррахман ибн Ауф және Сағыд ибн 

Әбу Уаққастың есімдерін атайды да, – егер халифалыққа 

Сағыдты  сайлайтын  болсаңдар,  қателеспейсіңдер. 

Сайланбаса,  халифа  болған  адам  Сағыдқа  бір  қызмет 

беріп,  оның  ілімінен  пайдалансын.  Менің  оны  Куфа 




384

Сахабалар салған сара жол

әкімдігінен  алып  тастауым  оның  әлсіздігінен  немесе 

бір қиянат жасағандығынан емес», – деді. Омар баласы 

Абдуллаһты тек ойын айтқызу үшін кеңесу мәжілісіне 

қатыстырып,  оның  халифалық  орынға  таласпауын 

шарт еткен еді. Жоғарыда есімі аталғандар халифалық 

мәселесі  туралы  кеңесуге  жиналған  кезде,  Абдуррах-

ман ибн Ауф: «Өкілдігімізді арамыздан үш адамға бе-

рейік», – дейді. Осыған орай, Зубәйр өкілдігін Алиге, 

Талха Османға, Сағыд болса, Абдуррахман ибн Ауфқа 

берді. Осынау жауапкершілігі мол, қияметке дейін өз 

маңызын  жоймайтын  алқалы  іске  бас-көз  болу  осы 

үш  адамға  тапсырылғаннан  кейін,  Абдуррахман  ибн 

Ауф  «Қайсысың  халифалықтан  бас  тартасыңдар?» 

–  деп  сұрағанда,  Али  мен  Осман  үндемейді.  Сонда 

Абдуррахман  ибн  Ауф  екі  жолдасына:  «Олай  болса, 

осы  сайлау  ісімен  айналысуды  маған  тапсырсаңдар, 

Аллаһ  куә,  мен  сендердің  араларыңдағы  ең  лайықты 

және мұсылмандарға ең пайдалы адамды сайлау үшін, 

қолымнан келгенін жасаймын», – деді. Олар келісіп, өз 

өкілдігін соған тапсырады. Абдуррахман ибн Ауф ал-

дымен Алимен жеке сөйлесіп: «Уа, Али, сенің Аллаһ ра-

сулымен туыстық байланысың бар және Исламға алғаш 

кіргендердің қатарындасың. Аллаһ куә, егер сені хали-

фа етіп тағайындасам, сенің әділ іс атқаратындығыңда 

күмән  жоқ.  Алайда  Османды  тағайындасам,  оның 

сөздерін тыңдап, бұйрықтарына бағынасың ба?», – дей-

ді. Али «Иә» деп жауап береді. Сосын Абдуррахман ибн 

Ауф 

(р.а.) 


Османмен жеке сөйлесіп, Алиге айтқандарын 

оған да айтады. Абдуррахман ибн Ауф екеуінен де осы-

лай уәде алғаннан кейін, Османға: «Уа, Осман, қолыңды 

бер!» – дейді. Осман қолын созғанда, ол оған серт бер-




385

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

ді. Осылайша алдымен Али, сосын барлық халық келіп, 

Османға серт берді

379


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет