Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Зүлжәушәннің мұсылман болуы



Pdf көрінісі
бет31/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Зүлжәушәннің мұсылман болуы 

Зүлжәушән  Бәдір  соғысынан  кейін  Пайғам-

барымызға бір тай жетектеп апарып: – Мына тайды сіз-

ге әкелдім, – дейді. 

Аллаһ  елшісі  (с.а.с.):  –  Оның  маған  керегі  жоқ. 

Алайда,  қаласаң,  Бәдірде  олжаға  алынған  сауыттарға 

ауыстырайық, – дейді. 

Зүлжәушән:  –  Ауыздығымен  алысқан  мұндай 

тұлпарды сауыттарға ауыстырғым келмейді, – дейді. 

Расулаллаһ: – Мақұл, бірақ маған сенің тайың қажет 

емес. Зүлжәушән, сен оны қоя тұр, мен саған бір нәрсе 

айтайын.  Исламға  кіріп,  алғашқылардың  қатарында 

болғың келмей ме? – дейді. 

Зүлжәушән: – Жоқ, – деп жауап береді. 

Рақым  пайғамбары  (с.а.с.):  –  Неліктен?  –  деп 

сұрайды. Ол: 

–  Өз  қауымың  соңыңнан  шырақ  алып  түскенін 

білемін. Айтқан сөзіңді теріске шығарып, араларынан 

сені аластағанын да білемін, – дейді. 

–  Олардың  Бәдірде  қалай  жеңіліс  тапқаны  ту-

ралы  білесің  бе?  –  деп  сұрайды  Пайғамбарымыз. 

Зүлжәушән: 

–  Иә, – деп жауап береді. Пайғамбарымыз: 

–  Онда  сол  туралы  толық  баяндап  берейік,  –  де-

генде, Зүлжәушән: – Бәдір емес, Қағбаны бағындырып, 

сол жерге қоныстансаң, айтқандарыңды қабылдаймын, 

– дейді. Расулаллаһ: 

–  Аман болсаң, оны да көрерсің, – дейді. 

Осы әңгімеден кейін Расулаллаһ 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 

Біләл  Хабашиға:  «Мына  адамның  дорбасына  Мәдина 



құрмаларынан толтырып салып бер», – дейді. 


58

Сахабалар салған сара жол

Зүлжәушән  кетіп  бара  жатқанда,  Расулаллаһ 

қасындағыларға:  «Біліп  қойыңдар,  мына  адам  Бәни 

Амир батырларының ең айтулыларының бірі», – дейді. 

Зүлжәушән Мекке бағындырылғанға дейін мұсыл-

мандықты  қабылдамайды.  Пайғамбарымыз  Меккені 

алғанда,  Зүлжәушән:  «Қап,  әттеген-ай,  Расулаллаһ 

«Кел,  мұсылман  бол»  деген  кезде,  тілін  алғанда  ғой, 

қазір одан Хираны сұрар едім. Олжаны сол жерден алар 

едім», – деп өкінеді

84





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет