Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


бәшір ибн Мағбадтың мұсылман болуы



Pdf көрінісі
бет32/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

бәшір ибн Мағбадтың мұсылман болуы

Бәшір ибн Мағбад Хасасия тегінен шыққандықтан 

халық оны «Бәшір ибн әл-Хасасия» деп те атайтын. 

Бәшір  бір  күні  Пайғамбарға  барып  жолығады. 

Расулаллаһ  (с.а.с.)  алдымен  Исламға  шақырып,  со-

сын  оның  аты-жөнін  сұрайды.  Ол  «Нәзир»,  яғни 

«қорқытушы»  деп  жауап  береді.  Сонда  Расулаллаһ 

оның атын «Бәшір», яғни «сүйіншілеуші» деп өзгертеді. 

Сосын оны Суффада қонақ етіп күтеді. 

Пайғамбарымыз өзіне берілген сыйлықтан қасын-

дағыларға  да  үлестіретін.  Садақа  келсе,  толығымен 

қонақтар мен жолдастарына таратып беретін. Бір күні 

түнде  Аллаһ  елшісі  (с.а.с.)  сыртқа  шығады.  Бәшір  де 

оның соңынан ереді. Расулаллаһ Бақи мазаратына ба-

рып,  қабірде  жатқандарға  былай  сәлем  береді:  «Ей, 

мүмін қабір тұрғындары, сіздерге сәлем бердім! Біз де, 

иншаллаһ, сендермен қауышамыз. Бәріміз де Аллаһтың 

мүлкіміз, кезі келгенде, әрине, Соған қайтамыз. Сіздер 

ұзақ  уақытқа  созылған  жамандықты  артқа  қалдырып, 

мол жақсылыққа жеттіңіздер».

84

  Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 6/237 (10228)




59

Аллаһ пен расулына шақыру

Расулаллаһ дұғаны оқып, кері қайтқанда, артынан 

біреудің еріп келе жатқанын сезеді. «Бұл кім?» – деп 

дауыстайды.  Әлгі  адам:  «Бәшір»,  –  дейді.  Расулаллаһ 

оған «Аллаһтың «Егер олар болмағанда, жер беті ішін-

дегілерімен бірге жойылып кетер еді» деп сипаттаған 

Рабия тайпасы арасынан сені таңдап, Исламға қосуына 

ризалық  білдірмейсің  бе?  Аллаһқа  мақтау  айтуың  ке-

рек емес пе?» – дейді. Бәшір: «Иә», – дейді. Расулаллаһ: 

«Маған  неге  еріп  келесің?»  –  деп  сұрайды.  «Түнде 

қаланың сыртына шығасың, бір жерде құлап қалмасын 

немесе жәндіктер шағып алмасын деп, артыңнан еріп 

келемін»

85

, – деп елжірей жауап береді Бәшір. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет