Әсад ибн Зүрара мен Зәкуан ибн
Абдуқайсты исламға шақыру
Мәдина тұрғыны Әсад ибн Зүрара мен Зәкуан
әлдебір мәселеге байланысты жауапқа тартылған
еді. Олар Ұтба ибн Рабияның төрелігіне жүгіну
үшін, Меккеге барады. Сол жерден Аллаһтың ра-
сулы (с.а.с.) туралы естіп, тіке соған жолыққанды
жөн көреді. Пайғамбарымыз оларға Исламды
түсіндіреді. Құраннан аяттар оқиды. Екеуі сол жер-
де мұсылмандықты қабылдайды. Сөйтіп, олар Ұтбаға
соқпай, бірден Мәдинаға қайтады. Бұл екі әйгілі саха-
ба Мәдинаға мұсылмандықты алғаш жеткізгендердің
қатарында саналады
92
.
Достарыңызбен бөлісу: |