Пайғамбарымыздың Кағыбұлдарын
исламға шақыруы
Абдуррахман
әл-Амири
өз
қауымының
ақсақалдарынан естігендерін былай жеткізеді:
«Укказ жәрмеңкесінде Аллаһ расулы бізге келіп
кім екенімізді сұрады:
– Амир ибн Сасағаұлдарынанбыз.
– Қай Амирұлдары?
– Кағыб ибн Рабияұлдары.
– Көмек пен қолдау сұрағандарды қорғап-
қолдайтындай күштерің бар ма? – деп сұрайды
Пайғамбарымыз.
– Біздің жағымызда болған адамға ешкім тиісе ал-
майды, – дейді олар.
– Мен Аллаһтың расулымын. Раббымның
бұйрықтарын уағыздауым үшін сендерден жәрдем
сұрап келдім. Ешқайсыңды қыстап, қинамаймын да, –
дейді Пайғамбарымыз. Олар сонда Пайғамбарымызға:
– Құрайыштың қай тайпасынансың? – дейді.
– Абдулмұтталибұлдарынан.
– Абду Мәнәбұлдарымен байланысың қалай?
Олармен ара-қатынасың жақсы ма? – деп сұрайды
олар.
– Олар мені өтірікшіге балап, ит қосып қуды, –
дейді Аллаһ расулы (с.а.с.). Сасағаұлдары:
102
Әбу Нуайм, Дәләил 1/259
79
Аллаһ пен расулына шақыру
– Біз сені қумаймыз, бірақ пайғамбарлығыңды
мойындамаймыз. Алайда, дініңді уағыздауыңа
көмектесеміз, – дейді.
Бұдан кейін Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
солардың
қасында болады. Сасағаұлдары өз шаруасымен айналы-
сып сауда жасап жатқанда, Бүжра ибн Қайс әл-Құшайри
деген біреу келіп:
– Мына қастарыңдағы адам кім? Танымадым ғой,
– деп сұрайды.
– Мұхаммед ибн Абдуллаһ әл-Құрайши, – дейді
олар.
– Бұл кісі сендердің қастарында не бітіріп жүр?
– Бізге өзінің Аллаһтың елшісі екендігін айтып,
дінін уағыздау үшін қолдау көрсетуімізді өтінді, – дей-
ді.
– Сендер оған не деп жауап бердіңдер?
– Жарайды, кел. Елімізге апарамыз, сені қорғаймыз,
– дедік. Бұны естігенде Бүжра қатты ашуланып:
– Мына жәрмеңкеден дәл сендер сияқты ессізді
көрмедім. Егер Мұхаммедке қолдау білдірсеңдер, жап-
пай халықтың наразылығына ұшырайсыңдар, бүкіл
арабтар сендермен жауласып шыға келеді. Өз қауымы
оны сендерден жақсы біледі. Егер Мұхаммедтен бір
жақсылық күтетін болса, өздері-ақ баяғыда қанаттыға
қақтырмай қорғар еді. Туған жұрты сыйғызбай арала-
рынан қуған адамның айтқанына сеніп, оны паналатып,
көмектеспекшісіңдер ме? Не істеп отырғандарыңды
білесіңдер ме?! – деп дүрсе қоя береді. Сосын
Расулаллаһқа (с.а.с.) қарап:
– Тұр, өз қауымыңа бар. Мыналардың
қамқорлығында болмағаныңда саған көресіні көрсетер
едім, – деп кіжінеді.
80
Сахабалар салған сара жол
Расулаллаһ ләм-мим демей түйесіне мінеді. Бүжра
Пайғамбарымыздан құтылуға асыққандай түйенің
бүйірін әдейі қаттырақ түртіп қалады. Мұндай оқыс
әрекет, шалт қимылдан түйе мөңкіген кезде, қамсыз-
қаперсіз отырған Пайғамбарымыз ауып түседі. Мек-
кеде Исламды қабылдаған әйелдердің бірі Амр ибн
Құрттың қызы Дубаға сол жақтағы туысқандарына
қыдырып келген-ді. Пайғамбарымызға жасалған
қиянатты көріп шошыған ол: «Әй, Амирұлдары! Мен
үшін енді Амирұлдары жоқ! Өңшең ез, қоян жүрек не-
мелер! Көз алдарыңда Аллаһтың расулына не жасалып
жатқанын көре тұра, ешқайсысың оған көмектесуге
жарамадыңдар!» – деп айғай салады.
Мына сөзге шыдамаған Дубағаның көкесінің бала-
ларынан үш адам тұрып, Бүжра мен оған көмектескен
екі адамға қарай тұра ұмтылады. Қолына түскендерін
жерге алып ұрып, соққының астына алады. Сонда Аллаһ
расулы (с.а.с.): «Аллаһ тағалам! Мыналарға қайыр мен
береке бер, ал аналарға лағынет жаудыр!» – деп дұға
етеді.
Расулаллаһқа көмектескен сол үш адам мұсылман
болып, дін жолында шейіт болды. Ал қалған үшеуі ра-
сында да лағынетке ұшырады»
103
.
Достарыңызбен бөлісу: |