Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет55/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   349
9. ПАйғАМбАРыМыЗдың хАлыҚТы 

иСлАМғА шАҚыРу үшІн ЖАяу 

САПАРғА шығуы

Таифке жаяу баруы

Абдуллаһ  ибн  Жағфар  (р.а.)  былай  дейді:  «Әбу 

Тәліп қайтыс болған соң, Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи 

уә сәлләм)

 Таифқа жаяу барып, халқын Исламға шақырды, 

бірақ олар айтқандарын қабылдамады. Кері оралып, бір 

ағаштың көлеңкесін саялап, бел жазып, аяқ суытқаннан 

кейін,  екі  рәкат  намаз  оқып,  Аллаһқа  мұңын  шағып: 

«Аллаһ  тағалам!  Әлсіздігімді,  адамдар  алдындағы 

шарасыздығымды бір Өзіңе ғана айтып, сыйынамын. 

Ей,  рақымдылардың  рақымдысы  Раббым! 

Мейірімділердің  мейірімдісі!  Мені  кімге  қалдырдың? 

Маған  қарсы  қастыққа  барған  дұшпаныма  ма,  әлде 

айтқандарыма құлақ аспайтын туыстарыма ма? 

Аллаһ  тағалам!  Маған  қаһарланып,  наразы 

болмасаң  болғаны,  басқа  еш  нәрседен  қам  жемеймін. 

Кешірімділігің шексіз.

Ей,  Аллаһ  тағалам!  Рақымыңнан  құр  қалудан 

сақтанып,  қараңғылықты  нұрландыратын,  дүние  мен 

ақырет істерін реттейтін бір Өзіңе ғана сыйынамын. 

Аллаһ  тағалам!  Маған  разы  болғаныңа  дейін, 

кешіріміңді  тілеймін.  Сенен  асқан  күш-құдірет  иесі 

жоқ»


115

, – деп Жаратқанға жалбарына дұға жасайды.

115

 Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 6/37 (9851)




97

Аллаһ пен расулына шақыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет