Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың Әус пен хазраж



Pdf көрінісі
бет50/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   349
Пайғамбарымыздың Әус пен хазраж 

тайпаларын исламға шақыруы

Али  (р.а.)  бірде  ансарлар  туралы,  олардың 

артықшылықтары  мен  сіңірген  еңбектері  жайлы 

әңгімелеп, былай дейді:

«Ансарды  жақсы  көрмеген,  олардың  қадірін  біл-

меген  адам  кәміл  мұсылман  бола  алмайды.  Ансарлар 

жарқылдаған қылыштарымен, шешен тілдерімен, асқан 

жомарттығымен Исламның туын жықпай, бүгінгі күнге 

жеткізді. Аллаһқа ант етемін, Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)

  жәрмеңкелерге  шығатын,  тайпаларды 

Исламға  шақыратын,  бірақ  айтқанын  тыңдай  қоятын 

адам  табылмайтын.  Мәжәннада,  Укказда,  Минада 

тайпаларға  барып,  жылда  дінді  уағыздайтын.  Тіпті, 

кейбір тайпалар: «Бізден әлі үмітіңді үзген жоқсың ба?» 

–  деп  жақтырмайтын.  Аллаһ  тағаланың  бұйрығымен 

ансардан  осы  екі  тайпаға  Пайғамбарымыз  Исламды 

түсіндірді. Олар Исламды бірден қабылдап, Аллаһ ел-

106


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/142


87

Аллаһ пен расулына шақыру

шісін өз қамқорлықтарына алып, тиісінше көмек берді. 

Аллаһ ансарды мол игілікке бөлесін. Біз оларға бардық, 

үйлерінде  тұрдық.  Бізді  құшақ  жая  қарсы  алып,  ба-

уырына басты. Бізді өз араларында бөлісіп, қонақ ету 

үшін  таласып,  тіпті  жеребе  де  тастайтын.  Өздерінің 

дүние-мүліктерін  бөліскенде  де  бар  ықыластарымен 

бізге  көбірек  беруді  қалайтын.  Ансарлар  өздерінің 

жандарын  Пайғамбарымыздың  жолында  пида  етті. 

Пайғамбарымыз бен ансарларға Аллаһтың игілігі мен 

сәлемі жаусын!»

Сағыд  ибн  Рәбидің  анасы  Үммі  Сағыд  (р.а.): 

«Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  Меккеде  тұрған 

кезде,  жар  құлағы  жастыққа  тимей  тайпаларды  бір 

Аллаһқа  сенуге  шақыратын,  алайда  жар  сүзгендей 

қиналып, көп қорлық көретін. Аллаһ тағала ансардың 

осы тайпасына тура жолды нәсіп етіп, Хақ нәби (с.а.с.) 

Ақаба  деген  жерде  олардың  бір  тобымен  кездеседі. 

Пайғамбарымыз іздеп барған уақытта, олар шаштарын 

алдыртып жатқан болатын».

Сағыд ибн Рәби: «Анашым, олар кімдер еді?» – деп 

сұрайды. 

«Алты  немесе  жеті  адам  болатын.  Үшеуі  Бәну 

Нәжжардан  еді.  Олар  Әсәд  ибн  Зүрара  мен  Афраның 

екі  баласы  еді  (қалғандарының  есімдерін  айтпады). 

Расулаллаһ олардың қасына отырып, құдіретті Аллаһқа 

иман етуге үгіттеді, Құран оқыды. Олар айтылған сөзге 

илігіп, келесі жылы қайта кездесуге келісті. Бұл – бірін-

ші Ақаба. Екінші Ақаба содан кейін болды».

Үммі Сағыдтан: «Расулаллаһ Меккеде қанша уақыт 

болды?» – деп сұрадым. «Әбу Сырма Қайс ибн Әнәстің 

сөзін естіген жоқсың ба?» – деді. «Жоқ, білмеймін», – 

дедім. Сонда ол Әбу Сырманың мына өлеңін оқыды:



88

Сахабалар салған сара жол

«Құрайыштың ішінде он жылдан астам жүрді,

Қашан  адал  дос  тапса,  өз  ісін  түсіндірумен 

болды»


107

.

Зүхри  айтады:  «Мүшріктер  қысым  жасауды 



жиілеткен  кезде,  Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

 

көкесі Аббас ибн Абдулмұтталибке: «Көке! Құдіретті 



Аллаһ  өз  дініне  сондай  бір  қауыммен  көмектеседі, 

бұл қауым үшін Құрайышты бас идіру өте оңай. Қане, 

Укказ  жәрмеңкесіне  барайық,  маған  араб  тайпалары 

тұратын жерді көрсет, оларды Аллаһқа иман келтіруге 

шақырайын. Маған қолдау көрсетуін, мені қолдауларын 

сұрайын», – дейді. Аббас: «Мақұл. Сен Укказға бар, мен 

де  бірге  барайын,  саған  тайпалардың  тұратын  жерін 

көрсетейін», – дейді. 

Аллаһ расулы (с.а.с.) алдымен Сақиф тайпасына ат 

басын бұрды. Сосын біртіндеп басқа тайпаларды арала-

ды. Келесі жылы (ашық уағыздауға әмір алған жылы) 

Әус  пен  Хазраж  тайпасынан  алты  адаммен  танысты. 

Олар: Әсәд ибн Зүрара, Әбул-Хайсам ибн әт-Тәйихан, 

Абдуллаһ ибн Рауаха, Сағыд ибн Рәби, Нұғман ибн Ха-

риса және Убада ибн Самит еді. Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)

  бұл  топпен  Минада  Жәмра-Ақабаның  жа-

нында  кездесті.  Оларды  Аллаһқа  құлшылық  жасауға, 

нәбилер  мен  расулдар  арқылы  жіберген  дінге  қолдау 

көрсетуге  шақырды.  Олар  түскен  уахидан  оқып  бе-

руді сұрады. Пайғамбарымыз «Ибраһим» сүресін отыз 

бесінші аяттан бастап, соңына дейін оқыды. Бұл аяттың 

мағынасы мынадай еді: «Сол уақытта Ибраһим былай 

деген еді: «Уа, Раббым! Мына өңірді бейбіт те берекелі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет