Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


ПАйғАМбАРыМыЗдың бАЗАРлАРды



Pdf көрінісі
бет52/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

6. ПАйғАМбАРыМыЗдың бАЗАРлАРды 

ЖАғАлАП иСлАМды уАғыЗдАуы

Рабия  ибн  Уббад  былай  дейді:  «Мен  Аллаһтың 

расулын  «надандық  (жаһилия)  дәуірінде»  Зүл-Мәжаз 

базарынан көретінмін. Айналасына жиналған халыққа: 

«Ей,  адамдар!  «Лә  илаһа  иллаллаһ»  деңдер,  ақырет 

азабынан құтыласыңдар», – дейтін. Ал оның артынан 

ашық жүзді, көзі қыли, екі өрім шашы бар біреу қалмай 

еріп жүріп, «Бұл – өтірікші, айтқанына сенбеңдер» де-

108

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 1/533 (1525)




93

Аллаһ пен расулына шақыру

уден жағы талмайтын. Ізінен ерген кісінің Әбу Ләхаб 

екенін кейіннен білдім

109


Бұл  жайлы  басқа  бір  риуаятта:  «Аллаһ  расулы 

Әбу Ләхабтан бойын аулақ салғысы келсе де, ол оның 

қыр  соңынан  қалмайтын»  делінсе,  тағы  бір  хабарда: 

«Иін тірескен халықтан ине шаншар орын қалмайтын. 

Тоқтаусыз  сөйлеген  ондай  адамды  ешқашан  көрген 

емеспін»

110


 деп келеді.

Тарық ибн Абдуллаһ айтады: «Бір күні Зүл-мәжаз 

базарына барғанымда, қызыл шапанды бір кісінің: «Ей, 

адамдар! Лә илаһа иллаллаһ деп, ақыреттегі ауыр аза-

птан құтылыңдар» деп тұрғанын көрдім. Артынан еріп 

жүріп  оны  таспен  ұрып,  аяқтарын  қып-қызыл  қанға 

бояған  біреу:  «Ей,  халайық!  Ол  өтірікші,  айтқанына 

сенбеңдер!»  –  деп  жүр  екен.  Мен  мұның  себебін 

сұрағанымда, Хашимұлдарынан бір жас жігіт: «Мына 

кісі өзінің Аллаһтың пайғамбары екенін айтып жүр, ал 

ана адам оның көкесі – Абдул-Узза, яғни Әбу Ләхаб», 

– деді


111

Мәлік ибн Кинанаұлдарынан біреу мұны былайша 



баяндайды: «Зүл-мәжаз базарында Аллаһтың расулын 

көрдім,  ол:  «Ей,  адамдар!  Лә  илаһа  иллаллаһ  деңдер, 

ақыретте азапқа ұшырамайсыңдар», – деп жүрді, Әбу 

Жәһіл  болса  оған  топырақ  шашып:  «Бұл  сендерді 

діндеріңнен  тайдырмақшы.  Мұхаммед  тәңірлерің  Лат 

пен Узза пұттарын тәрк етулеріңді қалайды», – дейтін. 

Аллаһ расулы Әбу Жәһілге көз қиығын да салмайтын. 

Мен  оған:  «Аллаһтың  расулын  сипаттап  берші!» 

–  деп  өтінгенімде,  «Қызыл  шапан  киген,  орта  бойлы, 

109


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/41

110


 Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 6/20 (9834)

111


 Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 6/20 (9835)


94

Сахабалар салған сара жол

мығым денелі, жылы жүзді, қою қара шашты кісі», – 

деп жауап берді»

112






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет